Мерекелік іс-шара: Алғашқы қоңырау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Жаңатап басауыш мектебінде өткізілетін

«Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!» атты салтанатты жиынының

әзірлемесі

































Жаңатап бастауыш мектебі-2016 жыл

Өткізу күні: 2016 жыл 1 қыркүйек

Өткізу уақыты: 10.00

Өтетін орны: Жаңатап бастауыш мектебі

Қатысатын сыныптар: 1,2,3,4

  1. сынып оқушылары ақ, көк, шарлармен сапта тұрады

жүргізуші: Кутеменова Гульдана Кайровна

Ту ұстаушы:


ФАНФАР


жүргізуші

Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

жүргізуші

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және аяулы оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам – алғашқы қоңырау.

Осы 2016 жылдың үлкен мерейтойы – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясы»мерекесіне арналған «Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!» салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Құрметті қауым! Бүгінгі мерекенің басты қонақтары енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі Егемен еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошеметпен қарсы алайық.

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Жас досым саған мың сәлем!

Балдырғандар келіңдер,

Білім үйін көріңдер.

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар.

(1 сынып оқушылары шақырылады)



2 –жүргізуші

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясы»мерекесімен құттықтай отырып, 2015-2016 оқу жылының «Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

АӘД пәні мұғалімі Жалелов Мұталап:

Мектеп, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Б.Тлеухановтің «Елім менің» әніне Мемлекеттік Ту енгізіледі)

  1. - Ту ұстаушы: 10 а сынып

  2. - Ту ұстаушы: 10 б сынып

3 - Ту ұстаушы: 10 а сынып


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


1 –жүргізуші

1.Бүгінгі біздің мерекелік жиынымызға тілектестік ниетін білдіруге келген қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1..................................................................................................................

2.................................................................................................................

3..................................................................................................................

1- жүргізуші:

Құттықтау сөз №37 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Жүсіпова Ляйля Бажқызына беріледі.


Мектеп директоры өзінің құттықтау сөзінің соңында қала әкімінің орынбасарына сөз береді

Қала әкімінің құттықтау сөзі

Құрманғазының «Серпер» күйінің аясында құрметті қонақтарға гүл шоқтары ұсынылады

( Ұлттық киімдегі 10-сыныптың төрт қыз оқушылары гүл шоқтарын ұсынады)


1 музыкалық нөмір:___________________________________________________


1- жүргізуші:

Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың.

Төбенде бейбіт күн күлсін,

Төмендемесін талабың.

Нұр шашып көкте күн,

Өміріңнің көктемін.

Гүлдендірем деп келдім,

Сәлем алтын мектебім! – деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.



2 –жүргізуші

«Мектеп-ұстаз-оқушы-ата-ана» ұғымдары бір мағына, ендеше бала адамның бауып еті дегендей құттықтау сөз ата-аналарға беріледі ________________________________________________________


2 музыкалық нөмір:___________________________________________________


1- жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Есіңде болсын ұмытпа

Білім керек бәріне деп,

Қымбатты 1-сынып оқушылары! Сіздерге өздерінің ағалық, апалық ақ тілегін айтуға 11-сыныптың үздіктері _________________________________________________сөз беріледі.

АӘД пәні мұғалімі Жалелов Мұталап:

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!


(Б.Тлеухановтің «Елім менің» әніне Мемлекеттік Ту шығарылады)


2 –жүргізуші

Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар иіс гүлімен.

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Қоңырау, сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиялдан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле сен биікшыңбасына.

Сыңғырла, сыңғырлатағы да,

Шақыра білімнің бағына.

Қоңырау әсем саз әдемі,

Өзіңді күтеміз сағына.

Жаңа оқужылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттеріміз өрісті,

Елім дер қыз бен ұлболсын!

2016 жылғы 1 сынып оқушылары үшін ең алғашқы қоңырау соғылады.

1- жүргізуші:

2016-2017 оқу жылының «Сыңғырла, күміс қоңырау, сыңғырла!»» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!





жүргізуші:               Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

                                      Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

 

1-оқушы:               Сәлем, саған мектебім,

                                Алғыстарым көп менің.

                                Оқу, білім, тәрбие

                                Ой санама еккенің.(Акмарал Ж)


2-оқушы:    Қуаныш бүгін – мереке,

                     Шуағын шашып тұр әлем.

                     Мектепке келген алғашқы,

                     Жан досым, саған мың сәлем. (Гаухар Абикешовна)


3-оқушы:               Бірінші қыркүйек күні мен

                                Аңқыған жұпар гүлімен

                                Келіп ем, қарсыалар мектебім

                                Сүйкімді қоңырау үнімен. (Муталап ага)


4-оқушы:     Биыл мен де мектепке

                      Біріншіге барамын.

                      Мақтанбаймын мен текке,

                      Дайын дәптер, қаламым.(АрмангульАгыбаевна)


5-оқушы:                Мектепке енді барамыз,

                                 Біз оқушы боламыз.

                                 Жақсы оқып сабақты,

                                 Кілең бестік аламыз. (ГаухарБолатовна)



8-оқушы:      Сылдырлайды, сыңғырлайды

                        Мектеп жақта қоңырау.

                        Ұмытпаймыз бұл бірайды,

                        Гүлге толы омырау. (ТлектесАмантаевна)