Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік – Кебек» дастаны. 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


10 сынып қазақ әдебиеті 08.02.16ж.

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.

«Еңлік Кебек» дастаны.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ш.Құдайбердіұлының өмірімен және шығармашылық жолымен қысқаша таныстыру; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани – адамгершілік қағидаларымен танысу; өлеңдерінің негізгі түйінін таба білуге үйрету.

  2. Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту.

  3. Шәкәрім шығармаларының мазмұны арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұппен жұмыс, топтастыру стратегиясы, баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: ақын портреті, қосымша материалдар, суреттер, сызба, кластер,

шығармалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» тақтадан Шәкәрім туралы сызба көрсетіледі, ақын жайлы өз білімдерін ортаға салады.

  3. Оқулықтағы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәліметпен жұмыс.

  4. Сөздік жұмыс.

  1. Сергіту сәті.

  1. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

Бірінші топ: Ақын туралы берілген мәліметтерді түсініп оқып шығып, баяндаудың тірек сызбасын жасау.

Екінші топ: Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастыру:



  1. «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша жұмыс ұйымдастыру:

  1. Поэманы мәнерлеп оқу;

  2. Сөздік жұмысын ұйымдастыру;

  3. Дастанға кіріспе ретінде берілген тарихи оқиғаларға тоқталу;

  1. Сабақты қорытындылау:

  1. Дастан кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?

  2. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

  3. Дастан неліктен традегиямен аяқталды?

  1. Сабақты бекіту:

Жұмыс дәптерінде дастан кейіпкерлері туралы кесте толтыру.

  1. Үй тапсырмасын беру:

  1. Дастаннан географиялық атауларды теріп жазып, түсінік беру.

  2. Дастан мазмұны бойынша диалог құрастыру.