Тақырыбы: «Сөз – мерген» тілтанымдық сайысы
(5 - 7 класс)
Мақсаты: ана тіліміздің қадір –қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырыны мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену,тіліміздің
мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта алуы еркін сөйлеуге баулу,тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір –қасиетін
бойларына дарыту.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, кітап бұрышы, мақал – мәтелдер жинағы
Ұлағатты сөздер:
«...Халық тілінің байлығын игеру - зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс.»
Ғабит Мүсірепов
«Тіл – жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды»
Абай
«Тіл дегеніміз -қай халықтың болмасын келешегі, тағдыры»
Бауыржан Момышұлы
«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»
Шыңғыс Айтматов
Барысы:
Кіріспе сөз. Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл -адам жанының тілмашы, тілі кем болса,
адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып,өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
Бүгінгі біздің сайысымызбен және оның ережелерімен таныс болыңыздар.
Алдымен қатысушыларды белгілеп алу үшін тақтадағы тапсырмаға назар аударамыз.
Бірінші баағандағы сөздердің екінші бағандағы сөзге қатысын тауып, сөз тіркесін
құрап мағынасын түсіндіре алған оқушыларды сайысқа қатысуға шақырамыз.
Төбесі көкке жетті – қуанды
Бармағынан бал тамған –шебер
Ат құлағында ойнайды - атқа жақсы отырады
Жүрегі тас төбесіне шықты –қорықты
Тайға таңба басқандай -анық
Бармағын тістеп қалу - өкіну деген сөз тіркестері мен олардың мағыналары
шығады.
Енді бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныс болайық.Ол келесідей бөлімдерден тұрады.
Тур: «Ойлы болсаң озып көр»
Тур: «Мақал - сөздің мәйегі»
Тур: «Жүйрік болссаң шауып көр» деп аталады.
Олай болса алғашқы турды бастайық. Оның шарты төмендегідей:
Бұл турда қазақ тіліне оның жалпы теориясына және әдебиетке қатысты сұрақтар оқылады, жауап нақты әрі тез болуы керек. Бағалануы – 10 ұпай.
Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім ( пунктуация)
Бес нәрседен асық бол,
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы. (Абай)
«Тіл дыбыстарын» зерттейтін сала қалай аталады? (фонетика)
Қазақ тіліндегі буын саны (3)
Қазақта тұңғыш дана ана кім? (Қарашаш)
Қазақта тұңғыш шешен кім? (Жиренше)
Тіл туралы заң қанша баптан,тараудан тұрады? (27 бап, 6 тарау)
Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
Желтоқсан құрбандарын ата (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е. Спатаев)
Үш би ( Төле, Қазыбек,Әйтеке)
Үш арыс (Сәкен,Ілияс,Бейімбет)
«Алтын адам» табылған жер (Есік қаласы,Алматы облысы)
«Қалқаман - Мамыр» поэмасының авторы (Ш.Құдайбердіұлы)
Республикалық балалар газеті («Ұлан»)
«Бөбек» қорының президенті (Сара Алпысқызы)
«Фаризаға» өлеңінің авторы (М.Мақатаев)
Тіл туралы бір шумақ өлең айт.
М. Әуезовтің ұлы (Мұрат Мұхтарұлы Әуезов)
«Қызыл кітап» поэмасының авторы (Қ.Мырзалиев)
Мағыналары бір – біріне жақын,бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы (синонимдер)
Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
Қазақ тілінде сөз табының неше түрі бар? (9)
Тур:
Шарты: Мақал – мәтелдер оқылады,жалғасын тауып аяқтау керек.
Бағалануы: 20 ұпай.
Бал тамған тілден у да тамар.
Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
Қол шешпегенді тіл шешеді.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тілде тиек жоқ, ауызда сүйек жоқ.
Тіріде сыйласпасаң, өлгенде жыласпа.
Өлмейтін жан жоқ, өшпейтін шам жоқ.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Жаманның ісі міндет болады, кішінің ісі құрмет болады.
Ауыз ашса, сыр көрінеді, есік ашса,төр көрінеді.
Өлеңді жерде өгіз семіреді,өлікті жерде молда семіреді.
Өсер бала өрісшіл болар,өспейтін бала керісшіл болар.
Сөздің басы қату болса, аяғы тату болар.
Адал адам аңқау болады, сорлы жігіт жалқау келеді.
Көп сөздің азы қымбат, бір сөздің өзі қымбат.
Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
Сөз білмеген жаннан, үре білген ит артық.
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
Жаман қарт тамаққа тоймас, зерек бала сабаққа тоймас.
Қайғы қан аздырады, мылжың ми аздырады.
Бір күндік ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Осымен 2- тур аяқталды. Ең аз ұпай жинаған екі сайыскер сайыстан шығады.
3 – турға екі сайыскер қалады.Біздің 3 –турымыз «Жүйрік болсаң шауып көр» деп аталады. Бұл турда 2 сайыскер 2 сөз тіркесін таңдау арқылысол бірнеше сөйлем немесе шағын мәтін құрап, оны қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен ағылшын тіліне толық мәтін аударылмасада ішінен бірнеше сөзін аударып оқып беру керек.
Бағалануы:тек қазақ тілінде оқыса- 10 ұпай, қазақ және орыс тілдерінде – 20 ұпай,
ағылшын тіліне аударылған әр сөзіне 5 ұпайдан беріледі.
Берілетін сөз тіркестері:
Адал дос
Менің арманым
Болашақ мамандығым
Сүйікті пәндерім
Туған тілім – байлығым.
Қорытынды:
Осымен біздің бүгінгі «Сөз мерген» тілтанымдық сайысымыз аяқталды. Қорытынды сөз бен ұпай санын жариялау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Әрқашан тілімізді құрметтеп, өзгелерге таныта жүрейік.