Қазақ тілі 5-сынып
Сабақ тақырыбы: Киім атаулары
Сабақ мақсаты:
Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.
Дамытушылық: тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес киінуге,әсемдікке, сұлулыққа баулу.
1.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Киім - дегеніміз адамға ең қажетті, мәдени материальдық элемент болып табылады. Киім үлгілері адамның өсу ортасына, ұлттық мәдениет пен дәстүрге байланысты өзгереді.
1. Осы киімдер пайдаланылуына қарай нешеге бөлінеді?
- Үшке.
2. Енді соны кім айтады?
- Тұрмыстық, өндірістік, формалық.
3. Тұрмыстық киімдерге не жатады?
- Сәнді, салтанатты, ұлттық, үйде, мерекелік, күнделікті, спорттық.
4. Өндірістік киімдерге не жатады?
- Дәрігерлік, аспаздық, санитарлық.
5. Формалық киімдерге не жатады?
- Әскери, ұшқыш, стюардесса, полицей, сатушы, мектеп формасы.
Маусымдық белгілері бойынша қалай бөлінеді?
- Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей және көктем мен күз маусымдарына арналған киімдер.
Киім сатып алғанда ескеретін талаптар: сапалы ,ыңғайлы ,әдемі т.с.с
Сөздік
Киім- одежда қысқы-зимний жазғы- летний күзгі-осенний
Тон-шуба құлақшын- шапка(ушанка) күрте-куртка
қолғап-варежки жейде-рубашка көйлек-платье белдемше-юбка
шалбар-брюки аяқ киім- обувь пима-валенки етік-сапоги
бәтеңке-сапоги жылы-теплый қысқа-короткий
ұзын-длинный былғары-кожаный ыңғайлы-удобный
сапалы-качественный
Кесте толтыру
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр
1.Дүкеннен,сатып алдық,біз, күрте,күзгі.
2.Киінеді,адамдар,қыста,жылы.
3.Көйлегі,әдемі,анамның,өте.
Септік жалғауларын анықтау.
Сабақты бекіту.Үйге тапсырма диалог (3сұрақ-3жауап)
Бағалау