Приозерск қаласының «Балақай» КМҚК бөбекжайының
"Алтын күз"ертеңгілік
[pic] Ортаңғы "Балдырған" тобының тәрбиешісі: Түлек Е.Б.
Белтаева Г.И.
2016-2017ж.ж.
« Алтын күз»
Мақсаты: Күз жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, тақпақтар арқылы мерекемен құттықтау. Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету, таным белсенділігін арттыру. Күз мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Музыка ойналады, залға жүргізуші мен балалар кіреді.
Жүргізуші: Қарандаршы балалар, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен!
-Балалар, бізде бүгін қандай мереке?
-Әрине, бүгін бізде Алтын күз мерекесі.
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштардың селбіретіп.
Тойға бөлеп елімізді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Күз мезгілі - өте әдемі жыл мезгілі. Бақшадағы, ауладағы, ормандағы ағаштардың барлығы мерекеге сай киініп алған. Айналамызда неше түрлі .
жапырақтар.
-Балалар, мына жапырақтарды жел бізге алып келіпті. Жапырақтар өте көп екен. Сендер күзгі жапырақтар жайлы тақпақтар білесіндер ме?
Алтын нұрдай тамшылап, Гаухар
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Алтын, сары, қызыл, көк... Інжу
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Қыстың жақын қалғанын, Мадина
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап, Камила
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
Сап -сара маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып. Алихан
Как осенние грибы
Зонтики мы носим
Потому что на дворе
Наступила осень Ильяс
Жүргізуші: - Балалар, естіңдерші, бізге біреу келе жатқан сияқты.
-Қане, барлығымыз шапалақ соғайық.
Музыка ойналады, залға Бұлт келеді.
Бұлт: Мен күзгі көкпенбек бұлтпын. Өзім кішірек болғаныма қарамай, мен өте күштімін! Барлықтарына жаңбыр шашайын ба?
(Музыка ойналады, Бұлт жаңбырын шашады).
Жүргізуші: Бұлт, бұлт қояғой, жаңбырынды шашпая қой. Біз жаңбыр туралы ән білеміз. Сол әнді саған сыйлайық.
Ән «Күзгі жаңбыр».
Бұлт: Қандай қызық, әдемі ән екен. Рақмет балалар!Сендер маған ән сыйладындар, ал мен сендерге бір қызық ойын сыйлайын. Ойынның аты «Қолшатыр».
Ойын шарты:Сендер екі топқа бөлінесіндер, әр топқа бір қолшатыр беріледі. Мен сендерге жаңбыр жауды деймін. Ал сен өздерінің қолшатырларына тығылып қалуларын керексіндер. Қай топ жылдам және бірінші тығылса сол жеңіске жетеді.
Бұлт: Өте қызық болды! Сендер өздерін тез, жылдам екенсіңдер.
-Балалар сендерге біреу жетіспейтін сияқты өзі? Ол кім екен?
Жүргізуші: Балалар, бізге күн жетіспейді.
Музыка ойналады, залға Күн кіреді.
Күн: Сәлем балалар! Мен де келіп қалдым.
Мені барлықтарын танисыңдар!
Мені барлықтарын сыйлайсыңдар!
Мен сендерге өте қажетпін ғой, балалар?
Балалар: Иә!
Бұлт: Күн, күн қарашы маған.(Айналады).
Менің ішімде су. Ал су сендердің барлықтарына өте қажет. Сондықтан мен сендерге өте қажетпін!
(Бұлт пен Күн бір-бірімен айтысады).
Жүргізуші: Болды, болды ұрыспандар. Сендер одан да менің балаларымның биін тамашала.
«Арам-зам-зам» биі.
Күн: Жарайсыңдар, балалар.
Биді жақсы билейді екенсіндер.
Жүргізуші: Барлығы жақсы болса, онда мерекемізді жалғастырайық.
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар антұрған. Ол не?
Балалар: Саңырауқұлақ.
(Күн мен бұлт жерге саңырауқұлақтарды қойып шығады).
Бұлт: Қараңдаршы балалар, мына саңырауқұлақтарға. Өздері қандай керемет!
Күн: Міні саңырауқұлақтар, міні себеттер. Енді балалар не істейміз?
Балалар: Ойын ойнаймыз.
Ойын «Саңырауқұлақтар жинау».
Ойын шарты: Екі шеңбердің ішінде саңырауқұлақтар болады, қарама қарсы орындықтың үстінде себет тұрады.Балалар бір – бір саңырауқұлақтарды алып себетке салады.
Бұлт: Қызық ойын болды. Саңырауқұлақтарды жинап болдық.
Жүргізуші: Бұлт біздің балалар саған би дайындап қойды көргін келе ме?
Бұлт: Иә.
"Саңырауқұлақтар" биі.
Күн: Онда, балалар қоштасатын кез келді. Сау болыңдар балалар!
(Музыка ойналады, күн мен Бұлт залдан шығып кетеді).
Жүргізуші: Балалар, бізге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
(Музыка ойналады, Қоян келеді).
Жүргізуші: Бұл қорқақ қоян ғой.
Қоян: (Қорқып) Сәлем балалар! Жүгіріп, жүгіріп шаршап кеттім ғой. Қасқырдан әрен қашып құтылдым ғой өзім.
Жүргізуші: Қоян демал енді. Ештенеден қорықпа. Саған сенің сүйікті тағамынын бірі қырыққабат туралы тақпақ айтып берейік.
Бақшаларда тізіліп Руслан
Қаперсіз ол жатады.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атанды.
Қоян: Қандай тәтті тақпақ! Маған мерекеге қырыққабат дайындап қойған шығарсындар?
