"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі" ММ
Ашық сабақ:
«Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы».
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлем
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Садуева К.С.
Қостанай қаласы
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайымен таныстыру;
2) оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
3) өнерге және өнер адамдарына құрмет көрсетуге, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуына, еліміздің білікті азаматы болуына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, мұражайдағы суреттері, видиофильм.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсат қою.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 оқушы -Күрделі сөздерді 3 топқа бөлу.
Қора – қора, ақсақал, қарын – қарын, темірқазық , түйе – түйе, соқыртеке, ауыл – ауыл, жолсерік, буып – түйдік, үнтаспа, ыдыс – аяқтар, итмұрын, жеделхат, айқыш – үйқыш, бүгін, бес - он, Төлқұжат, ойдым – ойдым, саз – батпақ, бағдаршам, тұра – тұра, отбасы әлсін – әлсін, тап-таза..
2 оқушы: Синтаксистік талдау жаса:
3 оқушы- Билет №16 –Мұражай /жатқа айту/.
Блиц –сұрақтар:
1. Мұражай деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
2. Мұражайдың қандай түрлерін білесің?
3. Сенің қалаңда қандай мұражайлар бар?
4. Әбілхан Қастеев кім?
5. Әбілхан Қастеевтың қандай жұмыстарын білесің?
6. Мұражай қандай іспен айналысатын мекеме?
7. Мұражай ісінің негізгі бағыттарын атаңдар?
8. Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы».
1. Сөздікпен жұмыс
шолпы - подвески; серебряные украшения, подвешиваемые к женской косе
білезік – браслет,
зергерлік бұйымдар- ювелирные изделия
сырмақ - вышитая кошма
кескіндеме –живопись
мүсін –скульптура
Кеңес Одағы- Советский Союз
көркемсурет- художественный
қолданбалы өнер- прикладное искусство
қолөнер -рукоделие
көрермен-зрители
ірі-крупный
туындылары – произведения
Жаңа сөздермен сөз тіркестер құру.
Видеофильм көрсету.
IV. Мәтінмен жұмыс
- мәтінді оқып, аудару.
Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы
Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1935 жылы құрылды. Мұражай 22 000-ға жуық экспонат бар. Мұражай өте бай қорға ие. Бұл жерде көрермен Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы көп мәлімет алады.
Мұражай 12 залдан тұрады.
1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған.
2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Жас Абай”, “Түрксіб”, «Жамбылдың портреті», «Шоқан Уәлиханов» т.б. шығармалар қойылған.
3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. Экспозицияға кілемдердің неше түрлері, сырмақ қойылған. Зергерлік бұйымдар: білезік, шолпылар, т.б.
4,5,6,7-ші залдарында Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, Калмыковтың т.б суретшілердің шығармалары орын алды.
8-ші зал Қазақстан графикасына арналған.
9, 10-шы залдарда 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне және Батыс Еуропа өнеріне арналған.
11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар.
12-зал шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады.
Бүгінде Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет мұражайы болып табылады.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
- Ә. Қастеев мұражайы қашан құрылған?
- Бұл мұражайда қанша экспонат бар?
- Мұражайдың неше залы бар?
- Ә.Қастеевтің шығармалары қай залда орын алған?
- Зергерлік өнер түрлерін қай залда көруге болады?
V. Дәптермен жұмыс.
Синтаксистік талдау жаса:
-Қайрат Ә.Қастеев мұражайында болғандықтан, ол суретшінің шығармаларымен танысты.
-Мұражайда тарихи экспонаттар жиналса, олар адамдары қызықтырады.
V I. Бекіту
Тест сұрақтарға жауап беру.
1 нұсқа
1. Ә.Қастеевтың туған жылы
А) 1854 В) 1958 С) 1904 Д) 1973 Е) 1804
2. Ә.Қастеев кімнің көркемсурет студиясында білім алады?
А) Ш.Уәлихановтың В) Н.Хлудовтың С) Н.Крутильников
Д) П. Кузнецовтың Е) И.Репиннің
3. Ә.Қастеевтың атындағы мұражай қашан ашылды?
А) 1935 В) 1936 С) 1937 Д) 1973 Е) 1835
4. Ә.Қастеевтың шығармасы
А) «Абай жолы», «Ескендір» В) «Шопан», «Менің ауылым»
С) «Жас Абай», «Түрксіб» Д) «Дала», «Қыста» Е) «Өзен», «Құлагер»
5. Бұл қандай сөйлем: Бесікке баланы бөлейді, өйткені бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.
