Сабақ жоспары Көркем әдебиет пәні бойынша Төлдер айтысы тақырыбында (мектепалды даярлық)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 14.04.16ж

Уақыты: 3 сабақ(10:20)

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Балалар көркем әдебиеті

Тақырыбы: «Төлдер айтысы».

Мақсаты:

  1. Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету. Адамзатқа тигізетін пайдасы туралы олардан алынатын өнімдер жайлы мағлұмат беру.

  2. Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу, қабілеттерін арттыру.

  3. Үй жануарларын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар, карточкалар.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, тіл дамыту.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІ. Ұйымдастырылған іс-әрекеті.

1. Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген. Сондықтан көптеген мақал-мәтелдер, жұмбақ, өлеңдер, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер айтып кеткен.

-Төрт түлік малға нелер жатады? Айта қойыңдаршы. (Сйыр, түйе, жылқы, қой, ешкі). Олардың төлдері қалай аталады? (бұзау, бота, құлын, қозы, лақ).

  • Бұл жануарларды не себепті үй жануарлары деп атаған? (себебі олар үй маңында ұстап, адамдар күтіп-баптайды).

Бүгін біздің сабағымызға Қаңбақ шал келіпті. Оның кім екенін барлығымыз білеміз, иә. Ол сендердің бүгінгі білімдеріңді сынамақшы, өзімен тапсырмалар да алып келіпті.

Қараңдаршы, Қаңбақ шалдың жанында Сиқырлы сандығы бар екен. Сандықтың ішіне жануарларды қамап қойыпты. Сиқырлы сандықта жасырылған үй жануарларын босату үшін олар туралы тақпақтар айту қажет.


2. «Сиқырлы сандық» ойыны.

  1. Дайана: Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

  1. Айзере: Ең зор түлік - түйемін

Тікенді шөпті сүемін

Пайдалансаң, сүтім шұбатым

Дертке дауа жанға қуат .

  1. Дильназ: Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген

Ірімшік пенен құрт майы

Жегенде тілді үйірген

  1. Бекарыс: Ақ бұзауым ұнайды

Мө мө деп сүт сұрайды

Ақ бұзауды бағамын

Апамнан алғыс аламын

  1. Ералы: Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным өзің деп

  1. Аружан: «Құлдыр – құлдыр құлыншақ

Жібек жолды құлыншақ

Жүйріктігі құйындай

Құлыншақты мін де шап

  1. Жанар: Айналайын ботам

Қандай күлте жотаң

Табандарың жалпақ

Теріп жейсің жантақ

- жақсы балалар, біз барлық жануарларды босаттық. Олай болса,

2. Төлдер жайлы көптеген ертегілер бар, соның ішінде «Төлдер айтысы» ертегісін оқып берейін.

Ертегі жайлы сұрақ-жауап. Ертегі не туралы екен? Адамға қай жануар көбірек керек?

Ертегіні сахналау.

  • Олай болса, ертегіні қойып көрейік, кәне! Кім лақ ,қозы, құлын, бота, бұзау болғысы келеді, қай топ жақсы  түсінді екен? ( ертегі желісімен қойылым көрсету.)

3. «Ол қалай дыбыстайды» ойыны.

Әр топ өз төлінің дыбысын танып қолындағы суреттерін көтеру арқылы дыбысын анықтау.

4.Сегіту сәті. «Қошақаным» әнін орындау.

5. «Ойлан тап!» ойыны жасырылған жұмбақтардың шешімін табу.

- Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

-Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (Қозы)

-Секең-секең жүреді

Қойларды ол сүзеді (Лақ)

-Қанша құйып алсаңда

Сарқылмайды сүт қаймақ (Сиыр)

«Төлін тап» дидактикалық ойыны:

Берілген суреттерді пайдаланып үй жануарларымен төлдерін біріктіру.

Қорытынды.

Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болды? -Балалар,үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар? Оларды күтіп баптау үшін біз не істейміз? Оларға уақтылы жем-шөбін беріп, қорасын тазалап отыру қажет. Әрбір үй жануарларының өз пірлері болады. Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.






8. Марапаттау. (Смайликтер)


Білу керек: үй жануарлары, төлдері, олардың пайдасын, қажеттілігі туралы түсінігі болу.

Істей алу керек: уй жануарлары мен төлдерін атай алу, дыбыстауларын білу.