|
Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Сұлушаш» романы Тобы: 6 топ Күні: 22.02.16ж а) Білімділік: С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» романының мазмұнымен тан
Автор публикации: Акимбекова К.М.
Дата публикации: 2016-04-21
Краткое описание: ...
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі Жарияланды [link] Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі (презентациясымен)
Мақсаты: «Қамар сұлу» романында көтерілген әлеуметтік, адамгершілік мәселелері жөнінде азаматтық пайымын тереңдету, ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдету, романның құндылығы неде екенін жете ұғындыру; сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту; ұлттық салт - дәстүрді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Оқыту нәтижелері: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы, «Қамар сұлу» романы туралы жан - жақты біледі; Прозаны құрылысына, мазмұнына қарай талдауға машықтанады; Өзіндік пікірлері қалыптасады; Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады. Негізгі идеялар: «Адамдық негізі - әйел» М. Әуезов
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/ /2 мин/. «Жүректен жүрекке» Топқа бөлу. 1. Қамар 2. Ахмет 3. Омар 4. Жәуке 5. Жорға Нұрым 6. Оспан би
Сабақтың ережесімен таныстыру: • Белсенді қатысу • Тыныштық сақтау • Бірін - бірі тыңдау • Ойын ашық айту • Ынтымақтастық Бағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)
4. «Миға шабуыл» Білім: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы, «Қамар сұлу» романы бойынша «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ - жауап (бір - біріне) Сергіту сәті: Поэзия минуты. С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу. Бір ақын бар есімі оның екі түбір төрт буыннан, төртеуі де бітеу буыннан тұрады. Бұл кім? Ұлы Абайдың «Жиырма жеті жасында, Әбдірахман көз жұмды. Сәулең болса басыңда, Кімді көрдің бұл сынды» деп жоқтау жазғаны белгілі. Көріпкел кемеңгер осы жолдарын енді бір 20 - 30 жылдардан кейін өмір сүріп, өзінен үйреніп, өзін жалғастырып жарқ ете қалатын жарық жұлдыз Сұлтанмахмұтқа да арнап кеткен сияқты. 27 жасында көз жұмған С. Торайғыров қиыншылықпен өткен қысқа өмірінде әлденеше лирикалық өлең, бес - алты поэма, ондаған мақала, екі роман жазды. Біз алдыңғы сабақта «Қамар сұлу» романының композициялық құрылысына талдау жасағанбыз. Бүгінгі сабақта «Қамар сұлу» романы бойынша тағы да тереңірек ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе отырып, әйел тағдыры, оның сипаты, жан және тән жарасы жөнінде ой толғаймыз. Түсіну: Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратады. Үйден танысып келген материалдары бойынша тапсырмалар орындайды. Постер құрады. І топ: Сөзжұмбақ шешу «Қамар сұлу» ІІ топ: «Талқылау» кестесін толтыру ІІІтоп: «Талдау» кестесін толтыру ІV топ: «Қамар сұлу» романының тіл ерекшелігін сипаттау Vтоп: Мақал - мәтелдердің романда қолданылған тұстары V І топ: Кесте бойынша дәуірге байланысты сипаттама беру Дайындаған постерлері бойынша баяндайды. Сергіту сәтінде С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды
Қолдану: DEBONO қалпағы бойынша тапсырма орындау. І топ: (Ақ қалпақ) «Қамар сұлу» романына жарнама жасау ІІ топ: (Сары қалпақ) «Қамар сұлу» романының идеясының жағымды жақтары, жетістіктері мен жақсылықтарын айту І топ: (Қара қалпақ) «Қамар сұлу» романының кері әсері, жағымсыз жақтары. І топ (Қызыл қалпақ) «Қамар сұлу» романынан алған әсер. Неге сенімдімін, неге көзім жетті? І топ (Жасыл қалпақ) «Қамар сұлу» романынан туындаған жаңа идея, мүмкіншілік. І топ: (Көк қалпақ) «Қамар сұлу» романы бойынша барлық қалпақтардың бағыттарын бақылау. Пікірлерін ортаға салу. Сергіту сәті Әріптер бойынша ән айту Талдау: - Балалар, «Қамар сұлу» романын оқи отырып, біздің бойымызда бір сезім туды. Ол - психологиялық сезімдер. Атап айтсақ, елестету, сүйсіну, жек көру, жаны ашу, өкініш, таңдану. (әр топқа бөліп беру.) І топ: Елестету ІІ топ: Сүйсіну І топ: Жек көру І топ: Жаны ашу І топ: Өкініш І топ: Таңдану Өз сезімдерімен бөліседі. Сергіту сәті (2 минут) «Мақал - мәтел» жарысы Синтез: «Кейіпкерге хат» (Қамар, Ахмет, Омар, Қасен, Нұрым, Жәуке ) Диалогке түсіп, жұппен, топпен орындау. Бағалау: 1. Тест құрастыру (топтар бір - біріне құрастырған тесттерін қояды)
Рефлексия Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді? Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір - бірлерін бағалайды, жиынтық бағалау. Келесі оқуға: 1. С. Торайғыров туралы сұрақтар дайындау. 2. 1917 - 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті туралы танысып келу. 3. Қазақ әдебиеті оқулығы 233 - 240 беттер
Мұғалім: - Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле - біле» деген сөзін әрқашан естеріңізде сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.
|
|