Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. - Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
- Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмуыңызды өтінемін. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет!» деп айтамыз.
Ескерту
Әңгімелесу.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар-жәндік тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып түрған жапырактарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.
Сабағына арнайы байланыс кұралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш дірілі пайда болған. Одан әрменгі оқиға былайша ербіген:
- Қауіп-қатер төнді!
- Тірі қаламын ба, жоқ па?
- Жарақат салды!
- Құрыдым!
Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған. Яғни бір ғұмыр үзілді.
Міне, көрдіңдерме? Яғни біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет. Табиғатты көркейту үшін өз ойларыңды ортаға салсаңдар.
Адам мен табиғаттың арасында қандай үйлесім бар?
Адамның-табиғатқа, табиғаттың-адамға ықпалы қандай?
Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?
Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде деп ойлайсындар?
Дәйексөз.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Ф.Оңғарсынова
Аңыз әңгіме.
«Бетпақдала» А. Сейдімбек
Шығармашылық жұмыс.
1-топ. Табиғат туралы мақал - мәтелдер жазу.
2-топ. Ырым – тыйым сөздер жазу.
3- топ. Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазу.
Топпен ән айту.
Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні.
Қорытынды.
Оқушылар берілген стикерлерге табиғатты байланысты тілек жазады.