Технологическая карта үй құстары Тауық әтеш балапан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


48 «Мұрагер» Бөбекжайы

Әдіскері: Т.Ж.Еркегалиева.

Тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


«Балапан» I кіші тобы

Бөлімі: Таным.

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру,құрастыру

Тақырыбы:  «Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан»

Мақсаты: Балаларға үй құстар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. 

Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін

жетілдіру. Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор

болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу. 

Қажетті құрал-жабдықтар: үй құстарының суреттері тауық,әтеш,балапан жұмыртқаның суреті. 

Қостілдік білім: Тауық –курыца,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су

вода. 

Іс-әрекет

кезеңдері

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Тауық балапанын іздеп жүрді




Ұйымдастырушы-

лық ізденіс кезеңі

Балаларға үнтаспадан үй құстарының дыбысын тыңдату. 
-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
 
-Иә,балалар,үй құстарының дауысы екен.
 
-Дұрыс,тауық,әтеш,қаз,үйрек,балапан және т.б.Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?
 
Суретпен жұмыс.
 
-Балалар,үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық-ең көп тұрған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
 
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
 
-Балапанның түсі қандай?
 
-Тауықтарға жем,су береміз.
 
Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.
 
Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншықты тауықты көрсету)жүні майда,айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.
 
Үй құстары қалай дыбыстайды?
 
Сергіту сәті:
 


Үлестірмелі материалмен жұмыс.
 
Шарты: суреттегі салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.
 
Дидактикалық ойын: «Артығын тап»
 
Шарты: суреттен үй құстарын атап,артығын табу.
 
Билингвалдық компоненті: Тауық –куры,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
 
Балалар тыңдайды. Олардың жауаптары тыңдалады. 





Балалар құстардың аттарын атап қайталайды. 




Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды. 


-Балапан. 
-сары (суретке қарап атайды) 



Балалар үй құстарының дауысын салады. 

-Қыт-қыт. 
-Ку-ка-ре-ку. 



Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды. 

Балалар тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.
 
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
 

Тауық –куры,әтеш-петух, балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.


Рефлексиялық түзетушілік

 Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетінде оқып үйренгенін пысықтайды. Балалар жауап береді. 
-Мен құстарды жақсы көремін,мен жем,су беремін т.б.
 



Күтілетін нәтиже:

Нені білді:үй құстары мен дала құстарын,олардың аттарын,түстерін ажырата біледі. 
Қандай түсініктерді игерді:тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.
 
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді меңгереді. 

Қандай түсініктерді игерді:тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.