Такырыбы: «Құстар әлемі»
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар: Сәлем,сәлем басым
Сәлем,сәлем бетім
Сәлем,сәлем тісім
Сәлем,сәлем балалар
Сәлем,сәлем апайлар!
Тәрбиеші : Мына үйшік кімдікі екен?
Бүл үйде кім тұрады екен?
Әппақ мамық жүні бар
Қып -қызыл айдары бар
Бұл кім болғаны?-деп балалармен үйшіктің
қасына келеміз
Балалар: Ол әтеш, әтеш.
Тәрбиеш: Балалар әтеш үйінен шығу үшін жаттап келген такпақтарынды айтайықшы
.
Адина: Әтеш тұрып азанда
Оятады әдеппен.
Данияр: Әжем шайын әзірлеп
Әкем жұмыс қамында.
Наиля: Әрекеті баршанын
Басталады осылай
Шахсанам: Ерте тұрған әр жанның
Несібесі осындай.
Айым : Әтеш айбарлы,
Әдемі айдары.
Ермахан: Әтеш кірсе,тамақ көп,
Азық астық мол болады!
Тәрбиеші:Балалар әтешімізге көмек керек.
Ендеше мед.бике апайымыз Аида апайымызды
шақырайық!
Аида апай: Көрдіндерме балалар су ішуге
болмайды.Жаңбырда далаға шығуға болмайды!
Енді әтешке дәрі берейін!
Тәрбиеші:Міне балалар әтешіміз жазылды.
азанды өзі шақыратын болды.
Әтеш: Мен енді жазылдым
Маған көмектескендеріңе рахмет!
Енді мен жұмысқа шығамын.
Қуана,қуана азан шақырамын.
Сендерді де оятамын.
Тәрбиеші:Міне алтын жұмыртқа!
Онын ішінде кім бар екен?
(Пи-пи деп дауыс шығарады)
Естіп тұрсыңдарма? Оның ішінде біреу бар
(Пи-пи)
Балалар жұмыртқаны ашады.
Тәрбиеші: -Қараңдаршы балалар қандай сүйкімді , қандай әдемі әкесінеде, анасынада ұқсамайды. Неліктен?
Балалар: Ол әлі ақ .
Тәрбиеші: Балапан қандай түсті болу керек?
Балалар : Сары
Тәрбиеші: -Иә дұрыс . Неліктен ақ білесіңдерме?
Балалар: Күн сәулесі түспеген үшін.
Тәрбиеші: Күнді шақырайық.
Балалар : Күн,күн-дейді.
Диана: Бізге күн сәулесін қатты қыздыршы,аямай
қыздыршы.
Аида апай мен Күн шығады.
Аида апай: Балалар күн бізге не үшін керек білесіңдерме ?
Бізге күн сәулесінен дәрумен бөлінеді.Біз күннен нәр аламыз.
Балапан сары түске айналады
Тәрбиеші: Келіңдер балапандарым сендедің аналарың болайын.
Менің артымнан еріңдер.
Жасыл шөп жейік.
Ко-Ко-ко
Алысқа бармаңдар
Су ішіңдер
Дән тауып жеңдер.
Киндер- сюрприз беремін.
Енді сендермен ән айтып би билейік.
«Шөжелерім» биін билейік.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз кімге көмектестік?
Кімді емдедік ?
Балапан қандай түсті болды?
Сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар.