Сабақ тақырыбы: | Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» |
Жалпы мақсат: | А.Байтұрсынұлының аудармаларынан мәлімет алады, мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады, сыни ойлауы қалыптасады,шығармашылық қабілеті дамиды.
|
Сілтеме: | Электронды оқулық,оқулық 7-сынып, әдебиетті оқыту әдістемесі. |
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | А.Байтұрсынұлының аудармаларын біледі, мысал өлеңінің идеясын түсінеді, әдеби-теориялық білімдерін тереңдейді ,бағалайды.
|
Негізгі идеялар: | Аударма, мысалдар,адам мінезіндегі қасиеттер. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Оқулық, АКТ, электрондық.оқулық, интернет көздері |
Оқыту әдістері: | Диалогтік оқыту, жуан және жіңішке сұрақтар,рөлдік ойындар. |
Дерек көздері: | А.Байтұрсынов туралы бейне жазба, электронды оқулық, Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) | Сыныпты топқа бөлу ( Аңдармен жәндіктердің суреті арқылы топқа бөліну)
| Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. |
Үй тапсырмасын сұрау | Өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды -«Ақын ініме» өлеңінің идеясы не? -Өлеңнің тәрбиелік мәні қандай? -Оның шығармаларының ерекшелігі неде?
| Берілген сұрақтарға оқушылар ұтымды жауап беру керек. |
І. Қызығушылықты ояту
| 1.Аңдар көркем әдебиетте қандай шығармаларда бейнеленеді? 2.А.Байтұрсынұлының аудармалары туралы бейнежазбадан үзінді көрсетеді.
| Оқушылар жауап дереді
Барлық оқушылар тыңдайды.
|
ІІ.Мағынаны тану | 1«Екі шыбын өлеңін » электронды оқулықтан тыңдатады. Оқушыларға сұрақтар қояды. - Шығарманың кейіпкері кімдер? -Оның қасиеті қандай? -Мысалда қандай мінезді адамды сынайды? -Өмірден қандай мысал келтіруге болады? -Жақсы-жаман қасиеттер туралы қандай мақал-мәтелдер ,қасиетті сөздер білеміз? 2.Деңгейлік тапсырма береді. І.Өлеңге жоспар құрып, әңгімелеңдер ІІ.Ахмет Байтұрсынов аудармашы ІІІ.Шығармалары арқылы бізге қандай тәрбие береді? | Өздерінің ой –пікірлерін айтады.
Топтық жұмыс Оқушылар постер мен қорғайды. |
Ой толғаныс |
«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» (рөлдік ойын, диалогтік әңгіме қолдану. Мысал өлең жазу) | Жұппен,топпен бүгінгі сабақтақ бойынша көрініс көрсетеді, диалогтік әңгімені қолданады, мысал өлең жазады. |
Ү.Үйге тапсырма | Мысал өлеңдер оқумен бірге мысал өлең жазу. | Мысал өлеңдер оқиды,мысал өлең жазады қосымша мәліметтерді ғаламтордан іздейді. |
ҮІ. Бағалау | Формативті бағалау. | Өзара бағалау |
Кері байланыс | Сабақ бойынша кері байланыс алады | Оқушылар кері байланыс парағын жазады. |