Талдықорған қаласы №16 орта мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Канапьянова Б.М.
5 орыс сыныбына арналған сабақ жоспары
[pic]
Сабақтың тақырыбы: Мерекеңіз құтты болсын!
Сабақтың мақсаты:
1.Ақпараттар беру арқылы оқушылардың мерекелер туралы ұғымдарын толықтыру. Құттықтау
сөздердің түрлерін үйрету. Коммуникативтік қарым-қатынасқа үйрету;
2.Оқушылардың мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазуын, ойлау қабілеттерін
дамыту;
3.Оқушыларды адамгершілікке, сыйласымдыққа, әдептілікке, жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыңдалым, жазылым, ми шабуылы,сұрақ-жауап, рөлдік ойын.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар, аудиомәтін, бейнебаян, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сұхбаттасу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Фонетикалық жаттығу. (1-флипчарт)
Тілек сөздерді кезекпен оқып, хормен оқып тілді жаттықтыру.
Мерекең құтты болсын! Бақытты бол! Арманыңа жет!
Жасың ұзақ болсын! Қадамың құтты болсын! Денсаулығың мықты болсын!
2.«Наурыз мерекесі» туралы бейнебаян көрсету, өткен тақырыпқа шолу жасау. (2флипчарт)
- Наурыз мерекесі қашан және қалай тойланады? Адамдардың көңіл-күйі қандай?
Оқушылар «Наурыз мерекесі» туралы әңгімелейді. Наурыз батасын айтады. Құттықтау хаттарын оқиды.
3. Жаңа тақырыпқа көшу.
«Ой қозғау» стратегиясы. «Қазақтың дәстүрлері» атты бейнебаян көрсету, сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа көшу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Сөздік жұмысын жүргізу. (3-флипчарт)
Айтқаның келсін! – Пусть сбудется!
Алла разы болсын! – Пусть бог вас вознаградить!
Қонысың құтты болсын! – С новосельем!
Заңды некелерің құтты болсын! – С законным браком!
Ұл бала босанды – родила сына
Бауы берік болсын! – Пусть малыш растет крепким!
2.Тыңдалым. Аудиомәтінді тыңдату.
*Назым Дәуреннің туған күніне арнап жақсы тілектер айтты. Дәурен Назымға «Айтқаның келсін !» дейді.
* Асан Мараттың жаңа үйге көшуіне жәрдем етті. Марат Асанға «Алла разы болсын!» дейді.
*Мараттың отбасы жаңа үйге көшті. Асан Маратқа «Қонысың құтты болсын!» дейді.
*Әсел мен Арман үйленіп жатыр. Достары оларға «Заңды некелерің құтты болсын!» дейді.
*Менің апайым ұл бала босанды. Мен оған «Бауы берік болсын» деймін.
*Бүгін мұғалімдер күні. Оқушы мұғаліміне «Мерекеңіз құтты болсын!» дейді.
3. Карточкалармен жұмыс. Аудиомәтін бойынша сұрақтарға жауап бергізу.
ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Жазылым. 1-тапсырма (4-флипчарт)
Сөйлемдерді керекті сөздермен толтықтырыңдар.
*22 наурызда ----------------------- тойланады.
*Наурыз көже --------------------------- пісіріледі.
*Тойларда жақсы ----------------------- айтылады.
*Жаңа үйге кіргенде «------------------» дейді.
*Сәби дүниеге келгенде «---------------» дейді.
2. «Орнып тап» ойыны арқылы күрделі сөздердің орнын табу. (5-флипчарт)
Қазақ тілі, той-думан, жақсы көр, сәт-сапар, он жеті, таңертең, аман-сау, отбасы, Қазақстан Республикасы, желтоқсан, оқу-білім, ешқашан, ата-ана, күні-түні, тасбақа, кемпірқосақ, іні-қарындас, хал-жағдай, Талдықорған, өз-өзіне, бара жатыр, бір жарым, Қаратау, Ақсу.
3. Сергіту сәті. (6-флипчарт) Жаттығу бейнеролигін қойып, оқушыларды сергіту. Ү. Қорыту. Жұптық жұмыс. Сұхбаттасу. Рөлдік ойын
*4-тапсырмадағы сұхбатты кезекпен оқытып, жұптық жұмыс орындау.
*Екі оқушы ата мен баланың сұхбатын көрсетеді.
[pic]
ҮІ. Бағалау. Жеке оқушылардың жауаптарын бағалап, бағаларын қою.
ҮІІ. Үй тапсырмасы. (7-флипчарт)
1.Тілек сөздерді жаттап келу.
2.66-беттегі 3-тапсырманы орындау.