Методический материал Стилистика және тіл мәдениеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ





«БЕКІТЕМІН»

СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры

ф-м.ғ.д., профессор

Әмірғалиева С.Н.

_______________________


«_____» тамыз, 2015 ж.







«СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ»


(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығы үшін)


ПӘНІНІҢ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
























ҚАСКЕЛЕҢ, 2015


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.



Құрастырғандар: ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова



Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.



« » 2015 ж., № ... хаттама


Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев






Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.


« » 2015 ж., № ... хаттама




Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов






























«Стилистика және тіл мәдениеті»

пәні оқу-әдістемелік кешенінің

мазмұны


1.

Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)

2.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

3.

Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)

4.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

5.

Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

6.

Дәрістік кешен

7.

Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

8.

Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар

9.

Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар

10.

Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар

11.

Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)

12.

Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі








































«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ





«БЕКІТЕМІН»


Факультет деканы, п.ғ.к.,ассис.проф.


_______________ Д.Э.Гаипов

[link] және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлар мен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзегеасады.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:

1.    ауызекі сөйлеу стилі

2.    көркем-әдебиет стилі

3.    публицистикалық стиль

4.    ресми іс қағаздар стилі

5.    ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.


Стиль түрлері мен ерекшеліктері


Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі

Ауызекі сөйлеу стилі

Тұрмыста, отбасында, достық қарым-қатынаста

Еркіндік, эмоциялық, экспрессивтік-бағалаушылық

Диалог, әңгімелесу

Пьеса, хат, көркем шығармадағы төл сөз, кино сценарийі және т.б.

Ғылыми стиль

Ғылым мен техникада, оқу процесінде

Нақтылық, дәлдік, логикалық жүйелілік

Лекция, баяндама, диалог және т.б.

Оқулық, ғылыми кітаптар, диссертация, ғылыми мақалалар, реферат, конспект, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.

Ресми іс қағаздар стилі

Басқару, әкімшілік, құқықтық салада

Ресмилік, нақтылық, дәлдік.

Ресми қарым-қатынастың ауызша түрінде, келіссөздер жүргізгенде, сот процесінде, жиналыстарда, түрлі кеңестер мен отырыстарда және т.б.

Заң, жарлық, қаулы, бұйрық және т.б. ресми іс қағаздары.

Публицистикалық стиль

Бұқаралық ақпарат құралдарында

Сендіру, бағалау.

Теле-радио бағдарламаларында,жиналыстарда сөйленетін сөздер.

Баспасөз беттеріндегі материалдар(мақала, репортаж және т.б.)

Көркем әдебиет стилі

Әдебиет пен өнер саласында

Образдылық, еркіндік, бағалағыштық, эмоционалдық-экспрессивтік.

Өлең оқу, цитаталар келтіру, әзіл-қалжың айту және т.б.

Көркем шығармалар


Келесі сабақ тапсырмасы: Мәдени сема, мәдени ая, мәдени концепт, мәдени коннотация ұғымдарының мәнін ажырату – реферат.


Әдебиеттер:


  1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

  2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

  3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


3-тақырып. Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері.

Сабақ мақсаты: Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстиль): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стильдері, қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүріндегі этикалық ұғымдарымен танысу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Функционалды стилистикада дау тудыратын көптеген мәселелер бар екені сөзсіз. Ғалымдар көркем сөйлеудегі лингвостилистиканың статусы қандай, функционалды стильді бөліп қарастырудың критерийлері қандай, сөйлеу стилі мен тіл стилін бөлу қаншалықты дұрыс, сөйлеу типтері, сөйлеудің функциональды нұсқалары (типтер, түрлер), тілдің, сөйлеудің функционалды стильдері, сөйлеу стильдері, регистрлер т.с.с. Тұжырымдар мен пікірлердің көптігіне байланысты бір ғана ғылыми жұмыс ішінде олардың барлығын қарастыру мүмкін емес.

Ауызекі сөйлеу – жалпы ұлттық тілдің еркін қарым-қатынаста кодталған кітаби сөйлеумен қарама-қарсы қойылған жағдайда қолданылатын функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу стилі көбіне ауызша-диалогты формада жүзеге асады. Бірақ ол жазбаша мәтіннің ауызекі сөйлеу белгілеріне тән емес деп айтуға болмайды. Ауызекі сөйлеу ерекшелігі әдетте тұрмыстық жағдайда, диалог құрғанда және көркем сөз шығармашылығында қолданылады. Функционалды стилистиканың шегі мен мазмұнын айқындаушы тұжырымдарды анықтауға болады: бірі-біріне қарама-қарсы қойылған және өзара диалектикалық әрекетте болатын ауызекі сөйлеу мен кітаби дәстүрлі тілдік қолдануда жалпыұлттық тілде функционалдық жоспарда екі кіші жүйе бөлінеді: ауызекі сөйлеу және кітаби. Тілдің әртүрлі функционалдық реңктерде болатыны, адам іс-әрекеті осы әрекетті жүзеге асырушы құрал ретінде тілді қолданатыны, «тіл жүйелердің жүйесі» формуласын «Тіл функционалдық стильдердің жүйесі» деп айтуға болатыны көптеген тілдер материалдарымен дәлелденіп, көрсетілген.

Сөйлеудің екі түрін қарама-қарсы қою барлық дамыған әдеби тілдерде болады. Осыған байланысты функционалды-стилистикалық саралау үдерісі әр түрлі тілдерде бірдей жүреді деуге болады. Бұл – тілдің әлеуметтік табиғатын және ауқымды түрде стильдердің экстралингвистикалық шартталатынын дәлелдейтін бір дерек. Қорытындылай келе, мынадай тұжырым айтуға болады: белгілі бір тілдің функционалды-стилистикалық бөлінуі нақты бір тарихи кезеңде құрылуына қарамастан, оған тән сипаты мен іргелі белгісі ретінде кітаби және ауызекі сөйлеудің бірі біріне қарама-қарсы қоятын қасиеті айқын көрініп тұрады. Тілді зертетушілер бірқолдан өзге функционалдық типтерде белгіленбеген ауызекі сөйлеу жүйесіндегі мына экстралингвистикалық стиль түзуші факторларды атайды: шартталған ситаутивтілік, дайындалмағандық, қарым қатынастың бейресмилігі, нақты адресатқа бағытталғаны. Сонымен қатар жалпы лингвистикалық белгілерде белгіленіп көрсетіледі: акцентуация мен интонация құралдарының жоғары белсенділігі; айтылымның рема – темалық (тема үнемі түсіп қалады) ұйымдастырылуы бұзылатын имплициттік; вербальды емес құралдың белсенділігі; нақты лексиканың көп болуы; есімдіктердің белсенділігі; сөйлемдердің толық құрылымдығының болмауы; сөз тудырудың ерекше модельдері; демеуліктердің, одағайлардың, модаль сөздердің, жалқы есімдердің белсенділігі; фразелогизмдердің, мақал-мәтелдердің кең қолданылуы; лепті және сұраулы сөйлемдердің жиі қолданылуы т.б.


Келесі сабақ тапсырмасы: өздері оқыған газет-журналдарынан, көркем әдебиет беттерінен диалогтерді теріп жазуды тапсыру керек.


Әдебиеттер:


1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

4. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі. - Алматы, 1976.


4-тақырып. Сөз мәдениеті және шешендік.

Сабақ мақсаты: Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары, сөз әдебі, жұрт алдында сөйлеу мәдениетін үйрену.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік. Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері. «Заңдастырылған нормалар».

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері.

Кітаби тіл және оның айырым белгілері. Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау,баяндау,пайымдау олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Көркем шығарма жанрларының тілдік ерекшеліктері. Жеке суреткердің стильдік қолтаңбасы.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильдің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты,стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Публицтистикалық шығармалардың тілдік белгілері.

Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері.

Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.

Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары. Орфографиялық нормалар. Фонетикалық қағидат. Тарихи –дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар:сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғы шарттары.

Тілдік жүйе және норма. Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы.

Тілдік норма және дағды. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы. Объективті нормаға тән қасиеттер.

Қатаң норма. Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар.

Босаң норма. Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма –тілдің түлеуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы. Аналитизм құбылысының артықшылығы мен кемшілігі.

Тілдік норма және стиль. Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі.

Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы.

Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен байланысты болғандықтан, тіл мәдениетінің ұғымы кең.

Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

«Әдеби тіл ­– белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Тілдің әдебилігі сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның (сол тілде) орныққан жүйелі нормалар негізінде ғана жүзеге аспақ» (С.Исаев). Демек, әдеби тіл болуы үшін оның жалпыға ортақ тілдік нормалары болуы сөз мәдениетінің басты белгілерінің бірі. Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті тілдік амалдардың жиынтығы. Әдеби тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде тілдік құралдарды дұрыс қолдану тәртібі, ережесі. Әдеби тілдің нормасы: жалпыға ортақтығымен, түсініктілігімен, міндеттілігімен, тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен ерекшеленеді. Норма әдеби тілдің ауызша, жазбаша түріне міндетті бола отырып, тілдің барлық жақтарын (салаларын) қамтиды.




Әдеби тілдің нормалары

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]


пунктуациялық

лексикалық

орфоэпиялық орфографиялық

лингвостилистикалық

сөзжасамдық морфологиялық синтаксистік

Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.

Қазақтың шешендік дәстүрінен бастау алатын тапқырлық, ойдың

дәлдігі, әдептен аспау, сөзге тоқтай білу, аз сөзге көп мағына сыйғызу − осының бәрі жоғары мәдениеттілікті қажет етеді. Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеу арқылы әр уақытта сөздің парқына ерекше мән берген. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, ойын нақты жеткізу үшін мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған.

Сөз қисындылығы ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болады. Ойды жеткізуде тіл арқылы қарым- қатынасқа түскенде сөз мағынасы өзгеріске түседі. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл- күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады.

Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.Ой мен сөз қисындылығының сақталуы функциональдық стильдердің бәрінде орындалуы керек. Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Тілсіз ойлау мүмкін емес.

Сөйлеу мен жазудағы логикалылық ой дәлдігімен тығыз байланысты. Нақтылық болмаса, ой дәлдігі айқын болмайды. Сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы, нақтылықты сақтаудың маңызы зор. Ойды жүйелі жеткізуде, әсіресее, ғылыми зерттеу жұмысында пікірді, ойды, болжамды нақты деректер арқылы дәлелдеу ой дәлдігін талап етеді. Ғылыми еңбектер (мақала, диссертация, диплом жұмысы, баяндама) негізгі үш бөліктен (кіріспе, негізгі, қорытынды) тұрады. Сондай ақ, көпшілік алдында сөйлегенде, тыңдармандардың назарын аударуда сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы зор мәнге ие.

Ой дәлдігінің сақталмауының себептері:

  • сөздің логикалылығының сақталмауы;

  • сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы;

  • қаратпа, қыстырма сөздердің көп қолданылуы;

  • сөйлем ішіндегі есімдіктердің орнымен қолданылмауы;

  • ойды жеткізуде, баяндауда жүйеліліктің сақталмауы болып табылады.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Келесі сабақ тапсырмасы: Сөз этикасының дүниетанымдық компонентіне жататын пайымдауларға бірнеше мысал келтіру – ауызша.


Әдебиеттер:


1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. - А,1976.


5-тақырып. Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма.

Сабақ мақсаты: Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: «Фоностилистикадағы дыбыстық қайталау және фоносимволизм». Бұл тақырып тіл білімінде тек соңғы уақытта терең зерттеле бастады. Фонетикалық бірліктер бір уақытта бірнеше жүйенің басын біріктіріп тұратын табиғаты күрделі таңба болып табылады. Дыбыстық таңба (дыбыс, фонема) – әрі ментальды, әрі психикалық, физиологиялық, физикалық, лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық, мәтіндік, эстетикалық және мәдени мәнге ие құбылыс. А.С.Селях тіл дыбыстарының экспрессивтік қызметін оның фоносемантикалық табиғатымен байланыста қарастыра келіп, адамның санасында «жалпыланған дыбыс типін» – ономофонеманың тілдік жүйедегі номинативтік қызметіне және оның сөйлеуде синтагмофонемаға, морфонемаға трансформациялану ерекшелігіне талдау жасайды.

Академик Ә.Т.Қайдаров, Е.Қажыбеков, А.Айғабылұлының зерттеулерінде қазақ тіліндегі моносилабтық дыбыстың құрылымы дыбыстардың фонологиясы, дыбыс сәйкестігі, дыбыстардың алмасуы және т.б. фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар жан-жақты сөз болды.

Дыбыстық символизм – дыбыстың сөз мағынасымен метонимиялық ассоцияциялануына негізделген символизацияның бір түрі. Дыбыстық ассоциацияның жасалуына сөздің мына бөліктері қатысады: 1) ұқсас дыбыстар; 2) екпін түскен буынның алдында тұратын дауыссыздар; 3) екпін түсетін дауыстылар; 4) қайталанатын дыбыстар. Дыбыстық ассоциациялану шартты түрде жүзеге асады, сол себепті оны анықтау да күрделі.

2.2 «Аллитерация және ассонанс» дыбыстық қайталауға негізделеді. Аллитерация – сөз ішінде қатар немесе алшақ тұрған бірдей немесе ұқсас дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі. Стилистикалық мәнерлілікті күшейтудің ерекше амалы ретінде клишеге түсірілген синтаксистік құрылымдарда, мақал-мәтелдерде, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста кең қолданылады. Аллитерация ауызекі шығармалардан, поэтикалық шығармалардан басқа прозалық мәтіндердің де дыбыстық ұйымдасу ырғағына, мәтінге тән авторлық көңіл-күйді жеткізуге әсер етеді. Қатар емес, арасына дыбыс тастап жасалатын өтпелі (сквозной) аллитерацияға пароэмион жатады. Мысалы: Төбелер түгел өртеніп бара жатқандай, Осынау өрттен өзі бір рахат тапқандай. Бүрісіп қыста, бүк түсіп жатушы еді олар, Батырдай бейне басына жүрген бақ қонбай (Т.Молдағалиев).

Аллитерация құбылысы сияқты ассонанс та кең мағынада түсініледі, ол дауысты дыбыстардың сөз ішінде үндесіп, үйлесіп келіп, фоностилистикалық құрал болу қызметін белгілейді. Дауысты дыбыстардың үндестігі қазақ тілінде сингармонизм заңдылығымен байланысты қарастырылады да, көп жағдайда оның эстетикалықтан гөрі тілдік қасиет-сапасына көңіл бөлініп жатады. Бірақ ассонанстық қайталамалар сөйлеуге әуенділік, өлшемдердің сәйкестілігін, мәтінді нақты бір эмоциональдық күйде қабылдауға мүмкіндік береді. Ассонанс аллитерациямен бірге қолданылып, дыбыстық мәнерлілікті күшейтіп тұрады және осының салдарынан белгілі бір буындар қайталанып келіп, мәтіннің стилистикалық ұйымдасуына әсерін тигізіп тұрады: Шым ете түсті өн бойым, Көзқарасыңды байқап қап. Бөлініп кетті демде ойым, Жас көңіл қалай жай таппақ (К.Ахметова). Мұндағы буындардың қайталануы полифониялы. Полифониялы қайталаудың бір түрі дыбыстық параллелизм арқылы жасалады. Дыбыстық параллелизм өзара ұқсас дыбыстардың фраза, сөз тіркесі, өлең жолдарында симметриялы орналасуы арқылы жасалынады. Мысалы: Білмесең, ей, кімсана, даламын мен, Көргенде кең даланы баламын мен (Қ.Шаңғытбаев).

