«Тәуелсіз елдің ұланымыз».
Мақсаты:
1.Балаларға Отан,тәуелсіз Қазақстанымыз туралы жалпы мағлұмат беру.
2.Сөздік қорларын,балалардың Қазақстан туралы алған білімдерін дамыту.
3.Отанымызды,туған жерімізді сүюге,еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.
Балалар «Сарыарқа» күнімен залға ту ұстап кіреді.
Жүргізуші:Құрметті балалар,қонақтар!Бүгін біз салтанатты мерекеміз 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнін атап өткелі жатырмыз. Еліміз егемендік алып,санамыз қатты жаңғырды.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын,аспанымыз ашық болып,еліміз,жеріміз аман болсын.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын.
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына жиналады.Жұмсақ матадан тігілген жүректі әр бала өз кеудесіне төсей отырып,Отанға,туған жерге,отбасына деген сүйіспеншілігін білдіреді.
-Мен балабақшамды сүйемін!
-Мен тобымды сүйемін!
-Мен достарымды сүйемін!
-Мен туған жерімді сүйемін!
-Мен елімді сүйемін!
Барлығы бірге:
Жас ұланымын елімнің,
Болам ұл-қыз зор әлі.
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.
(туды жинап алу керек)
Жүргізуші: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сезім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Назерке: Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным.
Бір өзінсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.
Тәуелсіздік-Сәбиімнің күлкісі.
Тәуелсіздік-ақ батасы атамның.
Нығмет: Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Атамменен барған күн.
Амина: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандықтар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Бейбарыс: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерекесі тосаған.
Қазақ деген халық-жүріп,
Бәрін кешті басынан.
Жүргізуші: Балалар Қазақстан Республикасы біздің сүйікті де ортақ Отанымыз. Бас ұранымыз,көгілдір туымыз,болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз. Ту,Елтаңба туралы түсінік беріледі.
Балалар жарты шеңберге тұрып «Отан» әнін орындайды.
Жүргізуші:Балалар Тәуелсіздік мерекесін қызықты өткізу үшін ертегілер елінен келе жатқан қонағымыз бар. Міне, өзі де жетіп қалған сияқты.
Залға әуенмен қимыл-қозғалыс жасап екі аяғына тас байлаған желаяқ кіреді.
Желаяқ: Сәлеметсіздерме, балалар! Мен жеті алып ертегісінен келген желаяқпын, аяғым жүргісі келіп тыныш таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма қазандай тас байлап келдім.
Жүргізуші: Жүгіре, жүгіре шаршаған шығарсыз, мерекемізді тамашалаңыз.
Желаяқ: Жоқ, мен шаршаған жоқпын. Мен балалармен бір ойын ойнайын.
Ойынымның аты: «Бәйге». Балаларды екі топқа бөліп, жарыстыру. Өзім сондай жылдам жүйрік болған соң, сендердің де мен сияқты болғандарынды қалаймын. Балаларға ойынның шартын түсіндіреді.
Жүргізуші: Желаяқ, сенің аяғың шаршаған болар. Қазандай екі тасты шешіп қой.
Желаяқ: Отырып аяғындағы тасты шешеді. Ой-ой, бекер шештім тасты. Аяқтарым бір жерде тұрмайды екен ғой. Залдан жүгіріп шығып кетеді.
Жүргізуші: Желаяқ жүгіріп, жүгіріп ертегілер еліне жетер. Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Ал енді балалар елімізді қорғайтын нағыз қаһарман сендерсіңдер.
Келген қонақтарымыз батырлар биін тамашалайық.
Ұлдар биі: «Батырлар».
Жүргізуші: Музыка әуенімен өлеңнің сөзі оқылады.
Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт келер мұхит келер шыңы.
Қанат
Көгершін залды айнала жүгіріп, қолындағы шарлармен тақпақ айтады.
Мәпелейді баптайды,
Мендей аппақ ақ құсты.
Бейбітшілік құсы деп
Барлық адам мақтайды.
Жүргізуші: Балалар көгершін-бейбітшілік құсы.
Көгершіннің әкелген шарларында бейбітшілік сөздері жазылыпты. Біз осындай әдемі сөздерге мақал-мәтел айтайық.
Әрбір шарға жазылған сөздер: бірлік, ел, жер,Отан,тіл, туған жер.
1-бала: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
2-бала: Ел ердің анасы, отан елдің анасы.
3-бала: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
4-бала: Отан оттан да ыстық.
5-бала: Тіл қылыштан да өткір.
6-бала: Туған жер алтын бесік.
Балалар жарты шеңбер жасап, көгершінді ортаға алып, тұрады.
Жүргізуші: Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз, баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді «Отан» әнімен аяқтаймыз.
Ән: «Отан».
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қазақстан Респібликасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасы;
Түсінеді: Елімізді сүйіп, құрметтеу керек екенін;
Жасай алады: Отан туралы тақпақтар, мақал-мәтел айта біледі.