А) жай сөйлем В) сабақтас құрмалас сөйлем С) салалас құрмалас сөйлем
Д) атаулы сөйлем Е) сұраулы сөйлем
6. Қайталама сөзді табыңыз
А) балапандар В) бала-шаға С) сап-сары Д) жақсы-жаман Е)0аза0ша-арабша
7. Біріккен сөзді табыңыз
А) тазалық В) мүсінші С) суретші Д) көркемсурет Е) сарт-сұрт
8. Етістік дегеніміз не?
А)Заттың сынын білдіреді В)Заттың санын білдіреді. Д)Заттың іс- қимылын білдіреді. С) Заттың атын білдіреді. Е) Заттың сапалық белгісін білдіреді.
9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз.
А) және В) сондықтан С) бірақ Д) немесе Е) сол үшін
10. Жатыс септікте тұрған сөздерді табыңыз.
А) мектепке, Асанның, дүкенде В) ағасында, кітапта, теңізде
С) Олжаста, жұмыстан Д) Асанда, күнге, сыныпқа
11. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не сең барасың, не мен жалғыс барамын В) Күн суық, әрі қар борап тұр
С) Батырлар шайқасқа кетті, бірақ шайқас болмады
Д) Бірде ән салады, бірде куй тартады Е) Әжем үйге кетті
12. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы мүшелері
А) бастауыш, баяндауыш В) баяндауыш, толықтауыш С) пысықтауыш, анықтауыш
Д) анықтауыш, бастауыш Е) толықтауыш, баяндауыш
13. Себеп-салдра салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз.
А)Біресе,кейде,бірде В)Не,немесе,яғни С)Бірақ,алайда,дегенмен
Д)Біресе,немене,не Е) Өйткені, сондықтан, себебі
14. Реттік сан есімді табыңыз.
А)Он төрт В)Елу С)Бесінші Д)Екі бүтін оннан екі Е)Жүзден астам
15. Жалпы зат есімді табыңыз.
А)Астана В)Көксерек С)Арал Д) Асхана Е) Балқаш
2 нұсқа
Ә.Қастеев қайда туған?
А) Қостанай облысында В) Семей облысында С) Алматы облысында Д) Ақмола облысында Е) Қарағанды облысында
2. Ә. Қастеев мұражайының неше залы бар?
А) 15 В) 12 С) 20 Д) 11 Е) 14
3. «Жамбылдың портреті» кімнің туындысы?
А)М.Кенбаеваның В) Қ.Тельжановтың С) Ә.Жүсіповтың Д) И.Репиннің Е) Ә. Қастеевтің
4. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім
В) Бірақ жүргеннен кейін, әкемнің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді
С) Абай, әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ
Д) Егер мен шақырсам, досың, бізге келер ме?
5. Реттік сан есімді табыңыз.
А) он бес В) алтау С) жүздем астам Д) оныншы Е) он
6. Жалқы зат есімді табыңыз.
А) Оқулық В) Өзен С) Бала Д) Терезе Е) Абай
7. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.
А) алайда В) кейде С) да, де, және Д) сондықтан Е) біресе
8. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Әсет кітапханадан келді. В) Кеше күн суық болғандықтан, мен жылы киіндім.
С) Әсемпаз болма әрнеге. Д) Дүкенге не сен барасың, немесе мен жалғыз барамын.
9. Мақалды аяқта: Оқы да біл,......
А)Ойна да күл В)Терең білген С)Ат жақты Д)Қызықты Е)Абат
10. Өздік есімдігі бар сөзді табыңыз.
А)Түгел В)Осынау С)Біз Д)Барлық Е)Өздері
11. Қайталама сөзді табыңыз
А) үлкен-кіші В) ата-ана С) жүре-жүре Д) ойыншықтар Е) қырыққабат
12. Біріккен сөзді табыңыз
А) мәселе В) өнеркәсіп С) шығармалар Д) жар-жар Е) жақсы-жаман
13. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А) 4 В) 5 С) 2 Д) 3 Е) 6
14. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ ала В) Ақ С) Қара ала Д) Қара көк Е) Қызыл сары
15. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А)Қар жауды,сондықтан мен жылы киіндім.
В)Бүгін кітапханаға мен барамын немесе сен барасың.
С)Батырлар шайқасқа кетті,бірақ шайқас болмады.
Д)Егер жаңбыр жауса,астық мол болады.
Е)Сабаққа келмегендіктен,екі деген баға алдым.
Тесты тексеру.
VII. Қорытындылау. Бүгін сабақта не білдіңдер?
VIII. Үйге тапсырма:
монолог, жаңа сөздерді жаттау, ережелерді қайталау.
Бағалау.
Рефлексия