Ашық шара,8 наурыз, Анамның алақаны аялы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






«Анамның алақаны-аялы» сайыс. 04.03.2016 о.ж.


«Анамның алақаны -аялы»

 Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.


Тәрбиеші : Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар.Армысыздар ардақты әжелер мен аяулы аналар.

тамаша мезгілі көктемнің алғашқы күнінде қарсы алатын ,асыл да,ардақтты әжелер мен аяулы аналардың мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі мерекеге арнап, біздің бүлдіршіндеріміз өздерінің жылы лебіздерімен әсем әндерін сіздерге арнайды.

Мейрамы бүгін аналардың

Той думанын бастаған.

Бар әлемде ананы,

Құрмет тұтқан басқадан.

Хош иісі көктемнің,

Қосылғандай самалға.

Құтты болсын айтайық,

Аналардың тойында.


Қошеметпен 0
«В»сынып бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Ортаға бүлдіршіндер шығады.Барлығы бірлесе аналарға арналған өлеңдерден папури айтады.

Ақ мамам.(хор)

Еркелесем күлімдейтін дейтін.

Ұрысқаны білімбейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені.

Құлыншағым,күнім дейтін.

қ/сы

Ақ мамам,ақ мамам

Батырларша батылданам.

Сенің анаң алтын, менің анам алтын.

Айналдым ана деген асқақ аттан,

Ұлыңмын атқа мініп, бәйге шапқан.

Бүгінгі бұл мереке сіздердікі,

Мейрамың құтты болсын болып жатқан.

қ/сы

Сенің анаң алтын, менің анам алтын.

Құлпыра бер қарындасым, аман болып жалпын.

Ақ жеңгелер әні,сұлу қыздар сәні,

Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрін.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ата-аналар енді сіздерді бүгінгі мерекеге байланысты 0 «В»сынып қыздары арасында өтетін «Анамның аялы алақаны»атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:
1 - бөлім:«Ана сұлу көрінер қызыменен»
/өздерін таныстыру/
2 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер»
/қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді/
3 - бөлім «Ойлы болсаң, озып көр»
/қатысушыларға сұрақтарға жауап береді/
4 - бөлім: Ас мәзірі «Дәм - думан»
/үйге берілген тапсырма /
:

5-бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады»

/қатысушылар сән үлгісін көрсетеді/.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайыстың.әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Тәрбиеші:Қыздың жолы жіңішке,

Үзіліп кетер қыл десе.

Ару түсер ойына,

Қызғалдақ қызыл гүл десе.

Әсем жүзідері жайнап,

Бұлбұлдай сайрап.
Қарсы алайық аруларды

Сайысқа дайын тұрған.


• Бірінші сайысымыз «Тегін білу тектілік» Таныстыру.
Тәрбиеші:Ортаға аналарына жылы лебіздерін жеткізу үшін, сыныптағы ер балаларға сөз кезектерін береміз.
 
Жаннұр: Ана!

Неткен жеңіл есім ең!

Үш әріптен құралып,

Үш жүзді жалғастырып ең.

Мәңгіге мұрағаттаулы

Ерназ:Баға жетпес шежірең.

 Тыңдаушы, бір сәт елең ет!

Айтуға жеңіл емес пе?

«Ана» деп тіл қат, керемет!

 Бейбарыс: Ана!

Неткен асыл тұлғасың!

Қиын кезде мұңдасым,

Қуанышты сәттерде

Өзіңсің тағы жырласым.

 Нұрдәулет: Ана!

Мейірімді жан едің!

Бір қолыңмен бесікті,

Бір қолыңмен әлемді,

Тыныштық бағып тербедің.

 Райымбек: Ана!

Шабытымды шарпыдың,

Жағаладым жалыныңды.

Қасиетің ба, қадірің ба?

Идірдің алпыс екі тамырымды.


2. Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.


3.сайыс.Сұрақ-жауап. Ана мен бала байланысы жайлы.

1.Балаңыз қандай жемісті жақсы көреді?

2.Ананның туылған күні қай күн?

1.Қызыңыздың досы кім білесіз бе?

2.Анаң қандай жемісті ұнатады?

1.Қызыңыз қандай жемісті ұнатпайды?

2.Анаң қандай түсті ұнатады?

1.Нағашы әжеңнің есімі кім?

2.Қызыңызға қандай түс ұнамайды?

1.Қызыңыздың жасы нешеге келді?

2.Анаң қай қолмен жазу жазады?

1.Анаңның жасы нешеде?

2.Қызыңыз қандай мультфильм көргенді ұнатады?

1.Қызыңыз нешеге дейін санауды біледі?

2.Анаңның сүйікті тағамың білесің бе?

1.Анаң қазақстандық қай әншінің әнің тындайды?

2.Қызыңызға ұнамайтын нәрсе?

1.Қызыңыздың тәрбиешісінің толық аты-жөні?

2.Анаңның есімін кім қойған?

Тәрбиеші :Қыздарға әсемдік жарасады,

Әр қыздың ,әсем болу бір арманы.

4. Келесі сайысымыз « Сән үлгісі».

Тәрбиеші: Қыздарымыз дайын болғанша ер балалар да өз аналарын мерекесімен құттықтап ,аналарын билеуге шақырады.

Би: вальс «Милая мама»

5. Соңғы сайысымыз «Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Сайысқа қатысқан қыздарды марапаттау.





Тәрбиеші:Ергебек Ж.

2015-2016о.жылы.

4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп









«Анамның алақаны-аялы»

(0 «В»СЫНЫП)





















Тәрбиеші: Ергебек Ж

2015-2016о





1.Балаңыз қандай жемісті жақсы көреді?

2.Ананның туылған күні қай күн?


1.Қызыңыздың досы кім білесіз бе?

2.Анаң қандай жемісті ұнатады?


1.Қызыңыз қандай жемісті ұнатпайды?

2.Анаң қандай түсті ұнатады?


1.Нағашы әжеңнің есімі кім?

2.Қызыңызға қандай түс ұнамайды?


1.Қызыңыздың жасы нешеге келді?

2.Анаң қай қолмен жазу жазады?


1.Анаңның жасы нешеде?

2.Қызыңыз қандай мультфильм көргенді ұнатады?


1.Қызыңыз нешеге дейін санауды біледі?

2.Анаңның сүйікті тағамың білесің бе?


1.Анаң қазақстандық қай әншінің әнің тындайды?

2.Қызыңызға ұнамайтын нәрсе?


1.Қызыңыздың тәрбиешісінің толық аты-жөні?

2.Анаңның есімін кім қойған?



.жыл