Қазақ әдебиеті. Күй аңызы Қайталау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8«А»

Мұғалімнің аты-жөні: Сайлаубаева Тогжан Жаслановна.

Сабақтың тақырыбы: Жазушының тіл қолдану шеберлігі, сюжет тартымдылығы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс - әрекеттері туралы, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс - тіршілігіне назар аударту, әңгімені қорытындылап, алған білімдерін жинақтап, жазушының тіл қолдану шеберлігін көрсету.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, INSERT

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Көрнекіліктер: суреттер, оқулық, тірек-сызбалар, кластер, Т. Ахтановтың портреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, түгендеу.

Ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Т.Ахтанов жайлы кластер жасау.

2. «Күй аңызы» әңгімені қысқаша әңгімелеу.

III. Кейіпкерлерді суреттеу.

Жазушының тіл қолдану шеберлігін пайдалана отырып кейіпкерлерді суреттеп жазу.

IV. Сергіту сәті. «Аттар»

V. Ой қозғау.

«... Он алты - он жеті жаста болар...», «... ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..», - деп ойлайды ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?

VI. Сабақты бекіту:

Тақтада суреттер ілініп тұрады соларды тандау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1. Жазда келе жатқан екі жолаушы кімдер?

2. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе,- деп кім және не себепті бұлай айтты?

3. Ердің атындағы ұзын қызыл қоржыннан не шығып тұр?

4. Екеуінің әңгімеден кейін көңілі жүдеп, үнсіз келе жатқанда, суалып қалған жырадан не кездестірді?

5. Домбыраның құлағын бұрап, машықты әуенмен Естемес нені бастады?

6. Күйді бастауға қандай оқиға әсер етті?

7. Нардың соңынан ерген екі аттылы қайда келді?

8. Қараша үйде жолаушылар кімді кездестірді?

9. Шал Естемеске қандай қолқа салды?

10. Иіп тұрған нарды Жаңыл неге саймайды?

11. Оразымбет күйді жалғастырғанда нардың сүті шелекке сауылдап құйыла берді. Осылай дүниеге келген жаңа күйдің аты не?

VII. Рефлексия.

INSERT әдісі:

Не білдім?

Не білем?

Не білгім келеді?

VIII.Үйге тапсырма беру: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.

IX. Бағалау.

Сабаққа қатысулары бойынша оқушыларға баға қою.