Жомарт куз ертенгілігі - 2016

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


50 Заңғар бөбекжай МКҚК













«Жомарт күз!»


«Балауса» ІІ кіші тобы















Тәрбиеші: Есенова Венера








2016 - жылы






«Жомарт күз!» (мерекелік ертеңгілігі)

Зал әсем безендіріліп, музыка әуені ойналып тұрады. Музыка ойналып Балауса ІІ кіші тобының балалары залға кіріп оң, сол жақ қанатқа тұрады. Қолдарына жапырақтар ұстап музыка әуенімен залға билеп шығады.

Жүргізуші: Құттықтау сөз. Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы бөбекжайдың бүлдіршіндері! Баршаңызды осынау сағындырып, сарғайып жеткен «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған ертеңгілігімізге қош келдіңіз!

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз!

Балалар бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Кәне айтыңдаршы тағы айтыңдаршы бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Алтын Күз мейрамы.

Жүргізуші: Ендеше Әдемі болып тұрып күз мерексіне арнап әнімізді шырқайық.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші: біздің ұл-қыздарымыздың алтын күз мерекесіне арнаған құттықтаулары бар.

Тақпақтар:

Аида: Көбейді құт-береке

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Айару: Қарсы алайық бәріміз,
               Жасымыз бен кәріміз.
               Қырдан кепті қыдырып,
               Алтын күз бізге нұр төгіп.

Ұлжан: Жетті желмен алтын күз,

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.






М. Айзере: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Әділет: Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені келіп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Саглара: Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі


Би: «Чунга-чанга» Ерқанат-Айлана

Мансур-Кәусар

Мадияр-Адия

Эльдар-Асия

Жүргізуші: Жеміс-жидек піседі, жапырақтар сарғайып,

Құстар ұшып барады, жаңбыр жауып, күн суып.

Жылы киім киеміз, бақшамызға келгенде,

Бұл қай мезгіл балалар, жауабын кәне кім табар?

Балалар: Күз

Жүргізуші: ал сендер күз сөзінің уш тілде баламасын білесіңдерме?

Балалар: Күз-осень-autumn (отом)

Жүргізуші: Иә дұрыс айттыңдар балалар! күз мезгілінде көптеген өзгерістер болады екен, оны біз білеміз, кәне барлығымыз күз мезгіліндегі өзгерістерді айтайықшы.

-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Күзде күн суып салқындайды

-Күзде құстар жылы жаққа ұшады

-Күзде жаңбыр көп жауады.

-Күзде жемістер мен көкөністер піседі.

----Өте жақсы балалар!


Жүргізуші: Балалар сонымен күз мезгілінде жемістер мен көкөністер пісіп, оны біздер бақшадан жинап аламыз.!


(Залға бақша өсіруші Атай қасында

көкөністерді арбаға салып кіреді)

Бақша өсіруші: Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе!

Бақша өсіруші: Айналайын балаларым Мен Бақша өсірушімін. Өзімнің бақшамда көптеген жемістер мен көкөністерді өсіріп, қысқа мол азық жинап алдым. Өзіммен бірге көкөністерімді ерте келдім. Мынада алтын күзді бірге тойлауға келдік. Мен сендерге көкөністер мен жемістерді қалай ажыратып көрсетейін.

«Көкөністер тобы»

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,

Тамерлан: Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен- қызанақ,

Күнге қарап ұялып!


Қос картоп: Картоп- біздің атымыз,

Заманбек: Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,

Қыдырәлі: Қызыл түсім - қанға нәр.

Ал, балақай біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Ердәулет: Саңырауқұлақ, Саңырауқұлақ

Басында қалпағы бар.

Ормандағы жәндіктерге,

Жауын жауса пана болар.





«Жемістер тобы»

Алма: Мен - алмамын, алмамын
Асылжан: Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап мені бағбаным.

Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Азиз: Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген

Құлпынай: Нарттай болып құлпынай,

Санжар: Пісіпті ғой, шіркін-ай

Құлпынайдың дәмінен.

Татуға жұрт ынтық-ай.
Шие: Мен шиемін, шиемін
Нұрлыбек: Күннің көзін сүйемін
қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.



Жүргізуші: рахмет көкөністерді ертіп келгеніңіз үшін. Біздің балаларымызға көкөністер мен жемістерді ажыратып көрсететіп бердіңіз.

Бақша өсіруші:: Балалар біздер сендерге ойын ала келдім. Балалар бәріміз бірге ойын ойнайық.

Ойынның аты «Көкөністер мен жемістерді жина», яғни екі себет тұрады, біреуіне көкөністерді, ал екіншісіне жемістерді шатастырмай жерден жинап себетке саламыз. Қазір мен мына өзіммен бірге еріп келген көкөністер мен жемістерді екі себеттің қасына бөліп қояйын. Ендеше кәне ойнайық.

