Тәрбие сабағының тақырыбы: Кішіпейілдік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Барақ батыр негізгі орта мектебі.

Шағын орталық.







Кішіпейілділік.

[pic]

Тәрбие сағаты











Тәрбиеші:Егізбаева Динар Асылбековн

Мақсаты: Балаларға адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді үйрету, әдеп әліппесінің кілтін және кішіпейілділік қасиеттерді бойына сіңіру.
Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктері: Кішіпейілділікке байланысты суреттер, нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрініс. Сабақтың барысы:
- Бүгінгі біздің тәрбиелік сабағымыз ерекше себебі бізге қонақтар келді.Келген қонақтарды қалай қарсы алушы едік?
Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасады.

Шаттық шеңбері:
- Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, Апайлар?!
[pic]

-Бүгін қонақтарымызға біздің сый - құрметіміз, ол сендердің сабақты мұқият тыңдап, тыныш отырып, білімдеріңді артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсете білсеңдер, қонақтарды дұрыстап күтіп сыйлай білгеніміз.
Тәрбиеші: Келіңіз,төрлетіңіз,

Үлкенге де -«сіз»,кішіге де - «сіз»

Құрметтейміз біз.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.- деп ақын атамыз жырлағандай өзімізді таныстырамыз.
- Сәлеметсіздер ме?
- Сәлем сөздің анасы.
- Армысыздар, құрметті қонақтар?
- Алдарыңызда «Қарлығаш» тобының балалары.
-Ал балалар сендер «кішіпейіл» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Кішіпейіл адам қандай болады?
Балалардың жауаптары.
Ойын: «Жалғастыр».
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Балабақшаға кешігуге болмайды.
- Кішкене балаларды ұруға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкенді сыйлау керек.
- Үлкенге сәлем беру керек.
- Тәртіпті болу керек.
Біздің балалар кішіпейілділік, әдептілік туралы тақпақтарын айтады:

Қаламқас:
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Еркеназ: Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

[pic]
Нұрзат: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

Ершат: Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Дильназ: Өзгелерден өзімді
Санамайтын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Ән: «Қошақаным»

[pic]

-Қане,балалар қонақтарымызбен кішіпейілділік жайлы әңгімелесіп ой бөлісейік.
Біздің аталарымыз өз ойын тұжырымдап, ой қорытындысын мақал - мәтел арқылы жеткізген.
Ал, енді бізде сабағымыздың қорытындысын мақал - мәтел арқылы жеткізейікші.
Кішіпейілділік жайлы мақал - мәтелдер.
Ерке:
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

Ақбота: Әдепті бала жол сілтейді
Әдепсіз бала қол сілтейді.

Арна:

Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

Нұрзат:Кішіпейіл болғаннан
Кішірейіп кетпейсің.






«Жеті лақ» ертегісін сахналау.

[pic]



Қаламқас: Анам маған: «Үлкенді сыйла» деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кемшілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.

[pic]
-Алтын уақыттарын бөліп біздің тәрбие сағатымызда өз ойларымен бөліскен Зибагүл апайымызға және Қарлығаш апайымызға көп-көп рахмет айтамыз.

- Бүгінгі тәрбие сабағымыздан не үйрендік?
-Не білдік?

-Кішіпейіл бала қандай болады?

-Сендерге тәрбие сағаты ұнадыма?
Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Әрқашан кішіпейіл, әдепті, ақылды болып жүріңдер. Үлкендердің айтқанын тыңдаңдар.