Ассоциациялық байланыс екі жағдайда ерекше мәнге ие болады:

1. Аттрактанттар дыбысталуы жағынан тым ұқсас, бірдей болып келеді, бірақ дыбыстардың бірізділігі әртүрлі болады. Мысалы: Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген, Сонау бір соғыс жылы естіген ем.

2. Аттрактанттар тек бір не екі дыбыс арқылы ғана ажыратылады. Мысалы: Мәңгі сені әлдилеп, аялайын, Жүрегімнің шуағын аямайын (К.Ахметова). Дыбыстардың мұндай үйлесімдігі квазиомонимдерді, яғни белгілі бір контексте айтылуы, дыбысталуы жағынан өзара ұқсас, бірақ мағыналар әр басқа сөздерді жасайды. Аттракцияның мұндай түрлері парехезаға негіз болады. Парехеза – сөз формаларының дыбысталуы жағынан өзара жақын болып келетін, бірақ кейбір айырмашылықтары бар полифонияның бір түрі. Сөз формалары өзара ұқсас болғанмен, біріншіден, дыбыстардың бірізділік реті жағынан ажыратылады (мысалы: естімеген – естіген ем т.б.), екіншіден, бір не екі дыбыс арқылы ажыратылады: (Жүректің шыңырауында қоздайтұғын, Шыбыны бар кеудені қозғайтұғын (М.Мақатаев), Аяп кетіп, сипадың сен бетімнен, Аумайтұғын сияқтымын жетімнен (К.Ахметова). Диссонанс жағдайында аттрактанттар тек дауысты дыбыстар арқылы ажыратылады: Қылығың жарасатын назым едің, Назым едің, не деген нәзік едің (К.Ахметова). Парехеза қарама-қарсылық мәнді жеткізу арқылы каламбур жасауға негіз болады.

Дыбыс қайталауларының көркем шығармада образ сомдауға да қызмет ететін жайлары кездеседі. Өлеңдерде өз кейіпкерлерін өлтіре сынап, күйіне, өткір сын айтып суреттеуінде немесе бойын билеген сүйіспеншілік, ғашықтық сезімін жеткізуде автордың осы эмоционалдық жай-күйі орын алады: Мал мен бақтың дұшпаны, Кеселді пысық көбейді. Күшік иттей үріп жүр, Кісіден кеммін демейді. Қу тілменен құтыртып Қызмет қылған кісісің, Құрытуға таяйды. Қылып жүрген өнері: Харекеті –әрекет. Өз оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет? (Абай). Осындағы «қ», «к» дыбыстарының аллитерациясы кеселді пысықтардың образын орынды суреттеуде айрықша қызмет атқарып тұр. Дыбыстық бейнелеуіштен гөрі коннотативтік мағынаға бір саты жақын тұратын дыбыстардың көркем образ сомдаудағы қызметі олардың фоникалық құрылымдағы стильдік қолданымының ерекше қырын танытса керек.


Келесі сабақ тапсырмасы: Тілдік нормалар туралы теориялық пікірлерді салыстыру.


Әдебиеттер:


1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

4. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. - А,1976.


6-тақырып. Сөз қолдану мәдениеті.

Сабақ мақсаты: Жазу-сызуды демократияландыру, халықтық тіл нормасы, жазба тіл нормасымен танысу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында таптастырамыз. Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам санасында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: графема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы сөздің негізгі дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу монополиясының күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін қалыптастырып отыр.

Кез келген сөзді естіген сауатты адамның санасында сөздің фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес береді. Бұл – әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты бар адам санасында болатын код түрі.

Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан. Стиль түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның санасында, сонымен, екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның біріншісін – ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішінде, ауыл, аула айналасы, қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, асхана т.б.) меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. Ал мектепке барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің деңгейінде (сөз тіркесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды. Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы шығарады. Немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме) құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба тілдің жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында, жоғарыда айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.

7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сыныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды (көркем әдебиет стилі). Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімін ояту негізгі мақсат саналады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауысады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында салқынқандылық, саналы ой көріне бастайды (публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін ЖОО-нда дәріс, семинар есебінен өз мамандығының терминологиясымен танысып, жеке салаға маманданады (ғылыми стиль). Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы ресми сөйлеу, ресми ісқағаздар стилін меңгереді.

Бұл айтылғандардан, біздіңше, тілді таптастырудың мынадай жүйесін табуға болады: тіл ауызша және ЖАЗБА ТІЛ арқылы көрінеді. Ауызша тілауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.), бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс), ресми тіліне (мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция, жиналыс сөзі т.б.) бөлінеді. ЖАЗБА ТІЛ жазба ауызекі тіл (хат, қолхат, интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем әдебиет, публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды. ЖАЗБА ТІЛ: жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшелік.

Жалпы графикалық ерекшелікке ЖМ-нің парақ бетіне орналасуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жатады. Графикалық ерекшелікке сол ЖАЗБА ТІЛ-ның қолданып отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп диакритикасы, тыныс белгілер жатады. Графемдік ерекшелікке әліпбидегі әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонологиялық құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бірнеше фонеманы, бір/бірнеше фонеманың бір графемаға сәйкес ЖАЗБА ТІЛ-ның оқылу және жазылу жүйесі жатады.

Келесі сабақ тапсырмасы: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы жазу-сызуды реформалауға айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа қарай бетбұрыс жасауды көздеген ағартушылар, белгілі түркітанушы ғалымдар туралы мәліметтер табу.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


7-тақырып. Ресми-іскерлік қатынас тілі.

Сабақ мақсаты: Ресми стильдегі стильдік норма, ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері, ресми-іскерлік стилінің морфологиялық ерекшеліктері, ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды.

Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды - экспрессивті және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа - қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым -қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экпрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.

Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға - бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі.

Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдады» т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.

Демек, даму барысында функционалды стилистикалық бояу да бірте-бірте тілдік тұлға-бірліктердің олардың мағыналарына о бастан тән, табиғи қасиетіне айнала береді. Сондықтан функционалды стилистикалық бояу тілдік құралдың мағынасынан бөлініп қаралмайды.




Ресми іс қағаздар тілінің нормасы


Тірек сөздер: Ресми ісқағаздар, ресми стиль, ісқағаздар стилі, кеңсе стилі, әдеби тіл, жалпы халықтық тіл, жазба мәдениеті, ресми құжаттар, мемлекет жұмыстары, ел билеу, өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, түйіндеме, хабарландыру, құттықтау, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, бұйрық, есеп, хаттама, шарт, міндеттеме, нұсқау хаттар, сот процесі, елшілік кездесулер.


Ресми ісқағаздар тілі – әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі. Әдеби тіл жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі – көркем әдебиеттің, ғылымның, ісқағазардың, өнер-білімнің, баспасөздің тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениеті арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі. Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфогафиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуы тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек. Ресми ісқағаздар тілі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, ісқағаздар стилі деп те айтылады. Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігі, онда факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені ісқағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ісқағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.

Қолданылатын орны. Ісқағаздарында, нұсқау хаттарда, кеңсе құжаттарында жазба түрі, ал сот процесі кезінде, елшілік кездесулерде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынастарында ауызша түрі қолданылады.

Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау, нақты мәліметтер беру.

Тілдік амал-тәсілдері: сөз, сөз тіркестері тіліндегі өз мағынасына сай жұмсалады. Мысалы, ресми стильде жазушы сөзі сөз зергері, қаламгер деп қолданылмайды. Жеңіл автомобиль атауы, сөйлеу тіліндегідей, жұмсақ машина деп айтылмайды. Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда, ісқағаздары қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылып, сөйлемдері тиянақты, ой аяқталған болып келеді де, мазмұны көбінесе «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болады.Ресми стильде кітаби реңктегі сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен термин сөздер пайдаланылады. Мысалы: орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, баса назар аударылсын, ескеріп отыратын болсын, қамтамасыз етілсін, қаулы етеді, осы анықтама берілді, жарлық етеді, т.б. күрделі тіркестер көбірек кездеседі. Ісқағаздары көбінесе өткен шақ формасында жазылады, айқындап тұратын сөздер жиі қолданылады.

Стильдік сипаттары: ресмилік, нақтылық. Айтылатын ойды бұрмалауға не екіұшты түсінуге жол бермейтіндей дәлдіктің болуы; автордың жеке басының сезім күйі тежеулі, сөзі ресми сипатта болуы

1-тапсырма.

1. Ісқағаздары, оның түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Ісқағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндық-құрылымдық жүйесін т.б. дерекшеліктерін есте сақтаңыз.

2. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Құжаттың аты

Мазмұндық-құрылымдық жүйесі

Қандай жағдайда жазылады

Өмірбаян

Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, білімі, оқыған оқу орындары, қоғамдық-саяси қызметі, ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет, қазіргі жұмысы, мекен-жайы

1.Қызметке орналасу кезінде

2.Оқу орнына түсерде

Түйіндеме

Аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, мекен-жайы, телефоны, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, бітірген, оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, тілдік дағдылары, компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері -    қызығушылығы туралы мәлімет, қосымша ақпараттар

Өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесінің, мамандығының икемділігін ұтымы көрсете отырып, ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу

Мінездеме

Тақырыбы, мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет, негізгі мәтін, қорытынды, мінездемені талап етуші үйымның аты, мінездеме берілген күн, ай, жыл, мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы, қосымша (егер болса), мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Қызметкерді басқа бір вакансияға немесе оқу орнына ұсыну мақсатында жазылады.

Өтініш

Мекеменің толық аты, басшының қызметі, атағы, аты-жөні, құжат аты, мазмұны, жазылу мерзімі, қолы, өтініш берушінің аты жөні, кейде мекен жайы.

жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау; жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.

Сенімхат

құжат атауы,күні, айы, жылы, мекен-жайы, сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі), қайтарылатын нақты уақыты, қайтара алмаған жағдайдағы шарты, нотариалдық мекеме мөрі.



Өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір адамға берерде жазылады.


2-кесте

Құжаттың аты

Мазмұндық-құрылымдық жүйесі

Қандай жағдайда жазылады

Өмірбаян








Түйіндеме





Мінездеме






.

Өтініш




 


Сенімхат










.


Келесі сабақ тапсырмасы: Басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын табу, оларды қатыстырып мәтін құрау.


Әдебиеттер:


1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

2. Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2006.

3. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005.


8-тақырып. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

Сабақ мақсаты: Сөздің функционалдық типтері, функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуімен (подстиль) танысу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.

1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы - құрылымдық стилистика.

2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім функционалды немесе қолданымдық стилистика.

3. Көркем әдебиет стилистикасы.

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті - стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастырады.

Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық стилистика саласы - әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың қарамағына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары - оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құрайды.

Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем шығармалардың не жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы еңбектер де жарық көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады.

Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.

Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60 жылдарынан, тіл ғылымының тілдің құрылымын зерттеуден оның қызметін (тілдің тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап белсенді жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы мәселелерін зерттей бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары: В.Матезиус, В.Гавренек, Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б. еңбектері).

Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан – мәтінге қарай) әсерін тигізді.

Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де өзіндік үлес қосты.Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты стиль, сөз мәдениеті мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.

Мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық зерттеулердің кейбір жаңа бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: «Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті, тілді және психологияны зерттеу стлистиканың (тіл ғылымының бір саласы ретінде) пайда болуымен одан әрі нақтылана, айқындала түсті»,- дейді.

Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан - функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі - тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.

Тіл - өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.

20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.

Келесі сабақ тапсырмасы: Студенттер топқа бөліп, тапсырма беріледі:

1-топқа берілетін тапсырма. Мына теңеулерді қатыстырып, фантастикалық әңгіме жазып келіңдер: қордың қызындай, шөккен нардай, көзге біткен сүйелдей, атқан оқтай, иненің жасуындай.

2-топқа берілетін тапсырма. М.Мақатаевтың "Қара шалғы" өлеңін қарасөзге айналдырып жазып келу.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


9-тақырып. Шаршысөз мәдениеті.

Сабақ мақсаты: Іскери дискурс және тіл мәдениеті, тілдік норма және жаңа қолданыстар туралы мағлұмат беру. Пікірталас мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.

Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.

Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.

Шешендік сөздің тектері мен түрлері. Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары.

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз. Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөз. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Академиялық шешендік сөз. Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері.

Соттағы шешендік сөз. Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Діни (Уағыз) шешендік сөз. Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Шешенге қойылатын талаптар. Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті. Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні.

Пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы. Демократиялық қоғам – пікірталасының өрістеуінің басты кепілі.

Пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі. «Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас – адамның ақыл – ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар.

Пікірталас мәдениетінің талаптары. Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар.

Пікірталас түрлері. Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді.

Әңгіме және «Дөңгелек үстел». Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары.

Пікір алмасу (дискуссия). Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар.

Ойталқы (дипут). Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі.

Ойкөкпар (дебат). Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі.

Сөзталас (спор). Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері.

Пікірсайыс (полемика). Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары.

Айтыс. Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер.

Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық.

Пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер. Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары.

Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары. Қарсыласқы тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар.

Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу».

Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі.

Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары.

Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан.

Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары. Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы.


Келесі сабақ тапсырмасы: Антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрау, оларды өз сөздерінде пайдалану.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


10-тақырып. Мәтін стилистикасы.

Сабақ мақсаты: Функционалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері, мәтінге қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипатына қарай мәтіннің стильдік ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Мәтін стилистикасы мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін қарастырады. Мәтін құрамындағы тілдік бірліктері, күрделі синтаксистк тұтастықтар, абзац, троп түрлері т.б. құралдар белгілі бір стильдік мақсатқа орай жұмсалуы мүмкін.

Эпитеттер заттың немесе құбылыстың әртүрлі белгісін айқындап, оқырманға әсерлілігін арттырады. Кез келген құбылысты суреттеуде, өзіндік белгі-қасиеттерін ерекшелеп көрсетуде эпитеттердің қызметі айрықша. Эпитеттер зат-құбылысты, табиғатты суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда болсын жиі жұмсалатын көріктегіш, бейнелегіш құрал.

Арыстан кеуделі, бірақ бет-аузы бүтін, қаршыға көз, қыран қабақты, суық өңді жас жігіт – Ысмайыл батыр (М.М.).

Омырауы даладай, суық жүз, қыр мұрын, қалың қабақ, қияқ мұртты жас жігіт. (М.М.).

Бұл мысалдардағы арыстан кеуделі, қаршыға көз, қыран қабақты, суық жүз, қияқ мұртты деген эпитеттер кейіпкердің бет бейнесін оқырман көз алдына әкеліп қана қоймайды, оның мінез-құлқынан да хабар береді.

Теңеу – бір затты немесе құбылысты басқа бір зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттайды. А.Байтұрсынұлы теңеуге мынадай анықтама береді: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз.

«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы – метафора деп аталады». Метафора көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсілге жатады.

Метафора – сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Метафора сөз мәнін ажарлай өзгертіп, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту».

Б.Хасанов қазақ тіліндегі метафоралардың екі түрін көрсетеді: «Метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафора.

