«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Сатбекова
Сабақ:№48 Мектеп: «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні:
Мұғалім: Сатбекова Гульшат
Тақырыбы:
Етістік туралы жалпы түсінік.
Сынып: 6 б
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін есепке ала отырып, етістік туралы толық мағлұмат беру. Етістіктің түрлерін ажырата білуге, тіл біліміне танымдық қабілетін арттыру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі
Кейбір оқушылар:
Жұмбақты жатқа жазып, етістіктерді тауып, сұрақ қой.
Ақпарат көздері
Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар, ғаламтор
Іс-әрекет түрлері
Топпен
жұмыс
Өз бетімен жұмыс
Диалогтық
топпен әңгімелесу
Бір-бірін бағалау және өзін - өзі бағалау
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Мұғалімнің сабақ жазбалары
Тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған.
Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды ұйымдастырады
- топтастырады
- үй тапсырмасын тексереді
- жаңа сабақ түсіндіру
Ресурстар
Психологиялық ахуал орнату..
1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлінеді.
Үйге тапсырма
Етістік туралы толықтыру.
Қосымша ақпарат
І Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Сұрақ-жауап әдісі:
Сөз таптары нешеге бөлінеді, рет-ретімен атап шық. (9)
Біз қандай сөз таптырмен таныстық?
Есімдік дегеніміз не?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІ Жаңа сабақ: Етістік.
Қызығушылықты арттыру:
Сөз жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы шешіледі: /5 минут уақыт беріледі/
1 Е
р
т
і
с
2
т
і
с
3
і
ш
і
к
4
с
а
ғ
а
т
5
т
у
6
і
л
і
к
7
к
ө
г
е
р
ш
і
н
Оқушылар етістіктің анықтамасын, оның сұрақтарын өздері айтады.
Етістік дегеніміз-заттың қимылын іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға мысал жазылады:
Көп ойласаң, дана боласың, (ойласаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Көп ойнасаң, бала боласың. (ойнасаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Бұл сөздер заттардың іс-әрекетін білдіріп тұр.
ІІІ.Сызбамен жұмыс:
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізгі
Туынды
Дара
Күрделі
Сөздің түбірі етістіктен болса, ол негізгі етістік болады.
Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, қойды, айтты т.б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер туынды етістік немиесе туынды түбір деп аталады.
Мысалы:ойна, шегеле, қарайып, көгерген, күшей т.б.
Бір ғана түбірден тұрады: баста, аяқта, тара, байы, тасы т.б.
Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады: Бара жатыр еді, алып кел, жазып отыр, шөлдеп кеттім т.б.
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай
Мағынасына қарай
Болымды
Болымсыз
Салт етістік
Сабақты етістік
Іс әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Мысалы:кел, санады, жаздыр, барды т.б.
Іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Негізгі және туынды етістікке -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: келме, санамады, жаздырма, бармады т.б.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.
Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді.
Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.
Етістіктердің негізгі түбірлерін жазып көрсетіңдер.
- Негізгі түбір
Туынды етістік
Жұрнақ
Аял
Аялда
-да
Аз
Азай
-ай
Жас
Жасар
-ар
Соққы
Соққыла
-ла
Аш
Ашыл
-ыл
Шуыл
Шуылда
-да
Отыр
Отырғыз
-ғыз
Кубизм стратегиясы:
Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар.
А - етістік дегеніміз не?
В - етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
С - етістіктерге мысал келтір
Д - оқыды сөзін қатыстырып сөйлем құра
Е - жануарлардың дауысын келтір
К - табиғаттағы дауыстарды келтір
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс – Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтарындағы байланыс.
1. Жұмбақты жатқа жазып, етістіктерді тауып, сұрақ қой.
Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.(шам)
2. Қанат кітап оқыды.
3. Айзада ағасына хат жазды.
4. Назеркенің апасы Астанада тұрады.
5. Көкөніс сулы жерде жақсы өседі.
Оқыды, жазды - не істеді?
Тұрады, өседі - не істейді?
Әдебиет, тарих
Рефлексия.
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?