Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың мақсаты:
Дара және күрделі етістіктермен таныстыру, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, ізденушілік, танымдық қабілеттерін дамыту
Табиғатты, өсімдікті, құстарды аялауға баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу
Типі: жаңа материалды меңгерту
Түрі: ертегі сабақ
Әдісі: түсіндіру, топтық, жеке жұмыстар, сәйкестендіру
Көрнекілігі: Слайдтағы суреттер, үлестірмелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Психологиялық дайындық
Адам- сенің есімің,
Табиғат- тал бесігің.
Қамқоршысы бола біл,
Тимесін еш кесірің.
б) Топқа бөлу
I. Қызығушылығын ояту
1-слайд. Ағаштың суреті.
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ертегімізді бастайық
-Ерте , ерте, ертеде су болмай бір құс су іздеп жүріп, бір ағашты көреді. Ол ағашты құрттар жеп, әр жерін тесіп тастайды.
-Енді мен не істеймін? Маған кім көмектеседі? деп зарлайды. Оның даусын естіген құс қасына келеді.
-Саған, мен көмектесемін, ағаш дәрігері кім екенін білмеймін, бірақ іздеп көрейін- деп ұшып кетеді.
2-слайд. Құстың даусын естіп, табу
-Бізде сол ағашқа көмектесейік, қарлығаштың тапсырмасын дайындайық
3-слайд. Қарлығаштың тапсырмасы.
«Тапқыр болсаң талас жоқ»
1-топ 2-топ
Әтеш мөңіреді Шөп тікті
Ит ұшты Қарға оқыды
Ағаш үрді Шар өсті
Сауысқан шақырды Қыз ұшты
Сиыр өсті Тігінші жарылды
3-топ
Әсет фломастермен суреттер шығарды
Ақын өлең салды
Дәрігер балаларды пісті
Оқушы есеп емдеді
Пеш үстіндегі сүт жазды
4-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, бір құстың әнін естиді.
-Ол қандай құс? – бұлбұл
-Ол бұлбұлдан көмек сұрайды.
-Кешір, қарлығаш! Менің әнімді аң да , құс та, адам да жақсы көреді. Сен көмекті адамнан сұра,- дейді бұлбұл.
5-слайд. Бұлбұлдың тапсырмасы
Үй тапсырмасын тексеру
«Өткенге шолу»
-Етістік деген не?
-Етістіктің сұрақтарын ата
3. 1 минут ішінде етістікті білдіретін сөздерді жазу
6-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, бір құсқа соғылып қалады. Сол құстың дауысы. Қандай құс?(Үкі )
-Ол үкіге бәрін айтады. Бірақ үкі көмектесе алмайтынын айтады. Өйткені ол күндіз көрмейді.
7-слайд. Үкінің тапсырмасы
II. Мағынаны тану
а) Күн ретін жазу
ә) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
б) Тақтамен жұмыс
Оқушылар бір-бірден өздері ойлаған етістікті тақтаға жазады.
Дара Күрделі
Ұшты ұшып жұр
Осы етістікті сұрақ қою арқылы күрделіге айналдыру.
Ережемен таныстыру.
8-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, сауысқанды көреді. Оған болған жайды баяндайды. Одан көмек сұрайды.
-Әркімнің өз жұмысы бар, менің уақытым жоқ,-дейді сауысқан.
9-слайд. Сауысқанның тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс
4-жаттығу- 1 топ
5- жаттығу – 2 топ
6-жаттығу- 3 топ
10- слайд. Қарлығаш ұшып кетеді. Ол көлде жүзіп жүрген бір құсқа келеді. Оған ағашты емдеу керек деп өтініш айтады. Дауысын естіп, табу
-мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Мен саған ақыл айтайын, орманда үйсіз, жұмыссыз жүрген құстар да бар. Солардың бірін тауып, өтініп көр, -дейді аққу.
11-слайд. Аққудың тапсырмасы
Топтық жұмыс
1-топ
Ем- Қарта-
Жаз- Түн-
Ұйқы-
Сөздерді дара және күрделі етістіктерге айналдрып жаз.
2-топ
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Сатты,қалды,сөйледі,сүртті,ойнады,сүзді.
3-топ
Сөйлемдерді толықтырып жаз.Етістіктің астын сыз.
Балалар хайуанаттар бағына ---------------.
Қызық кітап --------------------.
Қарлығаштар ұшып -------------.
Ертең тауға ----------------------.
12-слайд.Қарлығаш аққудың ақылын тыңдап,ормандағы сенделіп жүрген бір құсқа тап болады.Сол құстың даусын тыңдайық.Ол қандай құс?(көкек)
13-слайд.Көкектің тапсырмасы:
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Кестемен жұмыс:
14-слайд. Қарлығаш не істерін білмей ұшып жүріп, бір құсқа кездеседі.Ол қарлығашты тыңдап, ағашқа келіп,құрт ауруын жазған екен. -Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?
-Тоқылдақ
15-слайд. Тоқылдақтың тапсырмасы:
III.Ой толғаныс.
Сабақты қортындылау.
Семантикалық карта толтыру.
өсті гүл
ұшып жүр
шашты
қарға
кетіп қалды
бала
қуанды
ойнап жатыр
Бекіту. Етістік сөзін топтастыру.
-Дара етістік қалай жасалады?
-Күрделі етістік қалай жасалады?
Үй тапсырмасын беру. Ертегіге ат қойып,ертегі жазып келу.
Бағалау.
Рефлексия.
-Сабақ сендерге ұнады ма?