Сюжеттік-рөлдік ойын: Жұлдыздар дүкені

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


122 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі

Апсаликова С.Е


Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дүкен»

 Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»

 Білімділік мақсаты: :Балалардың диалогты сөйлей білуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.  

 Дамытушылық мақсаты:Ойын кезінде бір-бірімен байланыста       бірнеше  әрекет түрлерін атқаруға талпындыру.

Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.

Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.

Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.

Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет

Балалар: (Топқа әуенмен кіреді.)

Тәрбиеші: Саламатсыздарма!

Хош келдіңіздер!Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін.

1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?

Айкүн:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.

2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?

Сафия:Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».

3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?

 Адиля:Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.

Ойыншықтар неден жасалады?

4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?

Адия мен Әлиша:ретімен кояды.123:321:

Меңгеруші:Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.

Айкүн:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.

Сафия:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой.

Адиля:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.

Адия мен Әлиша: Сендер сандарды өте жақсы айыра білдіңдер .касса бөліміне бара ғойыңдар.

Сатып алушылар:Абдолла, Исмаил, Ясмин, Алуа, Райымбек, Ескендір, Айсана.

Күзетшілер: Эльхан мен Мират


Ойын ситуациясы: Сатып алушылар кезек-кезек дүкенге кіреді.

Өздеріне ұнаған бөлімдеріне барады.

Сатып алушы-Алуа: Сәлеметсіз бе, сізде банан бар ма?

Сатушы-Айкүн: Ия, бар. Міне алыңыз.

Касса бөліміне барып, тауарды береді.

Кассир1-Адия: Сізден 1 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.

Шыға берісте, күзетші тұрады.

Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.


Сатып алушы-Абдолла: Сәлеметсіз бе, сізде машина бар ма?

Сатушы-Адиля: Ия, бар. Міне алыңыз.

Касса бөліміне барып, тауарды береді.

Кассир2-Әлиша: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.

Шыға берісте, күзетші тұрады.

Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.


Сатып алушы-Айсана: Сәлеметсіз бе, сізде балмұздақ бар ма?

Сатушы-Сафия: Ия, бар. Міне алыңыз.

Касса бөліміне барып, тауарды береді.

Кассир1-Адия: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.)

Шыға берісте, күзетші тұрады.

Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.

Осылай барлық сатып алушылар кіріп шығады. Соңғы сатып алушы кеткенде. Дүкен жабылады.


Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!



[pic]

[pic]

[pic]