Метафоралар ерекше бейнелілігімен қатар танымдық қызмет те атқарады. Олар дерексіз ұғымдарды анықтап түсіндіреді. Сол арқылы жазушының немесе кейіпкердің ойын дәл жеткізуге көмектеседі. Мысалы: ұйқының ауылы, көңіл толқыны, сөздің салмағы. Мұндай бейнелі көркем метафоралар кейіпкер тілінде де қолданылып, кейіпкердің шешендігін, тапқырлығын көрсетеді: Бүгінгі шырғалаң – шалшық су, кешесің де өтесің. Ертеңгі дүрбелең – айналып өткізбес ми батпақ болып шықпасын (М.М.).

Метафора кейде мысқылдық қатынаста беріліп, кейіпкердің мінез-құлқын, адамдық сипатын да білдіре алады.

Сүйіктім, мен өмірімде талай салпаңқұлақ есекті көрдім, ал мына сенің ғашығың солардың ішіндегі ең шымқай көгі (М.М.).

«Метонимия – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы». Метонимия тәсілі де теңеу мен метафора сияқты кейіпкердің белгі қасиеттерін ерекшелеп көрсетіп, оқырман назарын аударуда, тұспалдап, астарлап жеткізуде тиімді тәсіл болып табылады.

Ырсекеңнің қартайғанда көрген жалғыз қызығының тауаны шағылып қайтқаны мынау (М.М.).

«Құбылтудың бір түрі – кекесін, яки ирония /грек. Eironia –келемеждеу/; тағы бір түрі мысқыл, яки сарказм /грек.sarkasmos – масқаралау/».

«Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса, - ирония, келемеж ащы мысқылға айналып сын үдей түссе, - сарказм болғаны.


Келесі сабақ тапсырмасы: Публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді жинатып, сол жинаған мәтіндерінің мазмұнын айтқызып бағалау жұмыстары жүргізіледі. Белгілі айдармен жүргізіліп жүрген тәрбиелік мәні бар радио, теледидар хабарларың сабаққа магнитофонға жазып әкеліп, сынып оқушылары түгел тыңдап, пікір алысуларына болады.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


11-тақырып. Стиль - өнер ерекшелігі.

Сабақ мақсаты: Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлін ұғындыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар.

І. Тіл – жалпы адамзаттық құндылық. Тіл – этностың рухани мәдениетін жасаудың; дүниені тануының, өзін-өзі сақтауының құралы. Тілдегі эстетикалық, логикалық таным іздері. Лингвоэкология ұғымының пайда болуының шарттары. Этномәдени лексика. Тілдердің әлемдік қарым-қатынастағы орнына қарай жіктелу. Тіл- ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.

ІІ. Қазақ тілі қандай тіл?

Қазақ тілі –түпкі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі-көне түтік , орта түрік, жаңа түрік дәуірлері. Жазба мұралардағы әріп таңбаларының қолданылуы.

Ескі қазақ жазба тілі. Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы. Араб әліпьиі негізіндегі ескі жазба тіл. Қазақ хандығынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі аралықтағы ескі жазба тілдің қолданылуы. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы .Жазба тілінің үш элементі. Ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні.

Төте жазу. Жазу – сызуды демократияландырудағы А. Байтұрсынұлының реформасы. Тұңғыш қазақ әліпбиі. Жаңа жазу- халықтық тілді қолданудың жүйесі. Тілдің заңдастырылған жазу нормалары. Төте жазудың халықтық,әлемдік деңгейде бағалануы. Төте жазудың кеңестік кезеңдегі тағдыры. Қазақ тілінде пайдаланылған алфавиттер.

Қазақ тілі - кемелденгген тіл. Тіл кемелдігіне тән объективтік белгілердің қазақ тілінің құрылымдық жүйесінің табылуы. Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері. Сөз байлығы-тіл дамуының басты белгісі. Шешендік (бейтарап, кітаби, сөйлеу тілі )жүйе- кемелденген тілдің белгісі. Тілдің дамуындағы қазақ этносының қалыптасу тарихының рөлі.

Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Ұлттық тілге тән белгілер. Қазақ тілі – ұлт тұтастығын нығайтудың кепілі. Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тілге нәр беретін қайнар көздер. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы сөз зергерлерінің орны. Қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының өзара әсері.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін құжаттар. Мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары, сыртқы және ішкі факторлар. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруының шарттары. Олардың тіл мәдениетін арттырудағы мәні.

«Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл — қатынас құралы, сөйлеу — сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стилъдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады. Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.

Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.

Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: «Адамның қоғамдағы жағдайына, қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стилъ қолданылмайтыны сияқты, кез келген уақыт пен кез келген орында да бірден стильді қолдануға болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзінің әр бөлшегінде де оның орынды айтылуына көңіл бөлу керек, бұл сөз болатын істің мән-жайына, сөйлеуші мен тыңдаушыға да байланысты болады».

Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажыратып қарады: төмен стиль, бұл - өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін; орта стиль, бұл - сөйлесу, әңгімелесу үшін; жоғары стиль, бұл — тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылды.

Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Еуропада риторика мен стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді.

Мысалы, 18 ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары стиль - классикалық трагедия, ода, ораториялар; қазіргі стиль - роман, повестер; фольклор стилі (қарапайым стиль) - комедия, мысал, әзіл-сықақтар.

Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносовтың еңбектері (үш стиль теориясы) зор рөл атқарды. Орыс сөздерін «қарапайым халықтық, төмен» және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын сөздері деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын көрсетті.

«Функционалды стиль» ұғымы - қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: «Стилъ - бұл жалпыхалықтық, жаллыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады».

Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.


Келесі сабақ тапсырмасы: өздері оқыған шығармаларынан ауыспалы мағынада жұмсалған сөздердің, троптың түрлері қатыстырылған сөйлемдерді теріп жаздырып, олардың қолданылу мақсатын талқылату жұмыстарын жүргізу.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

12-тақырып. Тілдің стилистикалық ресурстары.

Сабақ мақсаты: Тіл мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері, лингвоэкология ұғымымен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай кұбылысты тіл-тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.

Сөздердің мәдени лексика деп аталатын тобына жататын дәптер сөзі әуелде грек (дифтера) одан, иран тілдері (дафтара) арқылы түркілер мен монғол (дэвтэр), тибет (девтһер) тілдеріне тараған. Мұндай мәдени лексика тіл-тілдің барлығында дерлік кездеседі деуге болады. Бірақ өзге тілден енген сөздердің кейбірі төркін тілдегіден өзгеше мағынада жұмсалып жатады. Мәселен, стилистика (пән аты) тәрізді сөздің қазіргі мән-мағынасы көпшілікке түсінікті. Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректердің Stуlоs сөзімен төркіндес. Ол – «ұшталған таяқша» деген мағынаны білдіреді. Ол кезде балауыз жағылған тактайша жазу-сызу үшін пайдаланылған. Ойды дәлірек жеткізу үшін таяқша арқылы тақтайдағы жазуды әлденеше өшіріп, қайта жазуға, түзетіп отыруға да тура келген. Таяқшаны (стильді) пайдалана білу өнері кейіннен сөз шеберлігін, тіл мәдениетін арттыра түсу деген мағынада ұғыныла келіп пән атауы ретінде қалыптасқан.

Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановқаға барамын, субботада келді, звонит ет т. б.) мүлде басқа. Дағдыңын да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шет тілдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде «элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің сөзге ұқыпсыздығын көрсетеді.

Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сөзімнің лебі таза сейлеуден де байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде-бір франңуз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа»,— дейді Л. Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәрізді ауыс-түйістердің болуы — тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ мұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Ондай ұғымдар қалька тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған қалька, (қазақша егіншілік), ал принять меры франңуз сөзінің көшірмесі, (қазақша иіара қолдану) т. б.

Сөйлеуде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнға қатысты болып, мағыналық жүк арқалап тұруға тиіс.

Бірақ кейбір адамдардың сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан келтіретін, сөзді әсерлілігінен айыратын «қызметсіз» қыстырынды сөздер жиі кездеседі. Сөз арасында қызметсіз қыстырылып жүретін жаңағы, нетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір адам тыңдаушысын мезі етеді. Ондай сөздің керегінен кебегі көп болып жатады. Әсіресе сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіп отырған жайдан түсінігі бұлдыр болған кезде, сүреңсіз сөздер киліккіш келеді. Сөз тазалығын сақтауға талаптанған адам белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп, ой елегінен өткізіп алып, жұрт алдыңа шығады. Тіл тазалығын сақтауға талаптанған адам сөз арасын ыбырсыта бермейді.

Сөзді «қызметсіз» жұмсап, тіл шұбарлаудың тағы бір түрі бар. Ол біреуге байқалса да, біреуге байқала бермейді.

«Мал төлдету ісін шығынсыз іске асыруды цамтамасыз еттік», «Бұл – аудандағы аса ірі кәрсеткіштің бірі болып табылады», Мұнай көзін іздестіру жұмыстары одан әрі жүргізілуде» тәрізді сөйлемдерді радио, телевизия хабарынан кездестіреміз. Осындай тіркестерді «қызметсіз» сөздерден арылтып, етек-жеңін ықшамдап күруға болмас па еді? Мал төлдету шығынсыз аяқталды. Бұл – аудандағы ірі көрсеткіштің бірі, мұннай көзін іздестіру одан әрі жалғастырылуда деп, тізбекті басы артық тіркестерден арылтсақ, орны ойсырап қалмайды. ... Болып табылады, болып саналады, бірінен саналады дегендер қызметсіз тұрған кыстырындылар. Сөйлемді әрдайым болып табылады, болып саналады, бірінен саналады тәрізді тіркеске курудан гөрі, есім баяндауышқа аяқтаудың тиімді көрінетін кездері бар. Мұндай құрылымнан жинақылық байқалып тұрады. Ондай касиетті сыралғы қалыптасқан мақал-мәтелдердің құрылымынан да байқаймыз. Мысалы, «сөздің көркі – мақал, жігіт көркі – сақал. Осыны тіпті «болып табыладыға» үйір адамның өзі «сөздің көркі мақал болып табылады, жігіт көркі сақал болып табылады» демес еді.

1 - лексикалық тапсырма.

1 – сұхбат:

Тіл жайлы адамдардың ой-пікірін білгім келіп тұратын әдетім бар. Сондай бір кезде «мобил агнетте» отырып «шағын блогқа»: «Жамағат сәлем» десе, неге «Привет!» деп жауап бересіңдер, неге «салем!» деп қазақша жауап бермейсіңдер? – деп сұраған едім, сол кезде бір қыздан «это привычка» деген жауап келді. Диалог әрі қарай былай жалғасты:
-Неге «привычка»?
-Соған үйреніп кеткенмін ғой.
-«Сәлем» деп қазақша жазуға да болады ғой.-
-Не а.
-«Жоқ» десеңші.
-Айттым ғой, міне тағы да«привычка».
-Ал сен «привычка» қылма. Қазақ емессің ба?
(Осы кезде ол шығын болгына: «Мне насрать вашего мнение.» деп жазды)
-Несіне ашуланасын, мен Қазақ болайық деп жатырмын ғой?!
-Итак Қазақпыз ғой.
-Ол тек ауызбен айтқанға, дәл қазіргі айтып отырғаның анау болса, сенен қайдағы Қазақ шығады?
-Мен орысша сөйлеймін, потому что ол маған керек. Орыс тілін білмесек болашағымыз жоқ.
-Біл, саған кім «білме» деді? Игілігіңе жарасын, бірақ өз тіліңді ластамай-ақ сөйлесең болмай ма?
-Өзім білемін, ешкімнің шаруасы болмасын!
-Маған десең орыс болып кет! Мен саған «ұлтшылдық» мағынада емес, «ұлтжандылық» мағынада айтып жатырмын.
-Боламын орыс, онда не жұмысың бар?
-Ешқандай жұмысым жоқ. Бірақ, бүгін осылай сөйлеген сенен және сен сияқтылардан Қазақстанның ертеңін елестетудің өзі ұят. Қаныңды оңай сатып жібереді екенсің. Мен өз тілі бола тұра, өзге тілге бағынышты болып қалған адамды «бейшара, байғұс біреу» деп білемін.
-Өзің біл, кім десең де.


  1. сұхбат:

  • Диалогтарды оқып, талдаңыздар.

  • Екі тілді араластырып сөйлеудің қауіптілігі неде?

  • А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнісін осы диалогтармен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.

  • Өз бетіңзше ой қорытып, тұжырым шығарыңыз.


«Только үш-төрт сом қостық. И все».

«Ия, шумиха болды».

«Бағаны көтерген жоқпыз, потому что ешкім алмайды»

***

«Мынау нағыз уйықтайтын погода екен».

«Иә, бірде қар, то дождь».

«Бүгін целый день снег жауад деген».

«Снег па, дождь ба?»

«Снег деп айтты».

«Холод болады деп айтты ма?»

«Холод бола қоймас. Временами деді ғой».

***

«Саулеша, анау үшінші палатадағы старушкаға укол салдың» ба?»

«Жоқ, ол пока система алып жатыр».

«Сахарға анализ тапсырып па еді?»

«Кеше сдавать еткен».

«Онда хорошо».

5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, өзіңіз ой қосыңыз.

«Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге доламау, жергілікті сөзден қашу» дейді А. Байтұрсынов.

Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмау» дейді ғалым М. Балақаев.

Тіл тазалығы қажетсіз, басы артық сөздерден бұзылады. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде өзге тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені, ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан да кездестіруге болатыны белгілі.


Келесі сабақ тапсырмасы:

1. Төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасау:

а) Қазіргі елдегі жағдай

ә) Ғылым мен техника жаңалықтары

б) Мәдени жаңалықтар

в) Жаңа әдебиеттер

г) Бүгінгі айтыстың дүлдүлі

ғ) Қай айтыскер ақын мәдениетті?

д) Қазіргі шешендер.

2. Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, шығарма жазыңыз:

а) Таза сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі.

ә) Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы, Ол – адамның білімсіз бейшарасы.

3. «Сөз тазалығы – білімділік белгісі» – баяндама жазыңыз.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.


13-тақырып. Ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты.

Сабақ мақсаты: Сөйлеу техникасы, ойды мәнерлі жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары: ым-ишара, қимыл-қозғалыс, дауыс күші, қарқыны, кідіріс, интонацияны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.

1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.

5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.

7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.

8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу – нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)

Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады.


Келесі сабақ тапсырмасы: Шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен сабақтастыра айту.


Әдебиеттер:


1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

3. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. - А,1976.

4. Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері. – А., 1977.


14-тақырып. Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті. Сабақ мақсаты: Диалог және монолог. Монолог өзінің мән-мазмұны жағынан сипаттау, баяндау, пайымдау деген мағыналық түрлерімен таныстыру және қолдануды үйрету.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Сөз мәдениетінің шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері.

I. Шешендік өнердің тарихы. Шешендіктің өнер, ғылым ретінде дамуының бастаулары. Шешендік – жалпы адамзаттық құндылық.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары. Ежелгі Греция – шешендіктанудың отаны. Шешендіктің дамуының алғышарттары.

Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлестері.

Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы.

Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі.

Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы.

