«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры: _______ Абеев С. Е. Оқу ісінің меңгерушісі:_______
Байжуманова А.С.
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің
«Ботақан» шағын орталығы
«Мектепке дейінгі мекемелерде балалармен жоба технологиясын қолдану»
«Қарлығаш» ересектер тобы
Тәрбиеші: Егинбаева З.А.
Қорғалжын ауданы, Сабынды аулы - 2015 жыл
Тәрбиеші, балалар және ата – аналармен бірігіп жасаған жобаны презентациялау.
Тақырыбы: 4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні
Мақсаты: Балалардың Қазақсатн Республика туралы білімдерін кеңейту жіне болашақта ел азаматы атына лайықты тәрбиелеу. Еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Елбасымыздың балалық шағы туралы таныстыру.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: Қазақстан, Астана, рәміздер, Отан туралы тақпақ, Әнұран және Астана әнін жаттау. Рәміздер жайында әңгімелесу. Макет жасау (ата – аналармен жұмыс)
Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Жарты шенбер болып тұрады.
Тәрбиеші:
Қол ұстасып тұрайық
Шеттық шеңбер құрайық
Мен Отанды сүйемін
Сенде Отанды сүйесің
Мен анамды сүйемін
Сенде анаңды сүйесің
Мен әкемді сүйемін
Сенде әкеңді сүйесін
Көтеріп бір көңілді
Шаттықпенен күлейік
Дос, бауыр боп бәріміз
Тату тәтті жүрейік.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сабағымыз ерекше болмақ.Бүгінгі оқу іс – әрекетінің тақырыбы: 4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні. Бүгін мен сендердің бүгінге дейінгі Қазақстан Республикасың рәміздері жайында не үйренгендеріңді, білгендеріңді сұраймын:
Балалар, біздің Республикамыз қалай аталыды?
Егенменді, тәуелсіз Республика.
Елімізді астанасы қандай қала?
Республиканың қандай рәміздерін білесіндер?
1-бала: ашық аспандай көгілдір туымыз.
2-бала: айбынды Елтңбамыз бар.
3-бала: Мағыналы Гимніміз.
4-бала: Елбасы, тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев
Тәрбиеші:
Жеке ,ғылыми жоба Қазақстан мемлекетінің рәмізі: Ту.(Батешова Нұрай)
Биік болсын шоқтығын,
Атауды айтам ән қылып,
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік.
Жеке ,ғылыми жоба Қазақстан мемлекетінің рәмізі:Елтаңба.(Төлеутай Аспандияр)
ЕЛтаңбасы елімнің
Ортасында шанырақ
Көпкерген оны қос пырақ
Төбесінде жұлдызы
Тұр ғой әне жарқырап.
Жеке ,ғылыми жоба Қазақстан мемлекетінің рәмізі: Әнұран.(Ильембаева Арай)
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраным.
Шеңгерге тұрып тілек айту:
Көк туымыз биік болсын!
Елбасымыз аман болсын!
Әрқашан күн сөнбесін!
Отанымыз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқын болсын!