Открытый урок по хореографии на тему Сиқырлы би әлемі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:-«Сиқырлы би әлемі»

Міндеті:

-Оқушыларды би әлемімен таныстыра отырып, мағлұмат беру.

Мақсаты:

-Оқушыларды би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, тұла бойының әсем жаратылуының қалыптасуына, сымбаттылыққа, кәсіби деңгейде билеуге үйрету;

-Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Би өнеріне икемі бар талантты балалардың мерейін үстемдетіп, осы өнер жолын таңдауға көмек көрсете отыра шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасау, қабілетін жетілдіру;

-Би әлеміне баулу, бір-біріне мейрімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: -Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнектілігі:

-Қуыршақтардың суреттері, жарнамалық буклет, презентация, үнтаспа.

Музыкалық шығармалар:-Д.Шостакович «Шутка», «Кукляндия», «Табиғаттың дыбыстары» .

Сабақтың барысы

Мұғалім балаларды қатармен би залына кіргізіп орындарына тұрғызады.

-Балалар,сіздерді осы би залында көргеніме өте қуаныштымын. Назар аударыңдаршы жарда айналар ілініп тұр, арнайы белдемелер бар, осы жерде би құдіретін өзімізге бағындырамыз. Менің атым Ардақ Жайшылыққызы, мен би пәнінің мұғалімімін –хореограф. Сіздер хореография не екенін білесіздер ме?

Балалар жауап береді.

-Дұрыс. Хореография-би өнері. Мен балаларды билеуге үйретемін. -Сендер билегенді ұнатасындар ма?

Ол үшін не істеу керек?

Балалар жауап береді.

-Дұрыс, билеуді үйрену керек. Би өнерінің қыры мен сыры, ойы мен сезімі халықтың дәстүрлі істерін суреттейді. Би билеуді үйренгілерің келе ме? Олай болса қазір мен сендермен бірге ғажайып би әлеміне аттанамын. Би арқылы өздеріміздің ішкі сезімдерімізді айтып жеткізіміз.

Балалар би билеу үшін тағы да не қажет?

Балалар жауап береді.

Әрине бұл-музыка. Шостаковичтің «Шутка»туындысынан үзінді.

Балалар бұл шығарманы тыңдағанда көз алдарыңа не елестеді?

Балалар жауап береді.

  • Балалар, ендеше біз қуыршаққа айналып, қуыршақ биін билеп көрейік. Балалар сендер «Марионетка» кім екенін білесіңдер ме? Бұл қуыршақ театрындағы аяқ қолдарын жіппен байлаған қуыршақтар.Осы жіптерді тартқан кезде қуыршақтар қимылдайды.

-Музыка ойнайды. Мұғалім марионеткалардың қимылын көрсетеді, балалар қайталайды.

-Балалар қуыршақтардың тағы бір түрі бар-ол механикалық қозғалыс арқылы қимылдайтын қуыршақтар.

Шостаковичтің «Шутка»музыкасы қосылады. Мұғалім би қимылдарын көрсетеді, балалар орындап қайталайды.

-Балалар біздің қуыршақтар шаршап қалған сияқты.

-Оқушылар еденге жатып релаксациялық жаттығулар орындайды. «Табиғат дыбыстары»атты композиция орындалады, мұғалім ғажайып аралда тұратын әдемілік пен мейрімділік туралы айтып береді.

Балалар сондықтан сондай ғажайып аралды бізде жасап көрейік-, деп мұғалім ұсыныс жасайды.

Балалар үлкен шеңбер жасап би элементтерін үйрене бастайды (қол, аяқ қимылдары, би жүрістері, секіру, айналу қимылдары). Содан кейін қуыршақ биін орындайды.

Мұғалім:

-Жарайсыңдар қуыршақтар! Бірақ сиқырдың күші кетіп сендер кәдімгі адамдарға айналдыңдар. Балалар сендер би әлемі туралы не білдіңдер. Сіздерге би сабағы ұнады ма?

Балалар жауап береді.

Би билеу үшін көп тер төгу керек. Би әлемін меңгеру үшін сабақтан қалмау керек, шыдамдылықпен, төзімділік керек. Балалар осымен би сабағы аяқталды.

Балалар би қимылы арқылы қоштасады.








[pic]


Ақтөбе қалалық білім бөлімі [pic]

33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығы

Дошкольный образовательный Центр № 33«Нұрсәт»

Pre-school education centre33«Нұрсәт»


[pic]










Ашық ҰОІӘ

"Сиқырлы би әлемі"

2015-2016 оқу жылы











Би жетекшісі:Қыдырбай .Г.