Жүргізуші: Балалар бақша өсіруші бізге ойынын бірге ала келген қандай тамаша.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Бақша өсіруші: Рахмет балалар көңілім көтеріліп қалды. Енді бақшама қайтайын көкөністерімді жинап алайын. Кездескенше балалар.

(көкөністер мен жемістерін арбасына салып алып шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыз.

Әуен ойналып шашу шашып

Күз ханшайымы кіріп келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар. -сендер мені шақырдыңдарма?

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, Алтын күз! Қош келдіңіз! Біз алтын күз мейрамын тойлап жатырмыз. Балалар барлығымыз күз ханшайымына арнап ән шырқап берейік.

Күз ханшайымымен бірге ән шырқайды.

Ән: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың сізге арнаған әдемі тақпақтары бар.

Тақпақтар:

Мансур: Тамсандырып таңдайды,

Жеміс жидек піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түседі.

Эльдар: Астық-жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды.

Кәусар: Жомарт көңіл, жарқын күз.

Берекесі халқымның,

Қош келіпсің Алтын күз.

Құт қонағы төрімнің.

Асия: Күзім,күзім,күзім,

Пісті алма,жүзім.

Тұрғанда бәрін күз беріп,

Кел алайық біз теріп.

Мадияр: Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толы кен далам
Дариядай шалқар күз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар,балалар! Тағы да, өнерлеріңді көргім келеді. Мен сендерге сыйлығым бар беретін. Кәне тағы өнерлеріңді көрсетіңдерші.

Жүргізуші: Ендеше Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатыр»


Күз ханшайымы: Рахмет балалар мен сендерге ризамын!


Музыка ойналып Саңырауқұлақ келеді.

(Біреуді іздеп келе жатқан кейіп танытып келе жатады)


Саңырауқұлақ: Саламатсыздар ма балалар, ойбай мына жерде не болып жатыр.

Балалар: Саламатсыз ба.

Жүргізуші: Саңырауқұлақ бұл жерде мейрамды тойлап жытырмыз.

Саңырауқұлақ: Қандай мейрамды тойлап жатырсыңдар сонда?

Балалар: Алтын күз мейрамын.

Саңырауқұлақ: Ендеше Алтын күз мейрамы құтты болсын. Қандай әдемі, сүйкімді балалар.

Ал менің мындай бойлары кішкентай саңырауқұлақ достарымды көрдіңдер ме?

Балалар: жоқ.

Саңырауқұлақ: Ойпырмай қайда кетіп қалды екен а? Сендердің өнерлі балалар екендеріңді білемін. Ал маған өнерлеріңді көрсетесіндер ме? Бәлкім сендердің тақпақтарыңды жақсы етіп айтқан дауыстарыңды естіп менің достарым келіп қалар мұнда.

Жүргізуші: Жақсы біздің баларымыз тақпақтарды жақсы айтады.


Тақпақтар:

Еркежан: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

Асалия: Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

Ерқанат: Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала.




Амина: Жасыл, сары, қызыл – көк

Сан алуан көкөніс

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Айлана: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Мурат Айзере: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Саңырауқұлақ: Тамаша, өте жақсы айтасыңдар.


(Саңырауқұлақ музыкасының айқайлаған даусымен

қолын былғап достарын шақырады)

Ендеше менің достарымның өнерін тамашалаңыздар.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақ: мезгілінде күн салқын болады. Сондықтан ата-аналарымыз жылынып алу үшін ортаға шақырамын, керемет ойын ала келдім.

Ойын: «Лапки»

Ойын шарты: Балалардың ата-аналарын ортаға шақырамыз. 7 ата-ана қатысады. Жерде 6 жұп аяқ киім лапки жатыр соны айналып түрлі ұлттардың биін билеп жарысады, музыка тоқтағанда лапкидің үстінде тұрып қалу керек. Бір кісіге лапки жетпей қалса ойыннан шығып қалады. Ойын тағы жалғасады бір лапкиді алып тастайды. Соңында бір ата-ана жеңімпаз болады.


Күз ханшайымы: Балалар Алтын күз мерекесіне арнаған әндерің, билерің, тақпақтарың өте тамаша екен, мен енді ортаға әдемі киініп келген сіңілілерімді сән үлгісін көрсетуге ортаға шақырайын?

Өздеріне сән киімі жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Әдемі болып, құлпырып келіп тұрған,

Ханшайымдарды ортаға шақырамын.

Сән үлгісін көрсету:

Әдемі қыздардың сән үлгісін тамашалаймыз.

Алтын күз: Балалар мен осы күзгі балға құр келмей сендерге өзімнің тәтті жемістерімді ала келдім, сол жемістерді сендерге табыстағым келеді. (балаларға жемістер беріледі).


Алтын күз, Саңырауқұлақ балалармен қоштасып залдан шығып кетеді.

Жүргізуші:

Алтын күзді тойладық,

Би биледік, ән салдық.

Қуанышпен қарсы алдық,

Бәріңізбен қоштасайық – деп мерекемізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



[pic]



[pic]




[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]