Түсінік хат
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ – келешек қоғам иесі, сол келешек қоғам иелері жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Заман талабына сай Абай атындағы мектеп – гимназиясында мектепалды даярлық сыныптарында оқушылардың үш тілді меңгеру қабілеттерін дамыта отырып баланың сөздік қорын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру, еркін сөйлеуге, өзге тілдерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында осы бағдарлама құрастырылды.
12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізудегі мәселе жалпы білім беретін мектептерде баланың білім, білімдік сапасын арттыру, оқушылардың бір мезгілде үш тілде – қазақша, орысша және ағылшынша ауызекі сөйлеудің негізін игеруге жәрдемдеседі. Бұл бағдарлама жасау – біздің мемлекетіміздің мемлекеттік қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін үйренуге бағыттайтын саясатына сәйкес.
Біздің еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақ тілін оқыту әрдайым басымдықта бола береді,- деп атап айтты.- Ағылшын тілінің қажеттігі – бұл әлемдік бағыт және сондай – ақ, көзге көрініп тұрған қажеттілік. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз, одан айрылу ойланбастық болар еді.
Егер біз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерсек, біз үшін бұл аса зор артықшылық болады».
Сондай – ақ, бағдарламада оқушылардың жас ерекшелігіне психология – физиологиялық жеке дара ерекшеліктеріне ескере отырып, мынадай жеті бағытта құрылды.
1. Танысу
2. Отбасы
3. Отан
4. Мектеп
5. Тағамдар
6. Табиғат
7. Жануарлар
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды нақты көрсету: әр турлі ортада оқушылардың тиімді, мәдениетті, үш тілде сөйлеу қарым – қатынасын жасай білу. Әр түрлі шаралар, тәрбие сағаттары, қойылым, көрініс, сайыста, өзің тыңдата білу жолындағы іс – әрекеттерді меңгерту
Бағдарламаның мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесіне өтудің міндеттерін іске асыру үшін база дайындау шеңберінде жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында үш тілдің патшалығын сапалы оқытуды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
• Мектепте үш тілдің патшалығын оқып үйренудің алғашқы білімдері мен еп – дағдыларын қалыптастыру;
• бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу;
• Коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
• Ақпараттық құзыреттілікті меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
• Мектепте ағылшын тілін оқып үйренудің алғашқы білімдері мен еп – дағдылары қалыптастырылады.
• Бастауыш сынып оқушылары шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен танысады, тілді тез меңгереді және өздерін еркін сезінеді.
• Коммуникативтік құзыреттілігін дамытады.
• Ақпаратық құзыреттілікті меңгереді.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:
1 Ойын
2 Сұрақ-жауап
3 Топтық жұмыс
4 Жеке жұмыс
5 Ойын-жарыстар
6 Байқаулар
Оқуды меңгеруге қойылатын талаптар:
Оқуды меңгеруге қойылатын талаптар сыныптың жоғарылауына қарай мәтін көлемінің өсуіне, оның мазмұнының және тілдік материалдың күрделенуіне байланысты артып отырады.Оқытудың әр сыныбында сөз әрекетінің негізгі түрлерінің ара қатынасы бірдей емес, ауызша сөйлеу басым. Үш тілді оқытудың нәтижесі мынандай 2 бөліктен тұрады:
Жазу мен ауызша сөйлеудегі коммуникативтік біліктілік;
Оқудағы күрделендірілген коммуникативтік біліктілік.
Осы көрсетілген біліктердің құрамына мыналар жатады:
Оқушылардың жалпы сөйлеу және интеллектуалдық жағынан жетілуі;
Оқушылардың жалпы білім деңгейінің жетілуі;
Арнайы оқу дағдыларының жетілуі.
Білім берудің дидактикалық негіздері.
Үш тілді қолдану мектепалды даярлық сыныптарда коммуникативтік іс-әрекетке бағытталады.Тақырыптарды таңдаудағы басты ұстаным экология, салауатты өмір және ел, жер тану мәселесі.Үш тілді сабақтарда басқа пәндерден алған білім, біліктері де іске асырылады. Басқа елдің мәдениетін көрсететін мәліметтер, мәтіндер қамтылады.
Оқу-әдістемелік кешен.
Оқу сапасы- оқулықтар мен қосымша кешендер сапасына байланысты болады. Балама оқулықтар, түрлі оқу құралдары болуы керек. Баспа құралдарына жататындар: сөздіктер, суретті сөздіктер, сурет дәптері, жұмыс дәптері, грамматикалық, лексикалық кестелер. Үлестірмелі баспа құралдары: дидактикалық материалдар, суреттер, сызба, техникалық оқу құралдары: видео-аудио құралдары, интерактивті тақта, магнитофон, лингафон кабинеті.