Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Ойыншық түрлері
Мақсаты: ойыншық түрлері туралы түсінік беру, ойыншықтардың әртүрлі материалдардан жасалатыны туралы түсініктерін кеңейту, сапасымен таныстыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: темір, ағаш, пластмасса, жұмсақ және түрлі ұсақ ойыншықтар, қапшық, сөрелер, әдемі сандық, қорапша.
Билингвалды компонент: ойыншық – игрушка, дүкен – магазин, сатушы – продавец.
Балаларға Айшадан келген хатты көрсетіп, оқып береді. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазақстанда әдемі ойыншықтар шығарылатынын естігенмін. Сендерде жұмсақ, қатты, темір ойыншықтар бар ма? Маған сол ойыншықтардың суретін жіберсеңдер, риза болар едім».
Балалар Айшаға көмектесеміз бе?
Түрлі ойыншықтарды қайдан табуға болады?
Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады.
Ойыншық дүкеніне баруға ұсыныс жасайды.
Айшаның хатын тыңдайды.
Айшаға көмектесуге қуана келіседі.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздестіру
Үнтаспа қосылып, мәшиненің даусы шығады. Балаларды алдын ала жасалып қойған топтың ойын бұрышына алып барады.
«Есіңе сақта» дидактикалық жаттығуы.
Көпшілік орында өзін қалай ұстау керек екендігі ескертіледі.
Көпшілік жерде тәртіп сақта.
Рұқсатсыз ешнәрсе алма.
Даусыңды қатты шығарма.
Бөтен адамға жақындама.
Өлең тыңдаймыз
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін,
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін.
«Дүкенде» ойыны
Топтың бір бөлігінде ойыншық дүкені жасалып, безендірілген. 3 – 4 сөреге түрлі түсті ойыншықтар орналасқан. Тәрбиеші дүкеншінің киімін киіп, өзі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысын жалғастырады.
Балалар сендер супермаркетің ойыншық бөліміне келдіңдер. Бұл бөлімінде неше түрлі ойыншықтар бар. Әр сөреде ойыншықтар топтасып тұр:
Жұмсақ ойыншықтар: қоян, қонжық, керік, тиін, піл.
Резеңке ойыншықтар: доп, балық, жылан, тасбақа, сиыр.
Әр қатардағы ойыншықтар туралы айтқан сайын балаларға үстатады. Қандай екенін сұрайды.
Балалар, неше сөреге жақындап, ойыншықтарды көрдік? Әр сөреде қанша ойыншық тізіліп тұр?
Үнтаспа қосылып, мәшиненің даусы шығады.Балалар «Оқу орталығына» қайтады.
Сергіту жаттығуы
Күшік, мысық, балапан
Қуыршағым балапан,
Қане, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
«Артығын тап» дидактикалық ойыны.
Үстел үстінде түрлі ойыншықтар тұрады:
-Жұмсақ ойыншықтардың арасында бір резеңке ойыншық.
- Резеңке ойыншықтың арасында бір жұмсақ ойыншық т.б.
Балаларға қатардағы артық ойыншықты тауып, түсіндіру керектігін айтады.
Шығармашылық сәт.
Балаларды «Шығармашылық орталығына» алып барып «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында сурет салуға тапсырма беріледі.
Салған суреттерін Айшаға жіберу үшін қорапқа салынады.
Тәрбиешімен бірге дүкенге алдын ала дайындалған топтың басқа шетіне топсеруенге барады.
Ережелерді қайталап айтады.
Өлеңді тыңдайды.
Дүкенді тамашалайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Әр сөредегі ойыншықтарды тамашалайды.Ұстап көреді.Сипаттама береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқу орталығына қайтады.
Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Ойын ережесін түсініп алады.
Артық ойыншықты тауып алып тастайды, түсіндіреді.
Қалаған ойыншықтарының суретін салады.
Рефлексивті - түзетушілік
«Ыстық доп» ойыны арқылы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті қорытындыланады.
Балаларды мадақтау.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ойыншықтардың әртүрлі материалдардан жасалатынын.
Нені игереді: ойыншықтарды сипаттай отырып, оның құрылымын.
Нені біледі: ұқыпты, жинақы болуды, ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.