Ресейдегі шешендіктанудың дамуы. Ресейде шешендіктанудың қалыптасуы. М.В.Ломоносов – орыс шешендіктануын жаңа сатыға көтерген ғалым. И.С.Рыжскийдің, А.Ф.Конидің, В.Г.Белинскийдің, П.С.Прохорщиковтың шешендікке қатысты ой-тұжырымдары. Орыс шешендіктанушыларының осы ғылымды өркендетуге қосқан үлестері.

Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары. Орта ғасырлардағы түркі ғалымдарының шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуындағы рөлі. Әл-Фараби – ұлттық шешендіктанудың іргетасын қалаушы. Ғалымның «Риторика» атты еңбегіндегі шешендікке байланысты басты тұжырымдары. Әл-Фарабидің шешендік сөз бен адамгершілік қасиеттердің бірлігі туралы ой-пікірлері.

«Қабуснамадағы» өнердің басқа түрлерінен сөз өнерінің артықшылықтары жайлы даналық байламдар.

«Құдатғу білік», «Диуани лұғат-ат түрк», «Диуани хикмет», «Тауарих хамса» еңбектеріндегі сөз құдіреті, сөз мәні туралы түйіндеулердің шешендік сөзбен сабақтастықтары.

Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің дамуы. Ұлттық шешендік сөздің алтын тамырлары – көне түркі жазба мұралары , XII – XVI ғасырдағы Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, Асан Қайғы даналықтары.

XVII – XVIII ғасырлар – қазақ шешендік сөз өнерінің ерекше дамыған кезеңі. Осы кездегі шешендіктің өркендеуіне әсер еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Қазақтың атақты би – шешендері. Олардың шешендік өнер жөніндегі ой-пікірлері. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихының үш кезеңі

Қазақ шешендіктану ғылымы: қалыптасуы мен дамуы.

Ш.Уәлиханов – қазақтың төл шешендігі туралы тұңғыш ғылыми пікір айтқан ғалым. Абайдың қазақ шешендігі туралы тұжырымдары. Қазақ шешендіктану ғылымының көшбасшысы – А.Байтұрсынұлының жаңашыл қағидалары, Ш.Құдайбердіұлының, Ә.Бөкейхановтың би мен билік туралы ойлары.

М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің шешендікті арнайы қарастырған ғылыми еңбектері.

ХХ ғасырдың екінші жартысында шешендіктің зерттелуі. Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың, Б.Шалабаевтың, С.Садырбаевтың, М.Жармұхамедұлының, С.Негимовтің ғылыми еңбектерінің мәні.

Шешендік сөздің тіл мәдениетімен бірлігін, қазіргі заманмен сабақтастығын негіздеген М.Балақаевтың, Р.Сыздықтың, Н.Уәлиевтің зерттеулеріндегі жаңа ой-тұжырымдар.

II.Шешендік сөздің табиғаты.

Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.

Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.

Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.

Келесі сабақ тапсырмасы: Курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрау.


Әдебиеттер:


1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.




БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР


Бақылау сұрақтары


1. Қайсысы қандай жағдайда, қалай қолданылады? Кімдерге айтылады?

1. Есікті жабуға бола ма?

2. Мынандай қапырықта қалай отырсың?

3. Салқын ғой. Есікті жабамыз ба?

4. Өтінемін, есікті жапшы!

5. Біз есікті жапсақ қалай болады?

6. Қайырымдылық жасап, есікті жапшы!

7. Есікті жапқың келмей ме?

8. Жапшы есікті!

9. Қой, есікті жабайық!


2. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің сыңарын тауып жазыңыз.

1. Тілге... 2. Алтынмен аптап... 3. Құралайды... 4. Шіріген... 5. Түйені... 6. Тіс қаққан... 7. Жіпсіз... 8. Көпті көрген... 9. Қасықтай қаны... 10. Салы... 11. Ит терісін... 12. Тауы... 13. Ұнжырғасы... 14. Аузына... 15. Жер-жебіріне... 16. Жегенін... 17. Кежегесі... 18. Көкейге... 19. Тісі... 20. Жаны... 21. Іші... 22. Бетінен... 23. Жарғақ құлағы... 24. Арқа... 25. Аузының суы... 26. Жұмған аузын... 27. Қылдай... 28. Құлаққа ұрған... 29. Әңгір таяқ... 30. Екі езуі... 31. Жұлдызы... 32. Төбесінен... 33. Көрер таңды... 34. Бесенеден... 35. Бармақ... .


3. Қазіргі таңда баспасөз беттерінен қандай қателіктерді көруге болады? Олардың бір-екеуіне мысал келтіре кетсеңіз.


4. Р.Сыздық уәжсіз ауытқулардың қандай екі тобын көрсетеді? Әр түріне қысқаша тоқталып, мысалмен дәлелдеңіз.


5. «ХХІ ғасырдың тіл маманы қандай болуы керек?», «Көп тілді білу – көпмәдениеттілікке бастар жол», «Ұйықтаған ойды кім түртпек», «Сирек кездесетін мамандықтар», «Өмір сүргім келеді...», «Сен сыйлаған шаттық...», «Сен мен үшін...» арнайы және еркін тақырыптардың бірін таңдап, ойтолғау жазыңыз.



1-жаттығу.Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс жалғануын есте сақтаңыздар.

І. Акварель, коллоквиум, диск, актив, заряд, гастроль, гонг, алкалоид, грамм, коттедж, гладиолус, дефольт, инфаркт, аллерголог, колледж, алоэ, аммоний, антибиотик, антрополог, дивиденд, журналист, инстинкт, артикль, археолог, дифтонг, астероид, контакт, аффикс, бактериолог, бенефис, бифштекс, бокс, актер, имидж, киоск, консерв, конспект, конфликт.

ІІ. Акваланг, дирижабль, аквариум, бронхит, аккорд, бронетанк, катафалк, акт, вальс, альпинист, гидролог, антракт, аншлаг, аспект, ведомость, аспирант, кабель, аффект, баланс, бандероль, банк, акцепт, бланк, блок, букинист, бумеранг, бутерброт, бульдог, дебют, диалог, дизель, дуэль, дуэт, иероглиф, интервью.


2-жаттығу.Орфоэпия заңдылығына сәйкестендіріліп берілген мәтінді орфография заңы бойынша жазыңыздар.

Сәукөлө – әйелдің бас кійімі, онұ ұзатылған ғыздар және онұң жанына еріб жүрөтүн ғұрбұлар гійген. Сәукөлөнүң негізгі бөлүктөрі – тәж, төбө, құлақ пау және артқы бойұ. Сәукөлөнүң төбөсү қыйық конус тәрізді болұп келеді. Онұ асыл тас, алтын, күмүс, меруерт, маржанмен өрнөктөйдү.


3-жаттығу. Мақалдың екінші жартысын cәйкестендіріп, мағынасын ашыңыз.


1. Жақсы байқап сөйлер,

2. Сөз қадірін білмеген,

3. Сәлемі жараспағанның,

4. Ойнап сөйлесең де, ....

5. Cуды сіңген жеріне құяды, ...

6. Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ...


ақымақ құлақ салмайды

ойлап сөйле

жаман шайқап сөйлер

өз қадірін білмейді

сөзі де жараспайды

сөзді түсінген адамға айтады


1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз.


Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар өздігінен, пайда болған жоқ және оның ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі халықтың өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) соның нәтижесі деуге болады. Әсіресе мақал-мәтелдердердегі терең пайымдаулардан сөз мәдениетінің қоғамдық-әлеуметтік тіршілікпен байланысты екені айқын аңғарылады.

Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістеріқазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты. Сондықтан сөз мәдениетімен байланысты, оған қатысты ғылыми пайымдауларды, тұжырымдарды тілдің қоғамдық тіршілігімен байланысты қарау тиімді болмақ.

Ал енді ұлттық тілге келетін болсақ, тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, тұрмыс-салтымен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз.

Кез келген халықтың этномәдени тұрмысын ұлттық тілдің жетегінде, әлеуметтік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдар аясында сөз ету мәселесін этнолингвистика ғылымы қарастырады. Ал осы құбылыстың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өрісін – лингвомәдениеттану қарастырады. Нәтижесінде тіл мен мәдениеттің шекарасында халық тілі мен ұлт мәдениеті қызметі анықталады. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады.  Себебі әр мәдениет заманына, діліне моральдік нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның іс-әрекетіне, сұлулыққа тағы да басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы – тіл.

Қазақ сөз мәдениеті жоспарлы түрде, арнайы бағдарлама бойынша Тіл білімі институтында М.Балақаевтың ұйымдастыруымен және басшылығымен 60-жылдардың аяғы, 70-жылдың басынан зерттеле бастады. Бұл кезең қазақ сөз мәдениетін жеке пән ретінде қалыптастыруды ұйымдастырудың бастамасы болды.

Проф. Р.Сыздықованың зерттеулерінде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, әдеби тілдегі жеке сөздердің, біріккен сөздердің, ритмикалық топтардың дыбысталу нормалары көрсетіліп, орфоэпиялық ережелері түзілді. Сөйтіп, кодификациялау жұмыстары іске асырылды.


2. Cұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақ сөз мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тілдің болмысын білу үшін тілдің заңдылығын білу жеткілікті ме?

  3. Этнолингвистика ғылымы деген не? Оның сөз мәдениетімен байланысы қандай?

  4. Тіл мәдениеті әр елдің мәдениетімен тығыз байланысты деген ұғымды қалай түсінесіз?

  5. Қазақ сөз мәдениеті қашан, кімнің басшылығымен зерттеле бастады?

  6. Қазақ сөз мәдениетін жеке пән ретінде қалыптастыруды ұйымдастырудың бастамасы қай кезеңнен басталды?

  7. Проф. Р.Сыздықова нені зерттеді?


3. Сөйлемді мәтін бойынша аяқтаңыз.

1. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ... . 2. Тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, … . 3. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы … .  4. Қазақ сөз мәдениеті жоспарлы түрде, арнайы бағдарлама бойынша Тіл білімі институтында ... . 5. Проф. Р.Сыздықованың зерттеулерінде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, … .

Мәтінді оқып шығыңыз.

ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сызуы демократиялық бағытқа (халық тіліне) бет түзеді; фонетикалық жазудан фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі қаланды. ХХ ғасырдың басында түбегейлі реформа жасау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ жазуын демократиялық (бұқаралық) жолға салды. Ғалымның бұл ісі туған ұлтына сіңірген орасан зор еңбегі деп бағаланады. Халықтың тез арада сауат алуына А.Байтұрсынұлы әліпбиінің, яғни төте жазудың бірден-бір оңтайлылығы себеп болса, екінші бір атап айтарлық себеп – жазу-сызуда, оқулықтарда халық тілінің дыбыстық, лексика-грамматикалық нормасын негіз етіп алуы болды. Ал халықтық тіл нормасы дегеніміз – тілдің ұзақ замандар бойы жұмсалу машығымен (тәжірибесімен) байланысты қалыптасқан норма. Тілдік амал-тәсілдерді қолданудың тәртібі, қалыпты жүйесі жалпыға бірдей болып орнығады да қай кезде болмасын әлеуметтік мәнге ие болып, «мызғымас» дәстүрлі нормаға айналады. Осы дәстүрлі норманың айналасында ауыспалы, айнымалы, құбылмалы нормалар да болады. Өйткені Байтұрсынұлы заманындағы тілдік тұлғалардың сөз қолданысында дәстүрлі нормалармен қатар қарапайым сөйлеу тілінің белгілері, ескі кітаби тіл элементтері, туып-өскен ортаның жергілікті ерекшеліктері, орыс тілінің сөздері т.б. тәрізді айнымалы, өзгермелі нормаларға тән шеткері элементтер де аралас-құралас жүреді. А.Байтұрсынұлы өзінің оқулықтарында жалпыға ортақ дәстүрлі нормаларды дәл айқындап, ауыспалы нормалардан жігін ажыратып берді. Жер-жерлерде сауат ашу курстары жұмыс істеп, мектеп жасындағы балалар түгелге дерлік оқуға тартылып жатқан кезеңде дәстүрлі нормаларды тап басып, оқулықтар арқылы реттеудің маңызы аса зор болды. 1920-30-жылдарда әліпби, терминология, емле ережелерін түзу, орфографиялық принципті белгілеу, орфографиялық нормалардың негізін жасау, қазақ тілін оқытудың бағдарламасын жазу аса өткір мәселе ретінде күн тәртібінде тұрды. Ең бастысы, ғылыми негіздерге сүйене отырып, орфографиялық принципті белгілеу мәселенің қиыны, күрделісі болды. Басты мәселені шешіп алмай жазу-сызу жүйесін ретке салу да, емле ережелерін түзу де, оқыту бағдарламаларын жасау да нәтижелі болмас еді. Бұл тұста профессор Қ.Жұбановтың ғылыми концепциясының маңызы зор болды. Проф. Қ.Жұбанов «қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы керек» деген үзілді-кесілді пікірде болды. Қ.Жұбанов – тіл практикасында демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым. Емленің қалың елге, еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек дей келіп, Қ.Жұбанов: «Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады», – дейді. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша көп вариантты қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары еленбеуі тиіс. Бұл бағыт, әрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді. «Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бәрін тастап, жалғыз «лар»-ды ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз естілуіне жақын болу керек . Оппоненттермен пікірталасында ғалымның мұндай қарапайым мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес. Морфологиялық принцип бойынша, қосымшалардың қалыптасқан варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына артықшылық беру тілдің ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол үзу болар еді. «Жалғауды туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы, алғашқы нұсқасын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі танып біле алмайды. Мәселен, -дар көнерек пе, я -лар ескірек пе, болмаса -тар кәрі ме, – оны дәлелдеу мүмкін емес». Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип.

Жауаптарға сұрақ қойыңыз. Немесе сұраққа жауап беріңіз.


1


ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сызуы демократиялық бағытқа (халық тіліне) бет түзеді.

2


ХХ ғасырдың басында түбегейлі реформа жасау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ жазуын демократиялық (бұқаралық) жолға салды.

3


Байтұрсынұлы заманындағы тілдік тұлғалардың сөз қолданысында дәстүрлі нормалармен қатар қарапайым сөйлеу тілінің белгілері, ескі кітаби тіл элементтері, туып-өскен ортаның жергілікті ерекшеліктері, орыс тілінің сөздері т.б. тәрізді айнымалы, өзгермелі нормаларға тән шеткері элементтер де аралас-құралас жүреді.


4

А.Байтұрсынұлы өзінің оқулықтарында ненің жігін ажыратып берді?


5

Жер-жерлерде дәстүрлі нормаларды тап басып, оқулықтар арқылы реттеудің маңызы қандай болды?


6

Қ.Жұбанов қандай принципті ұстанды? Неге?


7

Қ.Жұбанов кім?


8

Көптік жалғауы туралы қандай ой айтады?



Мәтінге сәйкес дұрыс ақпаратты белгілеңіз.

Дұрыс

Дұрыс емес

1920-30-жылдарда әліпби, терминология, емле ережелерін түзу, орфографиялық принципті белгілеу, орфографиялық нормалардың негізін жасау, қазақ тілін оқытудың бағдарламасын жазу аса өткір мәселе ретінде күн тәртібінде тұрды.



Проф. Қ.Жұбанов «қазақ жазуы морфологиялық принципті ұстануы керек» деген үзілді-кесілді пікірде болды.



Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады



Қ.Жұбанов – тіл практикасында демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым.






