Сабақ тақырыбы: Ата-анам- алтын тұғырым!
Сабақ мақсаты:- «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне , ата-ананы құрмет тұтуға үйрету.
Ата-ананы қадірлеу , ардақтау , ата-ананың үмітін ақтауға баулу.
Махаббатқа , мейірімділікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:ата-аналар суреті.
Әдіс –тәсілдері :Сұрақ –жауап,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Шаттық шеңбері.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа. -деп бекер айтпаған ұлы ақындарымыз. Иә балалар біз ата-анамызды құрметтеуіміз ,сыйлауымыз , аялауымыз керек. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі ,бастапқы дәнекері. Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есімізден шығармауымыз керек.
Ал енді балалар ата-аналар туралы мақал айтайық.
Балжан :
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
Мағжан :
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Маржан :
Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.
Анастасия :
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
Рахим :
Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын.
Жайнагул
Ата-анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.
Аюпжан :
Атаның құны, ананың сүті.
Яна :
Күтсең ата-анаңды,
Кешірер атаң қатаңды.
Муслим :
Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмір лік парызы
Сергіту сәті:
«Шеңберге біз турамыз»музыка арқыл қимыл іс-әрекет көрсетү.
Ойын : «Кім тапқыр!»
Балалар үстел үстінде жатқан отбасы туралы суреттер арасынан өз отбасы мүшелерін тауып қояды ретімен және әңгіме айту.
Баларардың оқу іс-әрекетінен алған білімін ойын арқылы қорытындылау.