Сабақтың тақырыбы: «Ас әзірлеуге көмектесу»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, тақырып деңгейінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: жатты,улар арқылы оқушылардың сөздік өорларын дамыту, сауатты жазу, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу,өз бетімен жұмыс істеу.
3. Тәрбиелік: тағамның адам өміріндегі маңызын айта отырып, оларды қадірлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: интерактив сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, монолог,жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, еңбек сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кезекшімен диалог (оқушыларды түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сөздерді тексеру.
«Үйді жинауға көмектесу» тақырыбына құрастырған монологті тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, «Ас – адамның арқауы» және «Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер» деген мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Сендер үйде аналарына ас әзірлеуге көмектесесіңдер ме?
2. Оқушыларға сабақтың мақсатын жариялау.
3.Жаңа сөздермен жұмыс. ( Аудирование, сөз тіркестері қүрастырғызу).
Ас, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас
Әл
Әзірлеймін
Сүйікті ас
Ақ тілек
Қонақ
Дәмді
Дұшпан
4.Грамматикалық жұмыс.
1.«Әзірлеймін» сөз тіркесін жіктеу.
2.«Тамақ» сөзін септеу.
3. «Ас» сөзін тәуелдеу.
4. Осы сөздермен үш сөйлем құрастыру. Мысалы: Мен таңғы ас әзірлеймін.
Тамаққа тұз саламын. Менің асым дәмді болып шықты.
5. Кестемен жұмыс.
№»1. Кестедегі сөздерге синонимдер келтіру.
№2. Таңғы, түскі, кешкі асқа не дайындаймыз?
3. Тағамның жасау жолын рет-ретімен қойыңдар. 6. Қорытынды кезеңі. №4. Кестедегі «Дұрыс», «Бұрыс» жауабын табыңдар.
Ас адамдарға не береді? Таңғы асты не істеу керек?
Түскі асты не істеу керек?
Кешкі асты кімге беру керек?
Дастарқан басында не айту керек?
Батаны кім береді?
Ештеңе бермейді
Дұшпанға беру керек
Өзім ішу керек
Досыма беру керек
Бата айту керек
Ешкім бермейді
Орталарыңда бата білгендерің бар ма?
Бата
Асың асың асыңа,
Береке берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап, қырғаулдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасына.
Бақыт сенің басыңнан,
Тепкілесе кетпесін.
7. Үйге тапсырма:
1. Жаңа сөздерді жаттап келу.
2. Қалай анаңа ас әзірлеуге көмектесесің? (жазып келу).
8. Бағалау.