Басты мәселені шешіп алмай жазу-сызу жүйесін ретке салу да, емле ережелерін түзу де, оқыту бағдарламаларын жасау да нәтижелі болар еді.



Жалғауды туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы, алғашқы нұсқасын білу керек.



Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі танып білуге болады.






Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін 3-5 сөйлем жазып, сабақты қорытындылаңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мәтіннің мазмұнын өз ойыңызбен кеңейтіп баяндаңыз.


Тіл мәдениетінің аспектілері


Ғалым профессор М.Серғалиев тіл мәдениетінің үшаспектісін көрсетеді:

1) нормативтік аспект; 2) этикалық аспект; 3) коммуникативтік аспект.

 Бірінші аспект бойынша тілдік норманы қатаң сақтау талап етіледі. Яғни, лексика, грамматика, орфоэпия, орфография, стилистика т.б.

Этикалық аспект бойынша сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де сыпайылық пен ізеттілік сақталу керек. Сөйлесушінің көңілін қалдыру, дөрекі сөйлесу тән емес.

Коммуникативтік аспект бойынша адамдармен қарым қатынас жасағанда ойды, пікірді дәл, қисынды, орынды жеткізе білу және т.б. талап етіледі.

Б.Н.Головин сөз мәдениетінің төмендегідей коммуникативтік сапасын атап көрсетеді: 

1) сөздің дұрыстығы(точность речи);

2) сөздің тазалығы(чистота речи);

3) сөздің дәлдігі (точность речи);

4) сөздің қисындылығы (логичность речи);

5) сөздің мәнерлігі(выразительность речи);

6) сөздің бейнелілігі (образность речи);

7) сөздің қол жетімділігі (доступность речи);

8) сөздің өтімділігі (действенность речи);

9) сөзді орынды сөйлеу (уместность речи);

10) сөз байлығы (богатство речи).

Сөйлеу немесе жазу барысында осы аталған сапалар орындалған болса, тек коммуникативтік аспектіде ғана емес, барлық аспектіде тіл мәдениетіне қол жеткізу қиындыққа түспейді.


Т [pic] апсырма. Фразеологизмді есте сақтай отырып, олардың мағынасын ашу үшін сөйлем құраңыз.




Тілімнің ұшында тұр – есіме түспей тұр, ұмыттым, айта алмай тұрмын деген мағынаны білдіреді.


[pic]



Жіпсіз байлану – ешқайда кете алмай, күтіп отырып қалу деген мағынаны білдіреді.




[pic]

Тақырға (мұзға) отырғызу – алдап кету деген мағынаны білдіреді.







5-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып мазмұндаңыз, оларға тақырып қойыңыз.


Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Тілдік норма негізінен екі нәрсе арқылы айқындалады: пайда болған жаңа құрылым жүйеге сәйкес пе, жоқ па? Дағдыға айналды ма, жоқ па?

Бұл – сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі. Сөз мәдениетінің қарастыратын объектісі, екіншіден, сөйлеген (жазылған) сөздің коммуникативтік сапасы: дұрыс/бұрыс, бай/жұтаң; бедерлі/бедерсіз; дәл/дәл емес т.б. Бұлай деп баға беру сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісіне жатады.

Әдетте коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат «жақсы», я болмаса «жаман» деп бағаланатын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан белгілі бір тілдік ұжым мүшесінің тілдік практикасында «жақсы сөйледі», «сөзі жатық екен», «тілге (сөзге) бай екен» тәрізді тұрмыстық деңгейде кездесетін таным-түсінігі болады. Әрине, баға беру субъективті болғанмен, сөз құрылымындағы «жақсы» я болмаса «жаманның» тілдік көрсеткіштері объективті болуы ықтимал.


Тақырыбы: _______________________________________



2. Сөйлеушінің алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік ойын тыңдаушының дұрыс зерделеуі (интерпретациялауы), ой елегінен дұрыс өткізуі тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі критерийі болып саналады

Әсіресе қазақтың тілдік дәстүрінде этикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктермен байланысты тура мағынасында ұғынылмайтын айтылым түрлері бар. Мысалы, сөз этикетінде амансыз ба деген сөзге аманмын деп жауап бермейді. Тілдік дәстүрдегі бұл сұрауға тура мағынасында аманмын деп жауап беру сөз этикеті нормасының бұзылуы деп танылады.

Жекеленген сөз топтарына тән таңбалардың айтылымдағы прагматикалық мәнділігін ашу сөз мәдениеті үшін ерекше маңызды болып табылады. Сен де барамысың деген айтылымда де-нің мағынасы айрықша: «Саған не жоқ» деген семантиканың, Сен, немене, тыныш отырмайсың ба дегендегі «немене, не нәрсе» деген сөзбе-сөз мағынасында ұғынылмайды. «Қомсыну», «олқысыну», «жеку» тәрізді мағынаны білдіреді. Бұлар – сөз семантикасының тасада тұрған мағынасы. Әйтеуір, шындыққа көзін жеткіздім-ау, «Шындыққа көзін жеткізу көп күшке түскені», «қиынға соққаны» - тасада тұрған семантикалық компонент.

Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________



3. Сана, ойлау, таным, білім, тілдік білім, ақпарат, концепт, мәнділік, мағына т.б. іргелі ұғымдар негізінен когнитивтік лингвистиканың нысаналары болып табылады.

Когнитивтік лингвистика – когнитология деп аталатын ғылымның бір саласы. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, теориялық ұстанымдары, іргелі ұғымдары, зерттеудің өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Когнитивтік лингвистика сана, ойлау, білім және білімнің табиғаты мен мәнін, ақиқат дүниенің санада қабылдануының нәтижесін, адамдардың танымдық қызметін, белгілі бір білімнің адам санасында жинақталып, ой елегінен өтіп, байыпталып, ақпараттық жүйеге түскен білімін қалыптастырады.

Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.

Адамзаттың шынайы ойлауы, абстракті ойлауы тек тіл арқылы жүзеге асады. Бұл жерде ойлау дегеніміз не, сана дегеніміз не? Аражігін ашып алу қажет. С.Д.Кацнельсонның айтуынша, ойлау мен сана сөз бен тіл тәрізді. Сөздің тілге қатысы қандай болса, ойлаудың санаға қатысы да сондай


Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________



4. Таным – ақиқаттың санада бейнелену процесі мен қайта жаңғыруының барысында жинақталған білім; қабылдау, түсіну, түсініктің пайда болуы сияқты жүйелердің өзара әрекеттестігі мен ақпарат тудыру.

Ақпарат – факт, уақиға, процесс жөнінде хабарлар; адамның күнделікті санада әртүрлі каналдар арқылы алатын және кодқа салатын, өңдейтін, қайыра өңдейтін мәлімет, білім, деректер.

Білім – адамдар санасында ақиқат дүниенің белгілері мен қасиетінің бейнеленуінің нәтижесі. Білім адамдардың өмірі мен қызметін реттеуші маңызды фактор болып табылады.

Білім – есте ұстаудың немесе естің бір бөлігі.

Білім – қоршаған дүние объектілерінің санада бейнеленуінің нәтижесі, олар туралы мәліметтер, сол нәтиженің, мәліметтердің, деректердің белгілі бір тәртіпке келтірілген жүйесі.

Бұлар – индукция, дедукция, ой қорыту, пайымдау, ассоциация тәрізді ойлау процесі барысында және салыстыру, бірегейлендіру, танып білу, категорияға топтастыру, объектілерді классификациялау операциялары арқылы алынатын деректер.


Тақырыбы: ____________________________________

Идеясы: _________________________________



ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ


  1. Мәтінді зерттей оқып шығыңыз.

Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің алатын орны орасан зор. Мәдениеттану ғылымында тілдің мәнін зерттеушілер өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға береді. Мұндай баға негізінен мына пайымдауларға саяды:

- тіл – мәдениеттің айнасы. Ол айнада адамның ақиқат өмірдегі айналасы ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық ерекшелігі, дәстүрі, салт-санасы, моралі, құндылықтар нормасы мен жүйесі, дүниенің бейнесі (суреті) айқын көрінеді;

- тіл – мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы. Халықтың білімі, танымы, материалдық және рухани байлығы тілдік жүйеде сақталады. Олар негізінен фольклорлық шығармаларда, көркем туындыларда, әртүрлі жазба мұраларда сақталады;

- жинақталған, сақталған дүниеліктер тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Жас бала ана тілін үйрену барысында мәдениетті, бұрынғы ата-бабалардың тәжірибе, білімін қоса игереді;

- тіл – жеке адамды қалыптастырудың мәдени құралы. Жас ұрпақ ана тілі арқылы халықтың менталитетін, дәстүрін, салт-санасын қабылдайды.

Тіл мәдениеттен тыс тұрмайды. Мәдениет дегеніміз - тіл болса, тіл дегеніміз - мәдениет. ХХ ғ. тілші ғалымдар, тіл ғылымының негізін салушылар тіл, ойлау, мәдениет атты үштіктің өзара бір-бірімен байланысын ашты.

Мысалы, Қадамыңа гүл бітсіндеген тұрақты тіркестің фразеологиялық мағынасы «жүрген жерің құт, берекелі болсын» дегенді білдіреді. Бұл фразеологизмдердің әуелдегі түпкі мағынасы жүрген жерің көгорай шалғын болсын деген мәнде болу керек. Өйткені қазақтың жері көбіне шөлейт, шөл болып келеді де орманды алқап аз кездеседі. Жақсы тілек мәнді аталмыш фразеологизм қазаққа тән дүниенің тілдік бейнесі арқылы қалыптасқан.

Сондай-ақ қарғыс мәнді жүрген жеріңе шөп шықпасын деген фразеологизмнің ұлттық семантикасы орманды алқапты мекендейтін халықтар үшін, олардағы дүниенің тілдік бейнесі басқа болғандықтан, мүлде қисынға келмейтіндей көрінеді.

Ақиқат өзгереді, ұлттық мәдени стереотиптер де өзгереді, ал бұл өзгерістердің бәрі де тілде бейнеленеді, сондай-ақ тілдің өзі де өзгеріп, түлеп, қайта жаңғырып отырады.

Адам баласы сәби кезінен-ақ ана сүтімен тілді, тілмен бірге мәдениетті де қоса игереді. Мәдениеттің небір нәзік қырлары тілде бейнеленеді. Әр тіл дүниені, адамды өзінше көрсетеді, өзінше бейнелейді.

Белгілі бір ақиқатты әр тіл өзіндік тәсілмен бейнелейді. Мысалы, қазақша қою шай, орысша крепкий чай, ағылшынша strond tea «күшті шай»; қазақша қатты жаңбыр, орысша сильный дождь, ағылшынша heavy rain («тяжелый дождь») «ауыр жаңбыр». Осындағы анықтауыштарды сөзбе-сөз аударса, үш халық бірін-бірі түсінбес еді.

Материалдық мәдениет те, рухани мәдениет те тілден көрініс тауып отырады. Мәдениеттің қай-қайсы болмасын, ұлттық мәнділікке жатады. Оның ұлттық сипаты әр халықтың ақиқат дүниені тілі арқылы өзіндік көзбен көруіне байланысты болады. Тіл – адам мен ақиқат дүниені жалғастырушы буын (Н. Уәли).


2. Төменде берілген тіркестердің мағынасын контекс (мәнмәтін) бойынша түсіндіріңіз.


өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға беру –

мүлде қисынға келмеу –

тілдің өзгеріп, түлеуі –

ұлттық мәдени стереотиптер –

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

4. Тіл мен мәдениеттің байланысына бірнеше мысал келтіріңіз.




[pic]















ТІЛ ДЕ, МӘДЕНИЕТ ТЕ СЕМИОТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ


Тіл де, мәдениет те семиотикалық жүйеге жатады. Бірақ олар әр басқа семиотикалық жүйе болып табылады. Тілдік семиотика, мәдени семиотика әр басқа болғанмен, олардың ортақ белгілері болады:

- мәдениет те тіл сияқты, адамның дүниетанымын бейнелейтін сананың формасы болып табылады;

- мәдениет пен тіл өзара қарым-қатынаста (диалогте) болады; тілсіз мәдениет жоқ, мәдениетсіз тіл жоқ;

- мәдениет пен тілдің субъектісі – индивид, социум, жеке тұлға, қоғам;

- мәдениетке де, тілге де нормалық тән;

- тарихилық – мәдениет пен тілдің мәнді қасиеттерінің бірі.

Жоғарыда аталған бағыттардың қай-қайсысының да келіспеуге болмайтын дәлелдері мен негіздері және бірін-бірі терістейтін тұжырымдары да бар. Бірақ ақиқат нәрсе – «тіл» мен «мәдениеттің» өзара байланысы. Сондықтан тілдік тұлғаны, сөз тұлғасын тек тілдің, сөздің субъектісі деп қарамай, ұлттық мәдениеттің де субъектісі деп танудың сөз мәдениеті үшін принципті мәні бар. Өйткені мәдени семантиканың тілдік таңбалар арқылы жүзеге асатынын ескермеу тілдік қарым-қатынаста сөздің коммуникативтік сапасын төмендететін қауіпті аймаққа айналар еді.

Адамның тілде орталық тұлға екені, ақиқаттағы дүниеге адам өз өлшемі, өз тұрғысынан қарайтыны, әсіресе лексика-фразеологиялық жүйеден айқын байқалады. Сонымен бірге ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін семиотикалық таңбалардың ұлттық-мәдени семантикасы прототиптер, архетиптер арқылы ашылады.

Бас – ақиқат дүниенің позитивті-логикалық танымға қатысты бейнесін жасауға қатысады, бас интеллектуалдық орталық: қолбасы, керуенбасы, елбасы, басшы, бастық, басқарма; бұлақ бастан тұнады, балық бастан шіриді.

Бас ақиқат дүниенің мифологиялық танымға байланысты моделін жасауға қатысады: бас жоғары әлеммен байланысты; бас төменгі әлемді басқаруға тиіс.

Бел – күш-қуаттың орталығы: белі жуан, бел ағаш, белкүрек; беломыртқа;:

Қабырға – қорғаныштың белгісі: үйдің қабырғасы, қабырғасын сындырды.

Жүрек,іш – сезім-күйдің, эмоциялық күйдің орталығы: жүрегі сыздады, жаны ауырды, жүрегі атша тулады, іші қазандай қайнады, іші толды, іші ашыды, ішінен күлді т.б.

Аяқ-қол – іс-әрекеттің орталығы: қол ұшын берді, қол ұшын қимылдатпады, аяғын аттап баспады, аяқжетер (жер), қолсозым (жер), қолы қалтырады т.б.

Мұрын – жағымсыз әрекеттің бейнесі: мұрнын шүйірді, мұрнын көкке көтерді, мұрнына иіс бармайды т.б.

Мұрын – бейақиқат дүниенің мифологиялық танымға байланысты картинасын жасауға қатысады. Мифологиялық таным бойынша мұрын жанның денеге кіретін жолы, «жанның денеден шығатын жолы» мысалы, жаны мұрнының ұшына келді, жаны мұрнының ұшына таялды.

Көз – ақпарат алудың орталығы: құлақпен естігеннен, көзбен көрген артық; мың рет естігенше, бір рет көр;

Көз – сезім күйді сыртқа білдірудің тәсілі: көзі бал-бұл жанды, көзі шарасынан шықты, көзі күлім қақты;

Көз – тылсым күшпен байланыстырушы:көз тиді, тіл-көзден аман бол т.б.

