Планирование урока казахского языка “Қазақ ғарышкерлері ”

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Астана ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 31 МЕКТЕП-гимназиясы















САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақ ғарышкерлері

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің

10- сыныптарына арналған

Қазақ тілі” пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-

әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы

бойынша өткізілген ашық сабағы

[pic]



Сыныбы:10 «Г»

Мұғалімі: Даутбаева Рахыш Алмасовна







Астана қаласы 2016 жыл, наурыз

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ ғарышкерлері

Мақсаты:

Білімділік:





Дамытушылық:





Тәрбиелік:


Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды тұңғыш қазақ ғарышкерлерінің өмірі және жасаған ерліктерімен таныстыруды жалғастыру.

Оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу,тұжырымдау, алған білімін іс жүзінде пайдалана білу дағдылары, біліктіліктерін дамыту.

Қазақ халқының атақты адамдарын, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, оқушыларды Отанына адал қызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды бекіту сабағы.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі.Алдаспан.» оқулығы. Ортадан жоғары деңгей.(В1.2-Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім)

Жетістік критерийлері:

Оқушының төмендегі жетістігі:ғарышкерлер туралы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі: Өз сөзімен қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен жасаған ерлігі туралы айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі: Тақырып аясында сыныптастарымен ұлы тұлғалар жайлы сұхбаттасады.

Сабақтың көрнекілігі:

Проектор, слайдтар, плакат, маркерлер, стикерлер, тақырыпқа қатысты суреттер.

Оқыту әдістері:

«Жүректен жүрекке» тренингі, әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ПОПС формуласы, Ақылдың алты қалпағы ойлау әдісі, «Дұрыс-бұрыс», «Жалпы сұрақ» әдісі,

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Этнография, География, Ағылшын тілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, ғаламтор көздері..







Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық жағдай туғызу

«Жүректен жүрекке» тренингін өткізу. Оқушыларға жүрекше парақтар таратылады.

Параққа сыныптастырының есімін жазып бір –

,біріне тілектер айтады.

Оқушыларды топқа бөлу

Топқа бөлініп отыру үшін оқушыларды ортаға шығарып,атомдарға бөлу арқылы 3 топқа бөліп отырғызу. Топ басшысына сабақ барысында топтағы оқушылырдың жауабын белгілеп отыру үшін бағалау парағын береді, сабақ соңында бағалау парақтарын жинап алып, жалпы қорытындысын шығарады.

Сынып оқушылары атомдарға бөліну арқылы 3 топқа бөлініп отырады. Әр топта топ басшысы сайланады. Топ басшысы бағалау парағына сабақ барысында топтағы оқушылардың жауабын белгілеп отырады.

  1. Өткен тақырыпты қайталау

Қайталау сұрақтары

- Қазақ ғарышкерлері деп кімдерді айтамыз?

- Байқоңыр айлағы туралы не білесіңдер?

-Ғарышқа ұшу ерлікке жата ма?- деген сұрақтарға жауап береді.

  1. Қызығушыл ықты ояту

Үй жұмысын тексеру

  1. «Байқоңыр-ғарыш айлағы»

  2. «Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері» тақырыптарында дайындап келген презентация, бейне материалдарын көрсетіп, түсіндіреді.

  1. Мағынаны тану

Айтылым.Дұрыс-бұрыс.

Сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын анықтау.

Оқулықтағы 58 беттегі 4-тапсырма бойынша оқушылар сөйлемдердің дұрыс- бұрыстығын аңыктайды.


Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым.

ПОПС формуласымен жұмыс істеу ұсынылады.

Оқулықтағы 59 беттегі 9-тапсырма бойынша ПОПС формуласын толтырады.

  1. Ойтолғаныс

Жазылым. Айтылым. Оқушыларға өткен материалдарын тұжырымдай, қорытындылай келе ғарышкерлер туралы журнал шығарудың үлгісін көрсету ұсынылады. Журнал шығару үшін оқушыларға алдын ала материалдар жинап келу тапсырылды. Журнал екі тілде шығады.1-топ қазақ тілінде,2-топ ағылшын тілінде, 3-топ қазақ тілінде толтырады. Әр топ орындалған тапсырмаларын түсіндіріп, қорғайды. Ағылшын тілінде орындалған тапсырманы тексеріп, бағалау үшін ағылшын пәні мұғалімі сарапшы/эксперт ретінде шақырылды.




1 топ. Журналдың мұқабасы мен 1 -бетін қазақ тілінде шығарады.

Тақырыбы: Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері




2 топ. Журналдың 2- бетін ағылшын-қазақ тілінде шығарады. Тақырыбы; Байқоңыр-ғарыш айлағы.




3 топ.Журналдың 3 -бетін қазақ тілінде шығарады

Тақырыбы: Ғарыш әлемі.


Қорытындылау

Айтылым.

«Ақылдың алты қалпағы» ойлау әдісі бойынша тақырыпты жинақтап, сұрақтар қойып, оған жауап алу.

-Ғарышкерлердің өміріне қатысты қандай мәліметтер есіңде қалды?

-Ғарышкерлердің өз халқы үшін жасаған еңбегі қалай бағаланды?

-деген сұрақтарға жауап береді.

  1. Бағалау

Мұғалім парақтарды жинап алып, қорытынды бағасын шығарады.

Сабақтың басында таратып берген бағалау парағына топтық жұмыстарда жақсы жауап беріп отырған оқушыларды топ басшылары белгілеп отырды.

  1. Үй тапсырмасы

11-тапсырма. « Ғарышкер болу үшін...» тақырыбына шағын эссе жазу.

«Ғарышкер болу үшін...» тақырыбына шағын эссе жазады.

  1. Рефлексия

«Табыс баспалдағы» атты рефлексия жүргізіліп, оқушылардың тақырыпты түсінген түсінбегенін анықтайды.

Стикер жапсыру арқылы тақырыпты түсінген, түсінбегені жайлы мағлұмат береді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

-Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер.

  1. Тоқтардай, Талғаттай,Айдындай шоқтығы биік, нар тұлғалы азамат болу әрқайсыңның қолыңнан келетін іс.





















[pic] [pic] [pic] [pic]