Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ
Тақырыбы: Ертегілер еліне қонаққа.
Бөлімі: ҚМТҚ
Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: ҚМТҚ, көркем әдебиет (қорытынды сабақ)
Мақсаты: Аюлар туралы ертегілерді естеріне түсіріп, олардың желісі арқылы 1,2,3, сандары мен цифрлары туралы өткенді пысықтау. Цифрды заттың санымен сәйкестіруді әрі қарай жалғастыру. Тәулік бөліктері туралы түсініктерін, кеңістікті бағдарлауды бекіту. Заттарды ұзындығына, еніне қарай салыстыруды жалғастыру. Геометриялық фигураларды танып, ажыратып айту. Заттарды топтастырып, «кем», «артық», «тең» деген түсініктерді бекіту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: кеглядар, ұзындығы әртүрлі екі арқан жіптер, жалпақтығы әртүрлі екі жол ленолиум, «Маша мен аю», «Екі сараң қонжық», «үш аю», «Қаз-аққулар» ертегілердің иллюстрациялары,
Үлестірмелі материал: әр балаға геометриялық фигуралары бар контурлы карточкалар, 1 ден 3ке дейін цифрлар, геометриялық фигуралардың жиыны, екі жолағы бар карточкалар, жидек пен саңырауқұлақтар
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады.
Таңертең күн тұрады (аяқтарының ұшына тұрып созылу)
Күні бойы айналып аспанда жүреді (орындарында айналу)
Кешке төмен түскен соң, (отырады)
Түнде мүлдем жоғалады. (алақандарымен беттерін жабу)
Ерте, ерте, ертеде қойдың жүні бөртеде...
Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ал қандай ертегілер білесіңдер?
Тәрбиеші қызықты ертегілер әлеміне қонаққа баруларына ұсынады, бірақ онда жету үшін көп керергілерден өту керегін түсіндіреді.
Балаларды бір-бірінің артынан саппен тұрғызып алдында-артында кім тұғанын айтуға ұсынады. Балаларға ағаштардың (кегляның) арасынан өтулерін түсіндіреді. Жолдарында екі құз кездеседі жанында екі арқан жіп жатады. Екі құз туралы не айтуға болатанан сұрайды. (біреуі кең - тар) Құздардан қалай өтуге болатынын анықтайды. (тар құздан секіріп кетуге болатынын, ал кең құздан жіптен баспалдақ жасп өтетіндерін түсіндіреді)
Тәрбиеші арқан жіптерді ұзындығын салыстырып, керек жіпті таңдап алуға кеңес береді. (балалар ұзын арқанды таңдап, тепе-теңдік сақтап арқанның үстінен кең құздан өтіп шығады) Құздан өткен соң тастың астынан конверт табады.
Конверттегі тапсырма: (төмендегі сөйлемді аяқтауын өтінеді)
- Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.
- Таңғы асты таңертең, ал түскі асты ... ішеміз.
- Түскі асты күндіз ішеміз, ал кешкі асты ... ішеміз.
- Кешке тамақ ішеміз, ал ... ұйықтаймыз.
- Ал енді, тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдер.
- Кедергілерден де өттік. (балалар үстел басына отырады)
- «Маша мен Аю» ертегісінде неше Аю? «Екі сараң қонжық» ертегісінде канша Аю?
- «Маша мен Аю» дегенде біз қай цифрлық танбасын көрсетеміз?
- «Екі сараң қонжықта» қай цифлық таңбасын көрсетеміз? Ал «Үш аю» дегенде ?
Балалардың назарларын тағы бір ертегінің суретіне аударады. (қаз-аққулар)
- Қазаққулар қай жерде ұшып келеді, ал өзен қайда ағып жатыр?
- Оң жақта не көріп тұрсыңдар?
- Сол жақта не көріп тұрсыңдар?
«Маша мен аю» ертегінің аю бізді мына алаңқайға шақырады. Бұл алаңқай сиқырлы, өйткені ағаштар мен гүлдердің орнына нелер? Балаларға үстелдегі контурлы карточкаларды (1ден 3-ке дейін) алып, содан кейін алаңқайдағы сондай, сонша фигураларды тауып көрсету керегін айтады. Тауып болған соң, қандай фигура, қанша, неге екенін анықтайды, баға береді.
Тәрбиеші маша орманда неге адасып кеткенін естеріне түсіреді.
- Иә, сөйтіп Маша көп саңырауқұлақ пен жидек жинап алыпты.
Карточканың жоғары жолағына қанша аю, сонша саңырауқұлақ қойыңдар, ал томенгі жолағына бір жидек артық қойыңдар. Қайсысы артық? Қайсысы кем? Теңестіру үшін не істеу керек? Енді қанша болды?
Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.