Тіл – ақпарат алысу-берісудің орталығы: тілі байланды, бас кессе де тіл кеспек жоқ; тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме.

Тіл – тылсым күшпен байланыстырушы: тіл тиді, тіл-аузым тасқа, тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Тілдік тұлғаның (тұлғалардың) бейнелі ойлауы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін (картинасын) қалыптастыруға әсер етіп, әр басқа тілде, әр басқа этномәдениетте белгілі бір тілдік таңбаның мағынасына қосымша ерекше мағына, яғни коннотациялық мағына қабаттасады. Мұндай құбылысты «тіл» мен «мәдениеттің» ортасында пайда болған аралық деуге болады. Осы аралық элемент «тіл» мен «мәдениетті» байланыстырады және ол «мағына» түрінде пайда болады. Аралық элемент (мағына) сөз арқылы заттанады. Мысалы, дастарқан екі түрлі семиотикалық жүйеге саяды:

1. Тілдік семиотикалық бірлік дастарқан з а т. 1. Үстіне тағам және тағамдар салынған ыдыс-аяқ қою үшін жайылған асжаулық. 2. Ішіп-жем, ризық.

2. Мәдени-семиотикалық бірлік: дастарқан белгілі бір қоғамдастықтағы мәдениетке тән үй мүлкі.

3. Лингвомәдени семиотикада дастарқан қасиетті мүлік. Мысалы, дастарқан аттамайды; дастарқанға бата береді.



Тапсырма. Мәтін мазмұнын жүйелі түрде айтып шығыңыз.

[pic]











ДҮНИЕНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАНЫМ


Әрбір тіл дүниені өзінше жүйелеп бөледі. Ақиқат дүниедегі заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір концептіге топтастырады. Бұдан шығатын қорытынды: әрбір тілдің өзіне тән дүниенің бейнесі болады. Тілдік тұлға өзінің сөзінің мазмұнын осы тілдік бейнеге сәйкес ұйымдастыруы керек.

Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

Дүниенің бейнесі деген ұғым адамның дүние туралы түсінігін зерттеу, қарастыру дегенге саяды. Бұл жерде дүние дегеніміз адам және оның өзара қарым-қатынастағы қоршаған ортасы. Ал дүниенің бейнесі дегеніміз сол орта мен адам туралы ақпараттарды «өңдеудің», реттеудің нәтижесі.

Дүниенің бейнесі кеңістік: жоғары-төмен, оң-сол, алдыңғы жақ-артқы жақ (маңдай тұс-арқа тұс), алыс-жақын, оңтүстік-солтүстік, шығыс-батыс, оңтүстік шығыс-солтүстік шығыс, солтүстік батыс-оңтүстік батыс; уақыт: күн-түн, жаз-қыс, көктем-күз т.б.; сандық, сапалық өлшемдер, мөлшерлер т.б. арқылы беріледі. Санадағы дүние бейнесінің қалыптасуына тіл, дәстүр, мәдени дәстүр, т.б. әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады: мысалы Ай, Күн т.б. жөнінде ұғымдар өзгерді, ал дүниенің тілдік бейнесі өзгермей қалып қойды: күн ұясына батты, ай туды т.б. Бұлардың архетип, прототипі мифологиялық таныммен байланысты: Ай өледі, қайта туады; күннің ұясы болады, ұясына кіреді, ұясынан шығады т.б.

Дүниенің тілдік бейнесі адамның дүниемен (табиғат, жан-жануар), дүниенің элементі ретінде адамның өзімен де, қарым-қатынастың типтерін қалыптастырады.

Әрбір табиғи тіл дүниені қабылдаудың және ұйымдастырудың концептуализациялаудың тәсілін бейнелейді. Ондағы мағыналар сол тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ ұжымдық философиясы тәрізді көзқарастар жүйесін жасайды. Мысалы, қамшының сабындай қысқа өмір; дүниедегі ең жаман нәрсе – жалғыздық пен жаяулық; бала – бақыт, ер қанаты – ат, т.б.

Осылайша тілдік ұжымның когнитивтік санасында мағыналар кеңістігі, яғни дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі пайда болады.

Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып, топтастырады, дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік конструкцияланған бейнесінде индивидуалды, топтық және ұлттық тәжірибенің табы жатады. Дүниеде ең жаман – жаяулық деген тұжырым, қазаққа түсінікті, ал жер көлемі атшаптырым ғана шағын ел (тілдік ұжым) оны түсінбес еді. Неогумбольдшылардың айтуынша, дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық өзгешелік ұзақ тарихи дамудың нәтижесі емес, тілдің әуел бастағы қасиетіне байланысты болады.

Дүниенің объективті бейнесі мен объективті дүниенің субъективті бейнесінің айырмасы бар. Тілдің көмегімен адамдар өзін қоршаған ортадан ерекше дүние жасайды. Қайың – дүниенің санадағы объективті бейнесі, сонымен бірге санада қайың – «қаттылық»; қатты нәрсені қайыңның безіндей дейді. Есіктің алдына, терезенің тұсына ертеректе қайың ектірмейді: қайың еккеннің қайғысы көп деген түсінік бар. Дене тұрқы ірілеу, ұзындау атты есік пен төрдейекен дейді. Есік, төр лексемалары өлшем, мөлшерді білдіретін парадигмалық қатарға кіреді. Дүниенің концептуалды бейнесінде жалпыадамзаттық, ұлттық және жекетұлғалық нәрселер өзара бір-бірімен байланыста, өзара әрекетте болады.

Бұл айтылғандардың сөз мәдениетіне қатысты екенін түсіну үшін алдымен бастапқы номинация мен қосалқы номинацияның мәнін айқындап алуға тура келеді. Мысалы, үлкен сөзі бір заттың екіншісінен көлемдік айырмасын көрсетеді. Егер дене тұрқы бірдей емес екі ат тұрса, ірілеуін үлкен ат дейміз. Бұл – бастапқы номинация. Ал осы атты есік пен төрдей ат десек, қосалқы номинация. Бастапқы номинатив те, қосалқы номинатив те ақиқат дүние үзігін бейнелейтін таңбалар. Бірақ бастапқы номинативтер субъектінің ақиқат дүние үзігіне салғырт қатынасын, бейтараптығын білдірсе, қосалқы номинатив субъектінің (сөз субъектісінің) белгілі бір объектіге белсенді қатынасын білдіреді. Субъектінің белсенділігі тілдік таңбадағы коннотатив мағына арқылы айқын аңғарылып тұрады.

Мысалы, «ешуақыттажүзегеаспайтыннәрсе» дегендүниеніңтілдікбейнесібарлықхалықтаболуыықтимал. Дүниенің логикалық осы бейнесі көптеген халықта сәйкес келеді, бірақ образдары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ситуацияның қазақ тіліндегі бейнесі «ешкінің құйрығы көкке жеткенде» (аларсың) деген образбен беріледі. Ақиқат дүниедегі «тізеге дейінгі биіктік» қамшы бойы деген образбен беріледі. Басқа тілдерде ақиқат дүниенің бұл үзігі басқаша образбен берілуі ықтимал.


Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз.


Мәтіннен үзінді


Түсіндірме/Комментарий

Мәтінде Сіздің назарыңыз­ды ерекше аударған бір мә­лі­мет (ой, идея, тұжырым, ақпарат, т.б.)


Мәтіннің әр бөлігінен 2-3 сөз, сөз тіркесі немесе фраза келтіру керек (толық сөйлем формасында жазу міндет емес).


Неліктен назарыңызды аударды? Не себепті оларды жазып алдыңыз?


Мүмкін, келісесіз/ келіспейсіз, жақтайсыз/ қарсысыз, әбден түсінікті/ түсініксіз, толғандырды/ толғандырмайды; немесе ол мәліметтер бойынша Сізде қандай да бір ойлар, идеялар, тұжырымдар туындады.


Сол жақта жазылған әрбір сөз немесе сөз тіркесіне түсіндірмені сөйлем түрінде жазыңыз.


Ұлылардан ұлағат


1-тапсырма. Сөз өнері туралы айтылған даналық сөзді есте сақтаңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Алмас қылыш майданда серік,

Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Сөз асылы – мақал.

Сөз түбін сөз табар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ,

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл. (Бөлтірік шешен)


Сөз сиқыры туралы


Айтар босаң, әр ойыңды қадап айт,

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.


Тілесең сен есендікте жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.


Біліп айтқан сөз – даналық деседі,

Біліксіз сөз, қайран басты кеседі!


Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

(Жүсіп Баласағұн)

Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп -тегіс жұмыр келсін айналасы.


Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бишарсы,

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... (Абай)


Сөз этикеті

Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтыла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Осы әдеп ережелері жиынтығының бейверальды жағы деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Қазіргі кезде жұртшылық арасында этикет дегенді қонақ күту, сыпайы сөйлесу, театрда болу деп білетін стеоретип түсінік пайда болған. Шындығында, этикет тек қана осы аталған іс- әрекеттерді жүзеге асырудың ережесі емес, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастың нормасы. Әдеп – тәртіп деген сөз. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына , нәсіліне қарамай ) өз пікірін айтып , өз ұсыныстарын білдіруге ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр.

Оны бұзу – үлкен айып, зор күнә. Әдеп сақтау – әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым- қатынастың қалыптасқан халықтық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдылықты құрметтеу, қастерлеу, адамгершілікті борышты өтеу.

«Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыстық сезім адамның арын қалыптастырады. Ұяттан намыс, намыстан ар пайда болады. Халқымыз: «Малым – жаным садағасы, жаным – арымның садағасы » деп, арды жаннан да биік қояды. Ар – адамгершілік пен адамдық құлықтың аса маңызды негізі. Арды сақтау – адамдықты сақтау . Арды бұзу – қылмыс. Адамның адамдығы ардан, еңбектен көрінеді.

Сөйтіп, қоғамның ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалынан сау-саламат болуына, сөз жоқ, септігін тигізіп отырады. Жаңадан тәуелсіздігін алып, егемен ел болып жатқан осы бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың оң бағытта болуы осы бейверальды тіл нормасының дұрыс қалыптасуынан екені сөзсіз.


Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Әдеп ережелерінің жиынтығы қалай аталады?

2. Айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздермен сөйлейтін адамдар кімдер ?

3. Үлкен кісілердің Мәке, Сәке, Жәке деген қысқартуларды қолдануы неліктен деп ойлайсыз?


Тапсырма. Мағынасы берілген сұрақтарға сәйкес келетін тұрақты тіркесті табыңыз.


1. Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?

2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, аяғын қайтеді?

3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді?

4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді?

5. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді?

6. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше?

7. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді?

К е р е к т і т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р: шыбық тимес шыңқ етер,сөзінің аяғын жұтып қояды, оңай олжа табу, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, босбелбеу, адамға жаны ашымайды, ешкіммен санаспайды, бетімен кеткен. («Қызықты грамматика»кітабынан)


Тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз.


Тіл қысқа.

Тілі мірдің оғындай.

Тілге жүйрік.

Тіл мен жағына сүйенді.

Тілдесе алмады.

Тілдің майын тамызады.

Тіліңді тарт.

Тілі ащы.

Тілі өтті.

Тілге (біреудің) ерді.

Біреудің ықпалында болды.

Сөйлеудің реті келмеді.

Ойындағысын жеткізіп айтып бере алмады.

Мылжыңдап бос сөз айтты.

Көз тиді.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.

Сөзін тигізіп сөйлейді.

Шағып сөйлейтін адам.

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.


Бақылау сұрақтары


1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?

7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай?

8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде?

9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.


Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.

Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.





[pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic]


[pic] [pic] [pic]

[pic]

«Он жеті мен он сегіз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгермеген талант – сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті».

Мұндағы асты сызылған салтанатты мазмұнды сөздер қысқаша хабарлама мәтінінде орынсыз болады.


Өтіңіз», «кешіріңіз», «кіріңіз» деген сөздерді қатаң дауыспен, ашумен және тым баяу, сосын тез айтып, мағынасын ажыратып көріңіз. Сол сияқты үстелдің басында әдепсіздік танытып, адамның тамаққа деген тәбетін қашыратын сөздерді, әңгімелерді айту, келіссөзде немесе іскерлік тамақасыда дастарқан иелерінің көңіліне тиетін сөздер айту үлкен әбестік, орынсыз болады.





[pic]

«Осы жағдайды пайдала отырып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіруге рұқсат етіңіз». Бұл сөздерді күнелікті тұрмыста айту ерсі, бірақ дипломатиялық қарым-қатынас жағдайында орынды болып есептеледі. Осы сияқты іскерлік келіссөз жүргізу барысында «Өлә!», «Масқара!», «неғып», «шіли» сияқты сөздерді айту орынсыз әрі артық болады.















[pic]

Сөздің стильдік қисындылығы

Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.

[pic]

Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.


[pic] Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз. Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.


1-тапсырма. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508 бб.).


Сөйлеу де өнер


Сөз этикеті әлеуметтік лингвистикалық құбылыс болғандықтан да оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі қарым-қатынас құралы болу. Сөз этикетінің арнаулы функциясының негізі сыпайылық білдіру функциясы болып табылады. Бұл ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы, құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру т.б. Қазақ тілінде сыпайылықты білдіру екі ыңғайда көрініс табады. Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз (мен, өзіңіз) т.б. есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін мағыналар. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту тәрізді этикет сөзден бастайды. Бұлай болуы, әрине тегіннен-тегін емес, сөз этикетінің байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен ерекшелігіне байланысты. Құттықтау, мадақтау, сынау, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту тәрізді этикет түрлерінде сезім-күйді білдіру функциясы өте айқын көрінеді. Мысалы, кешіріңіз, мүмкін болса, айып етпеңіз, қалауыңыз білсін, т. с. с.

Жеке кісінің мәдениеттілігі қоғамда алатын орнымен, білім дәрежесімен, өнерге қанықтығымен өлшеніледі. Солардың бәрін игеріп, игілікті іс-әрекетіне пайдалану кісіні тіл мәдениетіне жетектейді. Мәдениетті адамның көп қырлы сырының бір көрінісі - тіл мәдениетінің жоғары болуы.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тілдің ең басты қызметі не?

2. Сыпайылық дегенді қалай түсінесіз?

3. Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері қандай болу керек?


2-тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз.


1.Қазақ халқында танымайтын кісіге «сен» демейді.

Дұрыс

Дұрыс емес

2. «Сіз» дегенді үлкен кісілерге айтады.



3. «Айналайын» - еркелетуді білдіретін сөз.



4.«Балақай» деп жасы үлкен кісіге айтады.



5.«Мырза» - ресми қатынаста қолданылатын

сөз.



6.«Әжей» деп өз әжесін айтады.



7.«Ақсақал» - ресми қатынаста қолданылатын

сөз қатарына жатады.



8. Жастар үлкендермен қол беріп амандасады.



9.Қазақтар жақсы тілек айтуға, бата беруге мән

береді.



10.Жастар үлкендердің батасын алады.




3-тапсырма.

«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді қазақтар, сондықтан олар бір-біріне тілек айтуға мән береді.

Құттықтау:

-Сізді (сені) туған күніңмен, мүшел тойыңмен, жаңа жылыңмен, Наурыз мейрамыңмен, мерекеңмен құттықтаймын(-мыз)!

-Сізге бақыт, денсаулық,табыс, абырой тілеймін(-міз).

