Тіл дамыту Үй жануарлары мен үй құстары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бөлімі: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары..

Мақсаты:

а) Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, төлдерін тануға үйрету.

ә) Дамытушылық: Үй құстарына байланысты тақпақ, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту

б) Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Үй жануарлары – домашние животные, сиыр –корова, жылқы – лошадь, түйе – верблюд, қой – баран, ешкі – коза.

Көрнекілік: Үй жануарлары мен үй құстары суреттері, дидактикалық материалдар.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің

әрекеті


Балалардың

әрекеті


Мотивациялық-ынталандырушылық



Ұйымдастыру кезеңі


ізденуші

Шаттық шеңбері

-Балалар, сендерді үйде ата-әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме?

Ендеше, менің қолымдағы қазақтың киіз үйін бір-бірімізге сыйлау арқылы еркелете отырып тілек айтайық.

Сабақтың барысы


(Үнтаспадан баяу әуен естіледі.)


-Балалар, жайлап қана көзімізді жұмып, көз алдымызға ауылдағы ата- әжелеріміздің ауласындағы жайылып жүрген үй жануарларын елестетейік.


-Ал, көзімізді ашайық, бізге кім келіп тұр екен?


-Бұл төрт түлік малдың, яғни осы жердің иесі Ақылман ата екен.


Ақылман ата:


-Амансындар ма, құлындарым?


- Сендер үй жануарларына яғни төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер ме?


- Ал, енді олардың төлдері қалай аталады?


-Жарайды мен сендердің қастарыңа отырып демалып, үй жануарлары туралы айтып берейін.


(Ата отырып оқу іс-әрекетіне қатысады.)


-Балалар , біз үй жануарлары туралы әңгімемізді жалғастырайық.


Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй жануарлары.


Ертерек заманда, көшпенділік кезінде қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас қылып етін жеген, сүтін ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған. Біздің еліміздің жері, мал өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.


Әр жануарларды сипаттап өту: Сиыр -бұзаулайды, түйе- боталайды, бие -құлындайды, қой -қоздайды, ешкі – лақтайды. Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді.


«Не қалай дыбыстайды?» үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын келтіру.


Үй жануарларын қалай шақырады?


Сөздік жұмыс: (орыс тілінде атау)


Сергіту сәті: «Қошақан әні»


Шығармашылық жұмыс:


1 орталық: «Төлдерін тап» сурет бойынша төрт түлік малдың төлдерін тауып, қасына орналастыру.




2 орталық: «Үй жануарларын құрастыр» Әр жануарды 4 немесе бірнеше бөлікке бөліп, оның жартысын тауып құрастыру.


3 орталық: «Жануарларды жапсыру» өзіне ұнаған жануарларды таңдап алып, ақ қағазға жапсыру.


4 орталық: «Сүйкімді төлдерді бояу» сүйкімді төлдердің суреттерін түрлі түсті бояумен бояу.








Шаттық шеңберінде бір –біріне тілек айтады.











Көз алдарына елестетіп отырады.









Сұрақтарға жауап береді.


Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.


Бұзау, құлын, бота, қозы, лақ



































































Тыңдайды Балалар өз ойларын қосады.






Балалар дыбыстарды ажыратып айтады




Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт


Сиыр-бұзау: Аухау – аухау


Ешкі – лақ: Шөре – шөре


Жылқы –құлын: Құрау – құрау. Түйе – бота: Көс-көс
















Суреттерді атайды






Үй жануарлары – домашные животные, сиыр –корова, жылқы – лощадь, түйе – верблюд, қой – баран, ешкі – коза.







Сергіту сәтінде әнді орындайды




Балалар шығармашылықпен жұмыс жасайды.




Рефлексивтік-

түзетушілік


Тәрбиеші:


-Төлдер туралы өлең оқиын, сендер қай төл екенін табыңдар.


Шөре –шөре лағым,


Тентек болма шырағым.


Секеңдемей деміңді ал,


Селтеңдеме құлағың.



Қара көзің мөлдіреп,


Қызықтырмай қоймайды.


Жібек жүнін үлбіреп,


Қарасам көз тоймайды.


Әукім – әукім әукешім,


Қасиыншы әукесін.


Енең әне келеді,


Ақ мамасын береді.


Құлыншағым құндызым, Құлдырайды шабады.


Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.


Балалар біз Атаймен бірге ойын ойнайық.


Дидактикалық ойын:


«Төлдерін тап та, көрсет»


Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету.

Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.


Сабақты қорытындылау:


Сонымен балалар үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

















Лақ








Бота










Бұзау










Құлын












Ойынға белсене қатысады