Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу.
Оқу іс-әрекетінің түрі: Жаңа оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: 1. В дыбысы жөне оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, в дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып балалардың ойлау қабілетін,қиялын зейінін дамыту.Ойын арқылы ой –өрісін кеңейту.
3. Татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.ойын, ертегі ретінде.
Қолданылатын көрнекіліктер: В дыбысының баспа түрі,суреттер, ертегіге байланысты суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің барысы.
Мотивациялау
Іздену іс-әрекеті
Рефлексивті
коррекциялау.
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын ата.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-Балалар, мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
-Шалқан ертегісін кім айтып береді?
-Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.
-Біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер тапсырмаларды орындауларың керек.
Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау.
-Өткен оқу іс-әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық?
-Һ дыбысы қандай дыбыс?
-Һ дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
Сендер атаның тапсырмасын орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
---Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
Әженің тапсырмасы. Жұмбақ шешу.
Бір-бірімен қара үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп.
-Вагон сөзін буынға бөлу.
-Балалар мынау ненің суреті?
[pic]
-Ваза, Аквариум сөздерін буынға бөлу.
-Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
-В дыбысын бәріміз бірге айтайық.
-В дыбысы дауыссыз дыбыс.
-В дыбысы үш элементтен тұрады.
-В дыб. Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
Немересінің тапсырмасы. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
В дыбысы бар сөздер табу.
Иттің тапсырмасы. Әліппе-дәптермен жұмыс.
Әліппе-дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.
[pic]
-Ал,балалар в дыбысымен таныстық енді осыны дәптерге жазбас бұрын бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
Қолға қалам аламыз,
Әсем етіп жазамыз.
-Қолды ауада жаттықтыру.В әрпін жазу.
Мысықтың тапсырмасы. Мына суреттерге сөйлем құрау.
Ваза, Велосипед.
Тышқанның тапсырмасы. Сөздерді оқып, дыбыстық талдау жасау.
Ваза, Вагон.
Қорытынды.
-Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстыңдар?
-В дыбысы қандай дыбыс?
-Бүгін сендер қандай тапсырмалар орындадыңдар?
-Қанша тапсырма орындадыңдар?
-Кімнің тапсырмасын орындадыңдар?
-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Отбасында адамдар қандай болу керек?
Балалар, сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер.
Олар сендерге рақмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшаларды таратуды тапсырды.
Осылай достықта татулықта бір-бірімізге көмектесейік.
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Мектеп біздің бәріміздің,
Ең сүйікті үйіміз.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Жиһаз,Айдаһар,Қаһарман.
Вагон
Ва-гон
Ва-за
Ак-ва-ри-ум.
В дыбысы
В-В-В
Сөздер ойлап табады
ВА, ВЕ,ВО,
ВА-ГОН
ВОК-ЗАЛ
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
Қолға қалам аламыз,
Әсем етіп жазамыз.
Сөйлем құрайды
Дыбыстық талдау жасайды
В дыбысы мен әрпімен
В дауыссыз дыбыс