-Ас дәмді болсын !

-Қайырлы түн. Қайырлы күн!

-Қайырлы таң!

-Жасың ұзақ болсын! т. б.


4-тапсырма. Досыңызды туған күнімен құттықтап жеделхат жіберіңіз.


5-тапсырма. Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтып беріңіз.


«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын – тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам пейілі.

(Ө.Тұрманжанов)

6-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ризашылық тақырыбында «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.


Ризашылық білдіру

Халық арасында ризашылық - алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру - әдептілік, мәдениеттілік. Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық - әдептің әліппесі», - дейді А.Байтұрсынов.

«Алдын ойлаған азамат – елдің алғысын алар», - дейді халық даналығы.


Жағдаяттық тапсырма!

Сізге шетелден делегация келді. Оларға қазақтың қонақжайлығын танытып, көшпенділер мәдениетін бейнелейтін қандай да бір сый жасауыңыз керексіз. Төмендегі сыйлардың қайсысын ұсынар едіңіз? Немесе өзіңіздің ұсынысыңыз бар ма? Қандай тілекпен бересіз? Сөзіңізді жазыңыз.

[pic] [pic] [pic] [pic]





________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Ойын ойнайық!


  1. Бір адам теріс қарап тұрады, қалған адам орындарын ауыстырады. Бір адам дауысын өзгертіп түрлі эмоциялық реңкте бір сөз айтады. Теріс қарап тұрған адам кімнің даусы, қандай мағынада айтқанын табады.

  2. Бір адам теріс қарап тұрады, басқа адамдардың бірі түрлі адамдардың жүрісін салады. Теріс қарап тұрған адам оның жүріс дыбысына қарап, қандай адамды бейнеленіп тұрғанын табады (Мысалы, жеңілтек адамның жүрісі, сенімді, сенімсіз адамның жүрісі т.б.). Кино кейіпкерлерінің жүрісін салуға да болады.


Өзіңізді іскер адамның орнына қойыңыз. Берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріп, қаншалықты тіл табысқыш адам екеніңізді анықтаңыз.


1. Сіздің әдеттегідей іскерлік кездесуіңіз болады. Кездесу жайын уайымдар ма едіңіз?

2. Сіз дәрігерге көрінуге жағдайыңыз ауырламайынша бармайсыз ба?

3. Мәжілісте, жиында немесе басқа шараларда баяндама оқуға, ақпарат туралы мәлімдеуге шығу туралы нұсқау сізді тығырыққа тірер ме еді?

4. Сіз өзіңіз бұрын-соңды болмаған, көрмеген қалаға іс сапарға шығу керек. Бұл іссапардан бас тарту үшін бар күшіңізді салар ма едіңіз?

5. Өз ойларыңызбен біреумен бөліскенді жақсы көресіз бе?

6. Көшеде біреу сізден өтінсе (жол көрсету, айтып жіберу, сағатты сұрау т.б.), ашуланар ма едіңіз?

7. «Әкелер мен балалардың» арасында проблемалардың барына, әр жастағы ұрпақтың бірін-бірі түсінуі қиын екеніне сенесіз бе?

8. Танысыңыз сізден бірнеше ай бұрын сұрап алған 1000 теңгені қайтаруға ұмытып кеткенін есіне салуға қысылар ма едіңіз?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы сенімсіз тағам әкеліп берді делік – сіз тәрелкені ашумен ысырып қана қойып, үндемес пе едіңіз?

10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалсаңыз, ол бірінші бастамайынша сөйлеспейсіз. Ол бірінші бастап сізбен сөйлессе де сіз қысылып, ұяласыз. Бұл рас па?

11. Сіз ұзыннан ұзақ кезекте тұрғанды ұнатпайсыз (дүкенде, кітапханада, әуежайдың кассасында). Өз ойыңыздан бас тартпай, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтесіз бе?

12. Тартысты жағдайларға қатысты комиссияның жұмысына қатысудан қорқасыз ба?

13. Көркем шығарманы, өнерді, мәдениетті бағалауда өзіңіздің жеке пікіріңіз бар және басқалардың пікірі сіз үшін еш маңызды емес. Солай ма?

14. Сіз өте жақсы білетін мәселеге қатысты бөтен жерде жаңсақ көзқараспен айтылған сөзді естідіңіз. Сөз таластырмай, пікірталастан қалыс қаласыз ба?

15. Жұмысқа, сабаққа қатысты мәселеде көмек көрсету туралы біреулердің өтініші сізді ренжітеді ме?

16. Сіз өз пікіріңізді ауызшадан гөрі, жазбаша түрде жақсы жеткізесіз бе?


-сабақтың соңында берілген жауаптарды оқып, өзіңіздің қандай адамның типіне жататыныңызды анықтаңыз.

-тіл табысқыш қасиеттер әр түрлі тағы да қандай адамдар болады? Жауаптарды оқып, пікір алысыңыз:

-тіл табысқыш және көпшіл қасиеттің арасында айырмашылық бар ма?

-Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:


1. Айналаңызда тіл табысқыш қабілеті күшті адамдар көп пе? Олар қандай?

2. Айналаңызда көпшіл адамдар көп пе? Олар қандай?

3. Айналаңызда тіл табысқыш, бірақ ашуланшақ, шыдамсыз адамдар бар ма? Оны бұл мінезін қалай білдіңіз?

4. Сіз білетін тіл табысқыш адам қандай адам?

5. Адамның тіл табысқыш, көпшіл қасиеті іскерлік кездесулерде қаншалықты көмектеседі?

Жауаптары:

«Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1, «жоқ» - 0. Жауаптарыңыздан ұпай санын қосып, төмендегі адамдардың қайсысына жататыныңызды анықтаңыз.

30-32 ұпай. Сіздің адамдармен тіл табыса алмайтыныңыз айдан анық және бұл үлкен қасірет, себебі одан бәрінен бұрын өзіңіз көп жапа шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес. Ұжыммен орындалатын істі сізге тапсыру қиын. Ашық болуға, өзіңізді өзіңіз бақылауға тырысыңыз.

25-29 ұпай. Сіз тұйық, сөзге кедей адамсыз. Жалғзыдыққа бейімсіз, сондықтан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс, жаңа қарым-қатынас сізге жағымсыз әсер етеді. Өзіңіздің бұл қасиетіңізді білесіз, сондықтан өзіңізге риза емессіз. Бірақ салыңыз суға түспесін, мінезіңіздегі бұл кемшілікті жою өз қолыңызда. Кейде сізді бір нәрсе қатты қызықтырса, «кенеттен» сөзшең болып кететініңіз бар емес пе? Тек кішкене сергектік қажет.

19-24 ұпай. Сіз белгілі бір деңгейде тіл табыса аласыз, бейтаныс ортада да өзіңізді еркін сезінесіз. Жаңа қиындықтардан қорықпайсыз.Сонда да жаңа адамдарға сақтықпен қарайсыз, айтыс-тартысқа құлықсызсыз. Кейде сөздеріңізде ащы қалжыңның көп болуы негізсіз. Бұл кемшіліктерді жою мүмкін екені кәміл.

14-18 ұпай. Сіз тіл табыса аласыз. Ізденімпазсыз, қызық тақырыпта сөйлесетін әңгімешіл адамды ден қойып тыңдайсыз. Қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз көзқарасыңызды еш қызбалыққа салынбай-ақ дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге еш қиналмай барасыз. Сонымен қатар аса шулы ортаны да жақсы көрмейсіз. Шектен тыс нәрселер, дөрекілік, көп сөз сіз үшін жиіркенішті.

9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, әуесшілсіз, сөзшең адамсыз. Түрлі тақырыпта өз ойыңызды айтуға дайынсыз, ал бұл басқа адамдарға ұнамайды. Жаңа адамдармен тез танысасыз. Көпшіліктің ортасында болғанды ұнатасыз. Кейде орындай алмасаңыз да өзгелердің өтініші қайтармайсыз. Кейде тез ашуланасыз, бірақ қайтуыңыз тез. Бірақ қиын мәселелерге тап болғаныңызда сізге жетіспейтіні – тыңғылықтылық, шыдамдылық және батылдық. Егер шын ниеттенсеңіз, батылдық та көрсете алатыныңызға сеніңіз.

4-8 ұпай. Сіздің көпшіл адам болғаныңыз соншалық, әрдайым барлық нәрседен хабардарсыз. Басты қатыратын қандай қиын тақырыпта болмасын, айтыс-тартысқа түсуден бас тартпайсыз. Кез келген мәселеге біліміңіз тайыз болса да, өзіңіздің пікіріңізді білдіресіз. Орта талғамайсыз. Кез келген іске бел шешіп кірісесіз, бірақ оны әрдайым соңына дейін сәтті жеткізе алмайсыз. Сол себепті де әріптестеріңіз бен бастықтарыңыз сізге сақтықпен қарайды. Бұл ойландыратын жағдай емес пе!

3 ұпай және одан аз. Сіздің тіл табысқыштығыңыз сіздің басты кемшілігіңіз. Көп сөйлейсіз, сізге еш қатысы жоқ әңгімеге, кіріспейтін жерге килігесіз. Өзіңіз еш нәрсе білмейтін мәселелерді ойланбастан талқылайсыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да өз ортаңыздағы кикілжіңдердің басты себепкері өзіңізсіз. Ашуланшақсыз, өкпелегішсіз, көп жағдайда объективті емессіз. Салмақты, жауапты жұмыс сізге арналмаған. Жұмыста да, үйде де, барлық жерде де сізбен бірге болу адамдар үшін өте қиын. Өзіңіздің мінезіңізді қолға алыңыз! Өзіңізді ең алдымен шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеңіз, адамдарға сыйластықпен қарауға үйреніңіз. Әрине, өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз – бұлайша өмір сүрудің салдары қиын болады.


Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі кейіпкердің және автордың сөзінің қисындылығына баға беріңіз. Кейіпкердің сөз саптауында қандай кемшіліктер бар және оған қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз? Пікір алысыңыз.


Жолдастар! ...ім...ім....ім...

Жолдастар! Сендердің бүгінгі

Жиылыстарыңды өзімше...

Жүрегім бір түрлі неткен соң,

Әлбетте сендердің алдыңда...

Бұлайша азырақ айтып:

Әм және ... өзімнің

Бір түрлі қуанған,

Бір түрлі неткен мақсұтты сөзімді

Айтпақшы мақсұтым болған соң,

Бүйтіп сендердің неғылып

Жатқандарыңды нетіп...

Қарсы алып құттықтамақшы боламын...

Әлбетте... бұлайша қарсы алып...

Сендерге нетіп тұрғандықтан....

Һәм және бір түрлі өзімше...

Мақсұтты сөзімді айтып...

Сендердің бұлайша жиналып...

Бір түрлі қуанып неткендіктен...

Һәм тағы өзіміз не қылсақ,

Жүзеге асар деп сенемін...

Сондықтан бүгінгі қуаныш,

Мәжілісті өзімізше қарсы алып,

Сендердің алдыңда кішкене,

Мақсұтты сөзімді аңғартып,


... Және келешек күнде де,

Бұлайша неғылып трғанда...

Әлбетте, жүде, олай болғанмен,

Жүзеге асар деп сенемін.

Әрине, біздерге бұлайша нетуге...

Һәм және мақсұтқа жетуге болғанмен,

Бір түрлі бұлайша кірісіп...

Жұмыла нетпесе болмайды...

Сонда да біздерге жиналып...

Былайша бір түрлі неғылсақ...

Негізінде жүзеге шығады деп ойлап,

Жалпы айтқанда, бәріміз де...

Мақсатымыз осы ғой деп ойлаймын.

Ал енді жолдастар!

Табыс жағына келейін,

Анық есебін білмеймін...

Әрине, уақыт болса, болып қалды.

Сондықтан мен немді көп созбайым,

Бағанадан жасасынға жете алмай тұр едім.

Енді жеттім - бәрі жасасын,

Осы борышымды өтейміз деп...

Иманымыз кәміл....

(Қ.Қуанышбаев. «Шаншарлар»)



  1. Мәтіндегі кейіпкердің тіліндегі қате және қажетсіз сөздердің астын сызып шығыңыз.

  2. Өздеріңіздің тілдеріңізде жиі қолданылатын сөздерді жазыңыз. Олар тыңдаушыға қалай әсер етеді? Пікір алысыңыз.


Келесі сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.


Мысал

Контекстік мағынасы

Өтінемін отырыңыз

Сабырға шақыру мағынасында

Сыпайылық білдіру мақсатында

Бұйыру мағынасында

Сәкен Сәрсенұлы мен бұған келісе алмаймын




Келіссөздер қашан басталды




Бізге біраз уақыт беріңіз




Қолдаса жақсы




Мен келісе алмаймын




Сенімдеріңізге көп рахмет




Біз сіздерден күтпеп едік




Бір-екі күн күте тұруыңызды сұраймын.




Иә мен сізді тыңдап тұрмын.






Келесі сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.


1) Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)

2) Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)

3) Сөзіңізге қалай сенуге болады (ашумен, ренжіп)

4) Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)

5) Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).

6) Бұл біздің кінәміз емес (ашумен, сабырмен, ақталып)

7) Иә, айыптымыз (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).

8) Сене алар емеспін (таң қалып, ашумен, өкінішпен).

9) Бәке, сабыр етіңіз (сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)

10) Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)

11) Сәкен Сәрсенұлы (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып).

Ойынға қатысайық!


Келесі сөздерді түрлі тонмен айтыңыз, ал басқалары оны қандай мағынада айтқаныңызды табуы керек.

Тамаша Солай деңіз

Тәуекел Құттықтаймын

Болар іс болды Келісе алмаймын

Өте жақсы Кездесеміз

Түсінікті Орындаңыз

Әлбетте Кешіріңіз

Әрине Солай ма





БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ


1-аралық бақылауға арналған тапсырмалар


1-нұсқа

1 тапсырма.

Берілген мәтіндік үзіндіден стильдік белгілерді анықтап, олардың функционалдық стильдің қай түріне тән екенін ажыратыңыз. Тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

Түйсіну деп ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің сәулеленуін айтады. Түйсінуді біздің барлық біліміміздің бұлағы деуге болады. Түйсіну дегеніміз – қозғалушы материяның бейнесі. Түйсіну болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы ешнәрсе біле алмаймыз. Түйсіну қозғалуы материяның біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туады. Адам ақиқат дүниені ең алдымен, өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе, түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам әсер етуші заттың, я құбылыстың жеке қызметтерін, олардың қаттылығын, не жұмсақтығын, тегістігін, бұдырлығын, ауыр я жеңілдігін, ыстық-суықтығын, иісін, дәмін, түсін, шығаратын дыбысын, тағы басқа қасиеттерін сезеді (Т.Тәжібаев).


2 – тапсырма.

Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтап, тілдік құралдардың стилистикалық қызметіне талдау жасаңыз.

Қазіргі бал араларының ата тегі мен жер бетіндегі гүлді өсімдіктердің арасындағы қарым-қатынас гүлдің тозаңдануына және онда бал шырынының жасалуына себепші болды. Мұндай ерекше құбылыс азық іздеген алғашқы адамның көзіне шалынды. Бұған тасқа жазылған суреттер дәлел бола алады. Мысалы, шығыс Испания үңгірлерінен ағаш басынан бал жинап жүрген адам бейнесі бар суреттер табылды.

