Утренник Отбасы - өмір тірегі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Айналайын» бөбекжайы



















«Отбасы –өмір тірегі»атты ертеңгілігіміз











Тәрбиешілер: Алинбаева Р.Т.

Хизирова Д.М.









Приозерск - 2016

«Отбасы - өмір тірегі»


Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар ата-аналар.ұстаздар! «Жұлдыз»тобының Республикалық отбасы күніне арналған «Отбасы – өмір тірегі»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер Республикалық отбасы мерекесі баршаңызға құтты болсын!Әрбір отбасына бақ – береке тілейміз!

2-жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілік 2 бөлімнен тұрады:

1.Отбасылық сайыс.

2.мерекеге арналған құттықтаулар.

1-жүргізуші:Олай болса отбасылық сайысымызды бастайық.


Сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

1Ж.Бейсенбай

2С.Қайырбек

3.С.Ермек


2-жүргізуші:Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру.

2.Тәрбиелік мәні бар көрініс.(Әжесімен немересі)

3.Мақалдың мәнін ашу және жалғасын табу(аналарымыз)

4.Үй тапсырмасы. (Әжесімен келінінің қол өнері)

1-жүргізуші:Осы сайыскерлерді әділ бағалайтын әділ қазылармен таныстырып өтейік.

1.Күлмағанбетова А.Ж.балабақша директоры

2.Жібек Қанатбековна топтағы ата –ана.

3.Даниялдың ата-анасы.

2-жүргізуші:

Асылдай әжелерім қартаймашы

Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы

Өздеріңді мәңгілік аялаймыз

Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы

1-жүргізуші:

Кішентай бүлдіршіндер,апалар мен әжелер де келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен,ізетпен танысуға.

Енді сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді.

Сөз кезегі өздеріңізде.(3мин)Жоғары ұпай 5 тен 2 балл аралығында

2-жүргізуші:Әке асқар тау.

Ана мөлдір бұлақ.

Бала жағасындағы құрақ демекші,сайысымыздың ендігі кезеңі көрініс

«Тәрбие тал бесіктен басталады» (көрініс)

1-жүргізуші:3 кезең: Мақал-мәтел сайысы

3.Мақалдың мәнін ашу (аналарға)

І.Ұяшық:
1.Өз білмегеніңді үлкеннен сұра (Үлкенболмаса,кісіден сұра)
1.Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
2 «Ана – балаға жастық,әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу.
ІІ.Ұяшық:
1Оқу –білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
2 Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3Қарағайға қарап тал өсер(Қатарына қарап бала өсер)
4 «Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу

ІІІ. Ұяшық
1Ержігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
2Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
3 Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
4 «Бала отбасының айнасы» Мақалдың мәнін аш
ІV.Ұяшық
1Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)
2 Ағаның үйі (ақ- жайлау)
3Білім басы –бейнет, ( соңы-зейнет)
4 Қартың болса,жазып қойған хатпен тең. Мақалдың мәнін ашу.
V. Ұяшық
1Қызым, саған айтам, (Келінім ,сен тыңда)
2Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
3Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
4 Өз балаңды өскенше бағасың,

2-жүргізуші:ІV.Үй тапсырмасы. (Әжесімен келінінің қол өнері)

 Шеберлерім өнер  тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.

1-жүргізіуші:Әділ қазы шешеді

Істің ақ пен қарасын

Бүгінгі міне сайыстың

Әділ берер бағасын.


       Құрметті қонақтар,әжелер,апалар мен  кішкентай бүлдіршіндер!

«Отбасы - өмір тірегі» атты отбасылық сайыс өз мәресіне де жақындады.


ІІ-кезең Мерекелік тақпақ,ән айтамыз

Бас бармағым –атам, үйдің данасы

Балан үйрек –әжем, ошақ анасы

Ортан терек –әкем,үйдің панасы

Шылдыр шүмек- анам,үйдің ажары

Кішкене бөбек-мен, бәрінің базары




Алинұр:Анаң-күнің,жүрегің,

Әкең-өмір тірегің

Әжең –асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Ағаң-қамқор асқарың,

Інің-мөлдір аспаның.

Жания:Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.


Базарға өзі барады,

Бәрін сатып алады.

Суды Сырым әкелсе,

Жүсіп отын жарады.


Ерасыл:Жұмсайды әжем меніде,

Тауыққа жем беруге.

Ауырады кей кезде,

Аяғы да, белі де.


Біз дәрісін табамыз,

Қамқорлыққа аламыз.

Әжемізді өзіміз,

Демде емдеп аламыз.


Ануар Әжелердің шаттығын

Құттықтайды балалар

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық,мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Ару: Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

Ән: «Жақсы көрем атамды,

жақсы көрем әжемді».

Мұратбек: Анамызды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз





Диана:Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.


Батырхан Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мейраммен

Құрметті абзал аналар


Гүлімай:Анам мені:«Айым»-дейді

Мен мұңайсам,уайым жейді

Анам мені:»Күнім»-дейді

Мен қуансам,күлімдейді.


Бекарыс:Ойнаймыз,күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз


Даниял:Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз

Вероника:Әжем өрнек тереді,

Сырмақ отыр оюлап.

Басы ауыра береді,

Шай ішпесе, қоюлап.

Сезім:Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.


Елсияр:

Атам менің аманда

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем

Қуаныш:БАлдын орап кісінің

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.




Ескендір:Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап,

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.


Мақал-мәтелдер

Аға әдепті болса,

Іні де әдепті.

Апа әдепті болса,

Сіңлі де әдепті.

Ағадан ақыл,

Ініден ізет.



Ана алдында-құрмет,

Ата алдында қызмет.


Өз жұртым Сұлтанбек:

Баламын есті мен-

Атамнан естіген.

Үш жұртты білемін,

Таратып беремін.

Бабамнан басталар,

Өз жұртым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі-

Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі-

Ақ шашты әжем бар.

Шөбере баласы

Шөпшек деп аталар

Шөпшектің баласы

Немене саналар

Осы ұрпақ жалғасы

Жеті ата бола алар.


Балнұр:

Ұлдардың үлкені-

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені-

Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі-

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі

Бір туған қарындас,

Әпкеге сіңлі бар.

Әкеге мен-Бала,

Атаға-немере

Немере баласы,

Болады шөбере





















Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік

1-жүргізуші:Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

   Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізден алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар