Урок на тему Ұшатын және ұшпайтын заттарды топтастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Ұшатын және ұшпайтын заттарды топтастыру.

Тәрбиеші: Казанова А.Б

«Тамшылар» тобы

Үлкен Нарын ауылы

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге уйрету. Табиғатта ненің ұшатынын, ненің ұшпайты туралы түсіндіру арқылы балалардың зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. Билингвальды компонент: ұшады-летает, ұшпайды- не летает.

Сөздік жұмыс: ұшады, әуеде, қаз,үйрек.

Технологиялық қамтамасыз ету: демонстрациялық материалдар, үй, қуыршақ, ойыншықтар. Мотивациялық қозғаушы күш.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар көңіл- күйлерін қандай? Балалар көңіл-күйлері тамаша екенін айтады. Олай болса шаттық шеңберін құрайықшы.

Қуанышым мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Өте жақсы! Орын – орынымызға отырайық. Балалар айтыңдаршы қазір қай мезгіл? (қыс). Қыста ауа-райы қандай?(қар жауады, күн суытады, боран соғады). Қардың түсі қандай? Аппақ. Ал адамдар қандай киім киеді? (жылы киінеді). Біз бүгін Айсұлудың үйіне қонаққа барамыз.

-Кәне, үйдің қоңырауын соғайық (дзинь-дзинь). Үйден Айсұлу шығады.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсіз бе Айсұлу.

-Балалар, бүгін мен үй жинап жүріп көп ойыншықтар тауып алдым. Сол ойыншықтардың аттарын атап және ұшатының немесе ұшпайтының айтып көмектесіп жіберіңдерші.

-Балалар Айсұлуға көмектесейік пе? (ия) Қораптағы; ойыншықтарды үстел үстіне кезек кезек қою керек.

-Бұл не? (машина)

-Машина ұшады ма?

-жоқ ұшпайды.

-Ал мынау не? (ұшақ)

-Ұшақ ұшады ма? Ұшақ аспанда ұшады.

-бұлар не? (құстар)

-Құстар ұшады ма? (ұшады)

-Бұлар үй құстары себебі оларды адамдар күтеді,бағады. Олардың жұмыртқасы, еті – тағам, жүнін жастыққа салады.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

қолымызды жаямыз.

құстарға ұқсап

ұшып-ұшып аламыз

-Мынау қандай құс?- Әтеш.

-Тауықтың түсі қандай? Қызыл.

-Қаздың түсі қандай? Ақ.

Қаз туралы өлең оқиды.

-Қазым, қазым, қаңқылда,

Суда жүзіп саңқылда!

Жем шашайың жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ, жоқ!

-Кәмпит тәтті болмайды, ас. Арпа менен бидай шаш!

-Балалар қазір, «Ұшты-ұшты» ойының ойнаймыз.

Шарты: Ұшатын заттарды атасам, қолдарыңды құстар сияқты ұшамыз. Ал ұшпайтын заттарды атасам, қолдарыңды түсіріп тұрасыңдар.

Рефлексиялық – түзетушілік. Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді. Бүгін біз сендермен ұшатын және ұшпайтын ойыншықтарды топтастырдық. Сөйтіп,Айсұлуға көмектестік. Айсұлу бізге « Рахмет» - деді.

Айсұлумен қоштасайық. Осымен оқу іс-әрекеті аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын

Игереді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды.

Меңгереді: ойыншықтардың аттарын.