Ұстазым-ақылшым!
Залдың іші құттықтау сөзімен,гүлдермен безендірілген.
Жүргізуші:
Балапанды қарлығаш қып ұшырып ,
Сәбилерді тұлға қылып жараттың.
Сен бір бақсың әр жыл жеміс беретін,
Сен данасың ,сен ойшылсың,ғалымсың,
Еңбекпенен білім нәрін себетін,- иа,ұстаз білім берушімен қатар,пәк сәбилерге мейірім мен шапағатын шашып,тәрбиелеуші қарапайым тәрбиеші.
Осындай мол еңбек сіңіруші апайларымызды бүгінгі ұлық мерекелеріңізбен,құттықтаймыз!құттықтаймыз!құттықтаймыз!
Тәрбиеші ең бакытты жан.Себебі, ол таң нұрымен ілесе келген әр сәбидің мөлдіреген көздерін көрумен бақытты.Сол балақайлардың періште тілінде сөйлеген бал тілін естумен ,бүлдіршіндердің шынайы да сыңғырлаған күлкісін естумен,бір –біріне ұқсамайтын балалардың тәтті де ,ерке қылығын сезінумен бақытты.Тәрбиеші- икемсіз саусақтарға жан бітіріп,түрлі дағдыларға үйретуімен,қиялын самғатып,алғашқы білім берумен,балапандардың тәтті ұйқыға енген сәтін көрумен бақытты.
Олай болса,сіздерге осынша бақыт сыйлаған тәтті бүлдіршіндерді ортаға шақырамын.
Ән: «Қошақаным»
Орындайтын:Ақсымбат,Іңкәр,Айдын,Ақжан,Ұлықбек
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, осындай балаларды «өмір гүлі»,ал сіздерді «бағбандар» десек,артық болмас еді.Себебі бізге жер бетіндегі ең қымбат қазына – балаларға ақыл,білім,мейірім,адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Білім мен тәрбиеге қоса өнерге баулушымыз,мұның дәлелі келесі орындаудан көрінбек.
Вальс: «Алғашқы ұстазым»
Орындаушы:Рамазан-Айзере,Бекжан-Ақжан,Темір-Жанел
Бәрі ,бәрі ,сенің ғана арқаңда,
Самайыңа ақ шаш түссе таңданба
Ол шәкірттің адам болар белгісі
Ұстаз ол да сенің ғана арқаңда - дей келе,осында отырған барлық бала өзіміз бала болғандай,өзіміз еліктегендей ,әрбір адамға еліктеп осындай болсам ғой деп алға қарай ұмтылып өседі.Олай болса,сондай балапандарымызды ортаға шақырсам.
Ойын: «Менің сүйікті апайым»
Шарты: Балалар ортаға шығып,музыка әуенімен апайларға пародия жасайды,ал ол апайды отырған балалар немесе қонақтар қай апай екенін табуы керек.Тапқаннан кейін сол апайға арнаған тақпағын,үлгі тұтатын қасиетін айтады.
Ақжан:Ең жақсы апай Ақтілекте,
Инжу апай білемін
Ибалы жақсы мінезін
Үлгі тұтып жүремін.
Балнұр:Бақшамызда бар біздің
Гаухар апай ақылшы
Ақ жол сілтеп баршаға
Түзетеді бұрысын.
Рамазан:Білуге біз құмармыз
Маза да алған шығармыз
Таза сәби жүректен Гүлнұр апай
Қабылдаңыз мың алғыс!
Мерей: Бізге тұңғыш тақпақты,
Жалықпастан жаттатқан
Жылауық та, тентек те,
Гүлнұр апай,
Тек өзіңізге бағынған.
Айзере:Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен
Тамақты тауысып ішкізіп,
Айнұр апай
Жақсы көріп, бетімізді тістеген.
Іңкәр:Доспен тату ойнауды,
Қызыққа бір тоймауды,
Бойымызға сіңірген
Жазира апай
Таза жүріп,ойлауды.
Бекжан:Айжан апай, «ПЫСЫҚ»,- деп
Елдің бәрі мақтайды.
Таңертең бізді қабылдап
Кешке қоштасып тұрады.
Ұлықбек:Бірге ойнап, бірге куліп,
Бетімізден сүйеді.
Дәмді асты әзірлеген
Света апай өзіңізге мың алғыс.
Хормен:Талай, талай баспалдақтан аттармыз
Ата ананың үмітін де ақтармыз
Сізден алған білімді
Есімізде өмір бақи сақтармыз!
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер,әрбіріңіздің бала жүрегіндегі орындарыңыз ерекше,олай болса «Көгершін »тобының Джентелмендерін сіздерді құттықтау үшін ортаға шақырамыз!
Би: «Джентелмендер»
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,сіздер данасыздар,сіздер тәрбиелеушісіздер,сіздер ақылшысыздар,сіздер сырлассыздар,сіздер бүлдіршіндердің екінші анасысыздар,сіздер ақ параққа өң берушісіздер,тас түнекке жарық сыйлаушысыздар,ұйықтап жатқан жүректі оятушысыздар,еліміздің болашағын болжаушысыздар,сіздер өмір гүлін өсіріп баптаушысыздар!-дей келе ашық оқу іс-әрекетімізді «Біз өмірдің гүліміз» әнімен қорытындыласақ.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
Тәрбиеші:Апайлар, келіп тамашалағандарыңызға рахмет,мерекені жақсы көңіл күймен өткізіңіздер,отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
ЖШС «Ақтілек Бала бақшасы» [pic]
Күні:
Бекітемін:
Балабақша меңгерушісі: И.А.Адырбекова
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
«Ұстазым- ақылшым»
Тобы: «Көгершін»
Тәрбиеші: Г.А.Аяпова
2015 - 2016 оқу жылы