Разработка Ата - аналар арасындағы жарыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...









[pic]














Толағай спорттық жарысы
Тақырыбы: «Сергектік » спорттық жарысы.
Мақсаты: Ата аналарды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі: жіп, доп, сыпырғыш
,стақан,секіртпе
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті
ата аналар және көрермендер! Бүгінгі «Қызғалдақ» тобының ата аналарының арасында өткізіліп отырған «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы
ат аналарды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
«Тұлпар» тобы
:

Топ ұраны:
Топ басшысы:
Мүшелері: 1.

2.
3.
4.
«Жас қыран» тобы:

Топ ұраны:
Топ басшысы
:
Мүшелері: 1.
2.
3.
4.
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз..
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Секірмек»
3. «Фут баскет»
4. «Сенбілік»

5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Шелектегі суды қасықпен тасу

Сонымен бірінші ойынымыз
1.
«Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
2. «Секірмек». Қатысушы топтар скакалкамен жүгіреді.
3. Фут. баскет. Бірінші ойыншы допты қолымен айдап әкеліп, екінші ойыншыға береді. Ал, екінші ойыншы допты аяғымен кезек-кезек айдап әкеледі. Үшінші және төртінші ойыншы допты қолмен айдап, алтыншы ойыншы аяқпен орындайды.
4. «Сенбілік» Шеңбер ішіндегі сыпырғыш бөліктерін
үш ойыншы бір-бірлеп әкеліп төртінші ойыншыға береді. Ал, төртінші ойыншы сыпырғыштың бөлігін ала жүгіріп доптарды сыпырғышпен кері сыпырып әкету керек.
5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Стақандағы суды трубочкамен ішіп таусу

Жүргізуші:Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Ортаңғы «Қарлығаш» тобының балаларының орындауында «Толағай» әні.

Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.
Құрметті
ата аналар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.