Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Күз сыйы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: Мектепалды

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Күз сыйы

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Балаларға күз мезгілі, бау – бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс – жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: бақта,бақшада,егін
көрнекіліктер:жыл мезгілінің суреттері,көкөністердің, жемістердің суреті.

Билингвалды компонент:күз-осень,жеміс-фрукты,көкөніс-овощи

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар.

-Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?

-Жақсы

-Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
жауап береді.


Балалар шеңбер құрып тұрады




Ұйымдастыру-іздестіру












































Рефлексивті-түзетушілік


Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Күз сыйы « деп аталады.

Сонымен бізде қазір жылдың күз мезгілі.Балалар күз мезгілі туралы тақпақтарын еске түсіреді.

2.Күз мезгілінің неше айы бар?

1.Күз мезгілінің ерекшеліктерін атайық.


Балалар айтындаршы «Күз» мезгілінде қандай өзгерістер болады.

Балалар плакатқа суреттерді жапсырады.Тәрбиеші балалардың толық жауап беру кере екенің айтады.



Бүгін біз сендермен «күз сыйы» жемістер мен көкөністермен танысамыз

Тәрбиеші екі үстелге көкөністер мен жемістерді қойып олар туралы балаларға түсіндіреді.Олардың қайда өсетіні туралы айтады.

Сөздік жұмысын жүргізу.
Бақта -әртүрлі ағаш(алма ағаштар,өрік,алмұрт) өсірілетін жер.
Бақша –көкөністер (қауын,қарбыз,қияр,т.б) егілетін жер.

Билингвалды компонент
күз-осень,жеміс-фрукты,көкөніс-овощи

Сергіту сәті: трата-та.

Үлестірмелі карточкамен жұмыс «Артығын тап?»

Тәрбиеші

Балалар сыйқырлы сандықшадан кәмпит алып екі топқа бөлінеді.

д/ойын «Жеміспен көкөністерді себетке жина»

Қорытынды бүгін не туралы айттық.жемістер қайда өседі?Көкөністер қайда өседі? Балалар оқу іс-әрекеті ұнадыма сендерге.

Мадақтау жақсы жұмыс істеген балаларды атап өту.


-Балалар сұраққа жауап береді






Күз мезгілі

күн суытады жемістер піседі

егін

құстар ұшып кетеді

Жапырақтар сарғаяды



Тапсырма орындалады.









Балалар толық жауап береді







Балалар үстелде отырып орындайды.







-Балалар сұраққа толық жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Күз мезгілінің ерекшеліктерін толық ажырата білді.

Түсінеді: оқу іс-әрекетке деген қызығушылығы артты.

Қолдана алады: Сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешу, ойын ойнау арқылы рухани қасиеттерін арттыра отырып, сөйлеу қабілетін дамытты.