Жүргізуші: Әрине, Қоян.
Қоян: Қайда енді қырыққабат? Оң жағымда жоқ, сол жағымда жоқ...
Жүргізуші: Сен оны іздеп тауып ал. Біздің саған айтар бір кеңесіміз бар.
Қоян: Тезірек айтындаршы. Менің қарным ашып тұр.
Жүргізуші: Жақсы, онда мұқият тында. Сен көзінді жұмып, оны іздейсін. Біз саған көмек ретінде шапалақ соғамыз. Егер сен қырыққабаттың жанына келіп қалсан біз қатты шапалақ соғамыз, ал қашыққа кетіп қалсан біз ақырын шапалақ соғамыз. Түсіндің бе?
Қоян: Түсіндім, түсіндім. Өте оңай екен ғой. Мен қырыққабатты тез тауып аламын.
Ойын «Қатты-қатты - ақырын».
Қоян қырыққабатты тауып алып: өзі қандай дәмді.
Жүргізуші: Қырыққабатты тауып алдын, енді ол сенікі.
Қоян: Рақмет, балақайлар. Тезірек үйіме қайтайын, қырыққабатты бәріне көрсетіп мақтанайын. Сау болындар!
(Қоян шығып кетеді).
Жүргізуші: Балалар, бізге бүгін мерекеге Бұлт келді, Күн келді және Қоян да келді. Ал Күз ханшайымы әлі келген жоқ.
-Балалар күз туралы тақпақ айтып көрейікші, мүмкін тақпақтарды естіп, бізге келер.
Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі. Сара
Қуандырып бәздерді
Кел жемістьі алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелдейсін халқымыз Нұрбол
Жеміс мол теретін
Күс дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген Мерей
Наступила осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золотом горят Тимур
Ой балалар, балалар. Бахтыгуль
Қоңырқай күз келді.
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
Сап сары түс әні, Нұржан
Алтын күз түнді.
Сары күз сарғая
Жапырақ айнала.
Жел тынымсыз гуілдеп, Аделия
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
Жапырақ ұшты, Аэлита
Суық та түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Ұшты талдан жапырақ, Мансур
Сары көбелек секілді.
Аспанға жай шарықтап,
Тамшы жерге төгеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мен туралы тақпақ айтып жатырсыңдар ма? Міне, мен де сендердің әдемі күз туралы тақпақтарынды естіп, келіп қалдым. Алтын күз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымы демала тұр шаршаған шығарсын.Біз сен келеді деп қыздарым би дайындап қойды.
Би «Көңілді қыздар»
Күз: Жарайсыңдар балалар.
(Музыка ойналады, залға Тышқан келеді).
Тышқан: Сәлем балалар! Қыздар мен ұлдар!
Осы балабақшаның жанынан жүгіріп келе жатыр едім, бір дауыстар естілді. Сендерде не қызық болып жатыр, қандай мерекені тойлап отырсыңдар?
Балалар: Алтын күз мерекесін!
Күз: Кел, жоғары шық Тышқан. Бізбен бірге көңіл көтер. Менің қыздарым әдемі өлең айтып береді.Сен оны тында.
Ән: «Листик листик листопад»
Тышқан: -Балалар менімен бірге ойын ойнағыларын келе ме?
Балалар: -Иә.
Тышқан: Онда балалар «Шалқан» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: Балалар шеңберге тұрады. Бір бала «шалқан», екінші бала «тышқан» болады. «Шалқан» шеңбердің ішінде тұрады, ал «тышқан» сыртында тұрады. Балалар қол ұстасып, айналып ән айтады:
Шалқан, шалқан өсе ғой,
Үлкен болып өсе ғой.
Балалар әнді айтып болған сон қолдарын көтереді. «Шалқан» қашады, ал «тышқан» оны қуады.
Күз: -Балалар, енді көздерінді жұмындар.
(Осы кезде залға үлкен қолдан жасалған шалқанды көтеріп әкеледі.
-Бір, екі, үш көзімізді ашамыз.
Тышқан: Қандай үлкен, керемет шалқан!
(Қарның сипап) Мен мына шалқанды жегім келіп тұр- дейді.
Күз: Қоя тұр, тышқан. Балалар да шалқанды жақсы көреді солай ма балалар?
-Бірақ бұл шалқан жәй ғана шалқан емес. Қане, балалар оны тартып шығарып көрейік.
(Күз шалқаннан ұстайды, ал балалар Күздің артына қатар-қатар тұрады).
Күз бен балалар: Бір тартамыз, екі тартамыз, шығара алмаймыз - 2 рет
Көмек бермей тұрсын? Кәне, балалар, тышқанды көмекке шақырайық.
Тышқан балаларға қосылады.
Барлығы: Бір тарттық, екі тарттық шығарып алдық!
Күз: -Жарайсыңдар балалар, біз өзіміз қандай мықтымыз.
Көңілді музыка ойналады, барлығы шапалақ соғады.
Осы кезде шалқаннан алмалар жерге шашылып түседі.
Тышқан: Қандай керемет! Балалар мына алмалар қайдан шықты?
Балалар: Шалқаннан.
Күз: Біздің шалқан қандай сиқырлы! Балаларға алма сыйға тартты.
Көңілді музыка ойналады, алмаларды балаларға таратады.
Тышқан: Бүгін өте қызық, ғажап, көңілді мереке болды ғой өзі!
Күз: Біздің де қоштасатын уақыт келді.
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
Балалар: Сау болындар!
Музыка ойналады, Күз бен Тышқан шығып кетеді.
Жүргізуші: Сонымен, балалар, күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Рахмет!