Ғалымдардың болжамына қарағанда, бұл суреттердің жасалғанына он мың жыл болған. Сондай-ақ Орталық Үндістандағы ертедегі адамдар тұрған үңгірден де осындай суреттер табылған. Оның бірі көлемді ыдысқа бал тосып алып жатса, екіншісі баспалдақпен жоғары шығып бара жатыр.

Ғалымдар Алтайдағы Алтынкөлдің жағасын, Сібір жерлеріндегі тарихи ескерткіштерді зерттегенде, бал арасын бейнелейтін суреттер тапқан (Қ.Сыбанбеков).


2-нұсқа

1– тапсырма.

Мәтінді оқып шығып тілдік құралдардың қолданыс ерекшелігін талдаңыз.


Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғылы жағдайын айтып берді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, бүлдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп, тағы айтқызу үшін, кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп – Зылиха» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады. (М.Әуезов)


2-тапсырма

Берілген ғылыми мақаланың стильдік қателерін тауып, талдаңыз.

Термин – белгілі бір салада тұрақты қолданылатын арнаулы бір ұғымды білдіретін сөз. Терминнің анықтамасы, қазақ терминологиясының тарихы мен дапму жолдары тілші ғалымдар Ө.Айтбайұлының, Ш.Құрманбайұлының еңбектерінде баяндалған.

Термин әлеуметтік-қоғамдық қатынастарға қатысты белгілі бір ұғымдарды нақты бейнелеуге тиіс. Оған тән белгілер – қолданылатын белгілі бір аясының болатындығы, объективтілігі, тұрақтылығы мен орнықтылығы, стильдік тұрғыдан бейтараптығы, яғни боямасыздығы, демек, онда экспрессия, әсірелеу, көңіл-күйі, субъективтік түсінік-пайым көрініс бермеуге тиіс.

Заңнамалық мәтінде термин неғұрлым көп болса, ол соғұрлым дәл, айқын, әрі тұжырымды болып шығары сөзсіз.Демек, терминдердің өзінің тура, көпшілкке түсінікті көз үйренген мағынасында қолданылуы шарт. Термин қарапайым, әрі оқушының ұғымына қонымды болуы керек. Яғни, мағынасы бұлыңғыр, екіұшты ой туғызатын, айқын тұжырылмаған терминдер болмауға тиіс.(К.Юсуп.)


2-аралық бақылауға арналған тапсырмалар


    1. нұсқа

1-тапсырма

Өз өмірбаяндарыңызды жазып, бір біріңіздің стильдік қателеріңізді тауып, түзетіңіздер

2-тапсырма

Ауызекі сөйлеу стилі элементтерін қатыстырып мәтін құрып, оған тілдік, стилистикалық тұрғыдан талдау жасаңыздар.

    1. - нұсқа

1-тапсырма

Газет материалдарынан стильдік қателерді тауып, оларға талдау жасаңыздар.

2-тапсырма

Көркем шығармадан ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілері бар мысалдар келтіріп, олардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіздер.



Студенттің өзін бағалауға арналған сұрақтар


1. Стилистика ғылымы нені зерттейді?

2. «Стилистика» және «стиль» ұғымының пайда болу тарихы.

3. Стилистиканың неше саласы бар және олар қандай мәселелерді қарастырады?

4. Стилистикалық норма дегеніміз не?

5. Синонимия дегеніміз не?

6. Стилистикалық мағына дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

7. Қазақ тілінің стилистикасын зерттеуші қандай ғалымдарды білесіз?

8. Стилистикалық мағынаның қандай жасалу тәсілдері бар?

9. Функциональды стильдердің лексикалық құралдарының ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

10. Стилистикалық фигура дегеніміз не, олардың қызметі?

11. Троптың түрлеріне не жатады, олардың стилистикалық қызметі.

12. Контекстік синонимдер мен антонимдердегеніміз не?

13. Сөздің стилистикалық мағынасының функциональды стильдердегі ерекшелігі неде?

14. Функциональдық стильдер дегеніміз не?

15. Функциональды стильдердің жасалуына әсер ететін тілдік емес факторларға не жатады?

16. Мақала дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

17. Очерк дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

18. Фельетон дегеніміз не, оның тілдік стильдік ерекшелігі неде?

19. Ресми іс-қағаздар стилінің неше түрі бар, олар несімен ерекшеленеді?

20. Ресми іс қағаздар стилінің тілдік, стильдік, композициялық ұйымдасуына қандай ерекшеліктер тән?

21. Ғылыми стильдің қандай түрлері бар, олардың өзара айырмашылықтары.

22. Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қандай мақсатқа қызмет етеді?

23. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларға қандай ерекшелік тән, мысал келтіріңіз.

24. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі неде?

25. Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің өзіндік ерешелігі неде, мысал келтіріңіз.


Курс бойынша тест тапсырмалары


1.Стилистика қандай салаларға бөлінеді?

а. Тіл стилистикасы және сөз мәдениеті

ә. Тіл стилистикасы және көркем әдебиет стилистикасы

б. функционалдық стилистика және лингвистикалық стилистика

в. құрылымдық стилистика, қолданымдық стилистика және көркем әдебиет стилистикасы.

2. Стилистиканың дұрыс түсініктемесі

а. мәнерлеп сөйлеу нормасы

ә. сөзді дәл қолдану принциптері

б. лексикалық тәсілдердің жұмсалу ерекшеліктері

в. тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтары

3. Стилистика ғылымының пайда болуы, қалыптасуы қандай мәселелерді зерттеумен тығыз байланысты?

а. сөз мағыналарын ә. сөз құрамын

б. экспрессиялық құралдарды в. әдеби тіл нормасын

4.Стилистикадағы басты ұғым

а. стиль ә. синонимия

б. стилизация в. мәнерлеу, бейнелеу құралдары

5. Тіл ғылымындағы стиль ұғымының кең түсініктемесі

а. әдеби әдіс

ә. сөз өрнегі

б. мәнерлі, көркемдік тәсілдердің жиынтығы

в. ойдың мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына қарай қолданылатын тілдік құралдар жүйесі

6. Стилистикадағы тілдік құралдарды пайдалану принциптері

а. түсініктілік, уәжділік ә. дұрыстық, жүйелілік

б. қажеттілік, әлеуметтік талғам в. мақсаттылық, дұрыстық, уәжділік

7. Әдеби тілге тән басты белгі

а. тілдік қажеттілік ә. стильдік жүйе

б. мағына жүйелілігі в. сөз дәлдігі

8. Қазақ әдеби тілі қандай формада қызмет етеді?

а. жазбаша және ауызша түрде ә. кітаби тіл ретінде

б. қарапайым сөйлеу тілінде в. диалект түрінде

9. Қазақ тілі стилистикасының әдістемесі бойынша еңбек жазған авторлар

а. Балақаев М., Сарыбаев Ш. ә. Хасенов Ә., Жапбаров А.

Б. КеңесбаевІ., Ысқақов А. в. Сарыбаев Ш., Мұсабаев Ғ.

10. Стиль түрлерінің барлығында қолданылатын лексика

а. сөйлеу тілі лексикасы ә. кітаби лексика

б. қарапайым лексика в бейтарап немесе стильаралық лексика

11. Стилистиканың тіл білімінің қай саласын арттыруда маңызы зор

а. лексикология ә. синтаксис

б. әдеби тіл тарихы в. тіл мәдениеті

12. Стилистика мәселелерін практикалық тұрғыдан арнайы зерттеген ғалым

а. Р.Әміров ә. С.Исаев

б. Р.Сыздық в. Ф.Мұсабекова

13. Көркем стиль, ресми стиль, бейтарап стильдерді топтастыру қай ғалымның еңбектерінде кездеседі?

а. Сыздықова Р. ә. Балақаев М.

б. Манасбаев Б. в. Исаев С.

14. Функционалдық стилистиканың хабар беру қызметіне қарай қалыптасқан түрі

а. сөйлеу ә. көсемсөз

б. ғылыми в. көркем әдебиет

15. Әдеби тілде орныққан тілдік элементтер жиынтығы мен жүйесі қалай аталады?

а. Тілдік дағды ә. тілдік жүйе

б. тілдік норма в. тілдік дәстүр

16. Тілдің жүйесіне, оның заңдылықтарына сәйкес келу белгісі қай норманы айқындайды?

а. көркем әдебиет ә. жалпы тілдік норма

б. сөз қолдану нормасы в. жазба тіл

17. Стильдік қатені табыңыз

а. үмітімізді үзбейміз ә. үміті бар

б. үміттен бас тартпаймыз в. үміттеніп жүр

18. Синтаксистік стильдік қате

а. қолма-қол берді ә. қолма-қол есіне алды

б. дереу есіне алды в. бірден есіне алды

19. Қай сөз оралымдарынан стильдік қате аңғарылады?

а. өзіңе-өзің берік бол ә. өзіңді әрқашан қолға ұста

б. әрқашан қолға ұста в. әрқашан өзіңе бекем бол

20. Сөз тұлғасындағы стильдік қате

а. біліктілік ә. білімділік

б. білімпаздық в. білімдарлық

21. Әдеби тілдің ішкі даму заңдылықтарына сйкес жасалатын жүйе бойынша қалыптасқан норма қалай аталады?

а. сөйлеу нормасы ә. тілдік норма

б. қатаң норма в. жазу нормасы

22. Әдеби тілден уәжді ауытқу қай стильде болады?

а. көркем стиль ә. сөйлеу стилі

б. көсемсөз стилі в. ғылыми стиль

23. Сөздердің негізгі мағынада жұмсалуы, термин сөздердің молдығы қай стиль ерекшелігі?

а. көркем әдебиет ә. ресми-іскери

б. ғылыми в. көсемсөз

24. Берілген сөйлемдердің ішінен ғылыми стиль ыңғайында берілген сөйлемді табыңыз

а. Мін көп болса, сын да көп болады.

ә. Жазғы күпінің бірі еді

б.Өзен атауының шығу тарихы туралы бұдан бұрын айтылған екі пікір бар.

в. Қазір жаңа астанада құрылыс жұмысы жедел қарқынмен жүргізілуде.

25. Ғылыми стильдің ерекшелігі

а. Экспрессивтілігі ә. дәлелділігі, сөзді тура мағынада жұмсау

б. образдылық, эмоционалдылы қ в. үндеу, шақыру

26. Ғылыми стильге тән синтаксистік ерекшелік

а. инверсия ә. риторикалық қаратпа

б. сұраулы, лепті сөйлемдер в. толымды сөйлем

27. Ғылыми стильдегі терминологиялық нормаға қойылатын талаптар

а. коммуникативтік қажеттілік ә. мазмұнға сәйкестік, дәлдік

б. бейнелілік в. көп мағыналылық

28. Көпшілік қауым дұрыс, икемді деп қабылдаған лексикалық, грамматикалық заңдылықтар қалай аталады?

а. көркем тіл ә. кітаби тіл

б. жалпы халықтық тіл в. тілдік норма

29. Бейтарап стильге жататын сөз

а. заман ә. замана

б. етек алды в. бет қалмады

30. Көсемсөз стиліне тән экстралингвистикалық белгілер

а. Сөздердің орын тәртібінің еркіндігі

ә. бейнелілігі мен көпмағыналылығы

б. ойдың күрделілігі

в. ресми, көркем стильдерге жақындығы, фактографиялығы

31. Берілген сөйлем қай стиль үлгісіне жатады?

Саналы тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.

а. көркем әдебиет стилі ә. көсемсөз стилі

б. ғылыми стиль в. ауызекі сөйлеу стилі

32. Көсемсөз стилінің жұмсалу формалары

а. көркем шығарма ә. оқулық

б. газет-журнал, радио-теледидар в. ғылыми еңбек

33. Көсемсөз стиліне тән сипат

а. түсіндіру ә. логикалық

б. образдылық в. үгіт-насихаттық

34. Стилистика мәселелеріне арналған алғаш рет пікірсайыс қашан, қайда ұйымдастырылды?

а. 1955 ж «Советская тюркология» ә. 1954 ж «Вопросы языкознания»

б. 1957 ж «Вопросы языкознания» в. 1971 ж Ашхабад

35. Ертедегі «stjlos» сөзі қандай мағына берген?

а. сөйлеу мәнері ә. шешендік өнер

б. жазу құралы в. көркем сөйлеу

36. Келіссөз, пікірсайыс, ұжымшар, төлтума – қай стильдің тілдік көрсеткіші?

а. ресми-іскери ә. көсемсөз

б. ғылыми в. ауызекі сөйлеу

37. Бөгде стильдік элементі бар мақсатсыз қолданылған сөйлем кайсы?

а. Бір ауыздан шешім қабылданды

ә. Үйлену мәселесі қалай шешілді?

б. Күн тәртібінде мынадай мәселе қаралды

в. оңды шешімін тапты

38. Ауызекі сөйлеу стиліне жататын сөздерді көрсетіңіз

а. мынау, қырау, ұзақ ә. боран, нәрсе, қатты

б. нетіп, байғұс, құрғыр в. шоқпыт, пеш, тамақ

39. Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлем құрылысы

а. жайылма ә. толымды

б. толымсыз в. атаулы

40. Сөйлеу стиліне тән стильдік бояуы бар сөз

а. күлу ә. жырқылдау

б. езу тарту в. жымию

41. Ауызекі сөйлеу стиліне тән морфологиялық ерекшелік

а. қосымшалардың талғаммен жұмсалуы

ә. -и тұлғалы сөздер

б. рең мәнін тудыратын жұрнақ

в. ырықсыз етіс тұлғасында жұмсалуы

42. Төменгі стиль реңін беретін сөз

а. беті ә. ажары

б. ұсқыны в. жүзі

43. Дауыс ырғақтары арқылы, қыстырма, қаратпа сөздерді пайдалану қай стильдің тілдік құралдары?

а. ауызекі сөйлеу стилі ә. көсемсөз стилі

б. ғылыми стиль в. ресми-іскери стиль

44. Ресми-іскери стильге тән сөз тұлғасы

а. өткізілген ә. өткізіле жатар

б. өткізе салу в. өткізілсін

45. Кеңсе іс-қағаздарының стильдік нормаларына тән белгі

а. шаблон құрылымдар, даяр тіркестер

ә. суреттеме тәсілдер

б. терминдік сөздер

в. экспрессиялық құралдар

46. Кітаби және ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер қай стиль ерекшелігі?

а. көркем әдебиет стилі ә. ресми-іскери стиль

б. ғылыми стиль в. ауызекі сөйлеу стилі

47. Алғашқы іс қағаздары үлгілері қай кезеңнен көріне бастады?

а. ХІХ - ғасырдың ІІ жартысы ә. ХVІІ - ХVІІІ ғ

б. ХХ - ғасырдың бас кезі в. ХХ - ғасырдың 30 - жылдары

48. Ресми –іскери тілге тән сөз орамы

а. міндеттелсін ә. міндет артты

б. іске қосу в. қызмет көрсету

49. Ойдың қысқа сөйлемдермен бірілуі, кейбір сөйлем мүшелерінің түсіріліп айтылуы қай стильдегі синтаксистік амал?

а. ауызекі сөйлеу ә. көркем әдебиет

б. ғылыми стиль в. көсемсөз стилі

50. Жағымды образ тудыратын экспрессивті фразеологизм

а. көксоққан ә. сормаңдай

б. ит жанды в. мұратқа жет