Даярлық тобына арналган спорттық жарыс.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«БҚО Бөрлі ауданы білім беру бөлімі «Бекітілді»________

Аксай қаласынын № 7 мектепке дейінгі №7 МДҰ директоры:

балалар ұйымы МКҚК» Ж.Ж.Юнусова











3 ЖБМ мен №7 МДБҰ арасындағы сабақтастығы

жоспары бойынша спорттық мереке

тақырыбы: «Қысқы олимпияда»

















Дене шынықтыру нұсқаушысы: Н.Н.Маманбаева

«0» сынып мұғалімі: А.Ж.Гапуова









2015-2016 о.ж.

Тақырыбы: «Қысқы олимпияда»

Мақсаты: Балаларды қысқы олимпиядалық ойын түрлерімен таныстыру, Олимпияда ерекшеліктерін түсіндіру. Спортқа деген қызығшылығын,қабілетін анықтау. Шапшаңдықа, Ептіліке,серектіке, шымырлықа, нақтылық, шыдамдылықтарын дамыту. Жеңіске жетуге және жеңіле білуге үйрету.

Құралдар: алау, обручтар бес түрлі, хоккей таяғы, шаңғы, қапшық

Қатысушылар: ересектер «Шынарай» тобы және №3 ЖБМ «0» сынып балалары. Ата-аналар

Барысы жүргізуші: Тыңдаңыздар! Бүгін бізде спорттық мереке,спорттық жарыстар ішіндегі ең көлемді қызықты жарыс бұл –Олимпияда ойындары. Олимпияда рәміздерінің бірі олимпияда туы. Олимпияда туы бес түрлі дөңгелектермен белгіленеді. Бұл барлық спортшылар достығын білдіреді.

Фанфарлар дауысы естіледі. Олимпияда туы кіргізіледі.

ҚР Гимн орындалады.

Грек Құдай-Анасы Ника мен аю кіреді.

Ника: Саламатсыздар ма! Мен балалбақша балалары болашақ елінің ең үздік спортшылары деп естідім. Сендер оны дәлелдеуге дайынсыңдарма?

Балалар: Ия!

АЮ: Біздер көп жол жүріп келдік болашақ ең үздік спортшыларды көргіміз келеді. Сендердің Олимпиядалық ойындарының ашылуына олипияда алауын ала келдік.

Ника: Бұл алау қолдан қолға беріліп, міне, бүгін сендерге жеті. Бұл алау достық пен бейбітшілік белгісі және жарығымен бес түсті белгісін жарқыратады.

Олимпияда жалаушасы

Бес түсті белгісі

Барлық спортшының

Достығының белгісі

Жүргізуші: Балалар Олимпияда туындағы бес белгі әр түрлі мағананы береді. Бұл белгілер жер шарындағы әр елдің белгісі. Көк түсті – Европа,қара– Африка.қызыл– Америка.сары – Азия, жасыл– Австралия. Жалауда сөздер жазылмайды бірақ барлық елдері бұл белгілердің барлығы бейбітшілік пен достық мерекесі екенін біледі. Спорттық ойындарда әділ, адал болуға шақырады. Олай болса, балалар біз жарысымызды бастаймыз!

Әділқазы алқасы: медбике, тәрбиеші, ата-ана.

1 жарыс: «Олимпияда алауы» ойыны

Шарты: екі топ кедергілер арасымен алауды алып өтеді.

2 жарыс: «Допты хоккей» ойыны.

Шарты: екі топ балалары межеге дейін кедергілер арасымен допты домалату.

3 жарыс: «Биатлон» ойыны

Шарты: шаңғы мен белгіленген жерге дейін барып, қапшықты себетке лақтырады.

4жарыс: Жұмбақтар

1)Мiнсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзiм сүйретем. (Шана)

2)Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

(шаңғы)

3)Жазғытұрым болғанда

Су болып сайға ағады. (Қар)

4) Қыста айна, Көктемде су. (мұз)

5) Жердің бетін басады

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнекей кім табады? (қар)

6)Үш қабатты бірақ үй емес

Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала)

Ника мен Аю: жарайсындар балалар! біз еліміздің болашақ ең үздік спортшыларын көрдік сендер мықты спортшы болатындарыңды дәлелдедіңдер.



Әділалқазы сөзі, жеңіске жеткен топты марапаттау.