Ашық сабақ Алтын күз сыйы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алтын күз сыйы»
/ертеңгілік/
Мақсаты: Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу
(сынып іші мерекеге сай безендіріледі, шарлар, қанатты сөздер т. б күзге байланысты әуен қойылып тұрады)
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде жер бетінде үш еңбекқор қария өмір сүріпті. Оның бірі өзінің жеміс бағына түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, баптап өсіріп, піскен жемістерімен елін асырап келе жатқан Бағбан ата болса, енді бірі қолынан кетпенін тастамаған жер жыртып дән сеуіп, күндіз - түні тыным көрмейтін Диқан ата екен. Ал үшіншісі өз үйінің жанына үлкен бау - бақша салып көкөністің түр - түрін өсіріп, арам шөбін жұлып, түбін қопсытып, суарып тыным көрмейтін Жомарт ата болыпты. Үш қария тынымсыз еңбек ете жүріп жаздың қалай өткенін білмей қалыпты. Бір күні үш қария бір жерде кездесіп қалыпты.
Бағбан ата: Ассалаумағалейкум, құрдастар! Еткен еңбек, төккен тердің жемісін көретін күнге де жетіппіз. Олай болса үшеуміздің қайсысымыз көп еңбек еттік деп ойлайсыңдар? Ел - жұрт қайсымызға көбірек құрмет көрсетер екен а?!
Диқан ата: Әрине маған. Өйткені мен ала жаздай бел жазбай дәнді дақылдардың түр - түрін жайқалттым. Ел қамбасын толтырып, астығын ұн етіп, тары, күріш, жүгерісі мен күнбағыстарын жинап қысқа дайындалып қойды, қарындары тоқ, қайғылары жоқ. Сондықтан маған көбірек құрмет көрсетеді.
Жомарт ата: Жоқ, құрдастар, босқа даурықпаңдар! Сендер еңбек етіп тер төксеңдер мен де қарап қалған жоқпын Мына отырған елдің бәрінің қыстық қоймасын картоп, қызанақ, қызылша, қырыққабатқа толтырдым. Сәбіз, қиярларымнан түрлі салаттар жауып алды, олай болса, маған көбірек құрмет болуға тиіс.
Бағбан ата: Ал мен сонда бос отырды деп пе едіңдер. Мен де жеміс бағымда жемістердің түр - түрін өсіріп, түрлі тосаптар қайнатып алуға көмектестім. Иісі сонадайдан аңқып мұрын жаратын тәтті жемістерімді кішкентай бүлдіршіндер тұр ғой үлкендер тамсана жейді. Сондықтан сый - құрмет маған лайықты.
2. Жүргізуші:
Үш қария осылайша дауласып жатқанда сап - сары алтындай жапырақтарымен жер жаһанға алтын көрпесін жая Алтын Күз келіп жетеді.
Алтын күз: Армысыздар дархан елім! Мен сары алтындай алтын күз болам. Сары желегімді жамылып, сары шапанымды киініп сар даламды аралап сағынып жеттім ортаңа. Жер бетін аралап жүріп жайқалып өскен
Диқан атаның дәнді дақылдарын, Жомарт атаның түрлі көкөніспен жайқалған бақша бауын, Бағбан атаның исі мұрынды жаратын жеміс бағын көріп қатты қуандым. Армысыздар, аталар! Сіздерге еткен еңбек, төккен терлеріңіз үшін басымды иемін. Үшеуіңіз де үлкен құрметке лайықсыздар. Міне, мынау сіздерге арналған халықтың құрмет сыйы. (үшеуіне алғыс медальін табыстайды)
Үш қария: Рахмет сендерге халқым, рахмет саған Алтын күз!
Алтын күз: Ал қане ендеше еңбекшіл қариялар сіздердің жемістеріңізді, көкөністер мен дәнді дақылдарыңыздың өнерін көріп, тамашалағым келеді. Олай болса ортаға жемістерді шақырайық!
(Жемістер қатармен ортаға шығады. Әр топ өздерін таныстырады.) 1. Жемістер тобы
Біздің топ «Жемістер»
Біздің ұран:
Иісі жұпар аңқыған
Жеміс - жидек боламыз
Дәрумендер мол бізде
Күзде пісіп толамыз
Өздерін таныстырады:
1. Алма /Алтош/
Қызыл, сары түсім
Домалақ, сұлу мүсін
Ағашта өсем салбырап
Күзде пісем албырап
2. Шие /Аяла/
Қып - қызыл нарттай
Шиемін өзім
Қызығасың маған
Түскенде көзің3. Өрік /Ислам Қалов/
Мына мен өрік
Бақшаға көрік
Піскенде жайнап
Аласың теріп
4. Мандарин /Нұрқасым/
Сарғыш түсті мандарин
Ортасында дәні бар
Ауызға салсаң еритін
Балдай тәтті дәмі бар
5. Жүзім /Арнұр/
Мен жүзіммін, жүзіммін
Жаңа пісіп, үзілдім
Күлгін, жасыл, қара, көк
Көркі болам күзіңнің
6. Алмұрт /Камила/
Шамға ұқсаған келісті
Сопақша бір жеміспін
Алмұрт деген атым барТәттісімін жемістің
7. Банан /Мағжан/
Арттырам күшін адамның
Балбыраған бананмын
Ыстығында өсемін
Тропикалық аралдың
Жемістер тобының әні:
Күз жомарт
/Орындарына барып отырады/
Алтын Күз: Ортаға көкеністер тобын шақырамыз
2. Көкөністер тобы
Біздің топ: «Көкөністер»
Біздің ұран:
Көркі болған бақшаның
Көкөністер мол қанша
Салат жауып алды апам
Қыстық қойма толғ