Менің оқу құралдарым (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым


Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік: Оқу құралдары туралы жаңа сөздерді меңгерту, түсінік беру, грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету;
2.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауын арттыру;
3.
Тәрбиелік: Оқушының өз оқу құралдарын ұқыпты қарауға және оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу.  
Сабақтың көрнекі құралдары:суреттер, слайдтар, сызба

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастырукезеңі.
* Амандасу. 
* Түгелдеу.
* Психологиялық көңіл – күй

*Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
ІІ. Жаңа білім беру кезеңі.
1.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2.Сабақтың мақсатын айту.

Мектепке алып баратын.
Кітап, дәптер, сызғыш,
Күнделік пен ұштағыш.
Қалам, қорап, қарындаш.
Айтыңдаршы балалар,
Мұны не деп атайды?-
осы өлең шумағымен сабақтың тақырыбын атаймыз.
  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің оқу құралдарым» деп аталады. Олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып алайық.
Жаңа сөздерімен танысайық.

оқулық – учебник
күнделік – дневник
бастысы – главный (-ая, -ое,-ые)
баға - оценка

Жаңа сөздерді қайталатып, дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Жаңа сөздерді жазы сөздік дәптерге жазып алыңдар.

Сабағымыз бірнеше басқыштан тұрады:

1-басқыш. «Шынжыр» ойыны деп аталады.

Сурет бойынша 1-тапсырмадағы оқу құралдарының атауларын қазақша айтқызу. «Шынжыр» ойынын ойнатқызу. Оқушылар бұл ойында қағазға жазылған оқу құралдарының қазақша-орысша атауларын шынжырлап қойып шығады. Бұл ойын жұппен ойналады.

2-басқыш. «Сұрақ-жауап» деп аталады.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1.Оқу құралдарының атқаратын қызметі қандай?
2. Сіздің сөмкеңізде қандай оқу құралдары бар?
3. Оқу құралдарын қалай  таза және ұқыпты ұстауға болады?

3-басқыш. «Топтай біл» ойыны деп аталады.

Мұнда балалар қағазға жазылған сөзді оқиды. Оқыған сөзін зат есім, сан есім, сын есім деген топтардың тиістісіне іледі. Оқушылар сөздердің қай сөз табына жататын ажырата білетініне көз жеткізе аламыз.

Қағазда «Қалам, қызыл, қарындаш, он, қысқа, жасыл, кітап, әдемі, дәптер, бес, үш, күнделік, жеті, өшіргіш» деген сөздер жазылған.

4-басқыш. «Қызықты сәт» деп аталады.

Мұнда оқушылар 2-тапсырмадағы мәтінді оқып, аударады.

5-басқыш. «7-ғажайып сан»» деп аталады.

Мұнда әр санның артында жұмбақ жазылған. Оқушы бір санды таңдап алып, соның артында жазылған жұмбақты оқып, жауабын айту керек. Егер ол оқушы жауабын дұрыс таппаса, оқушыларға дұрыс жауабын айтқызу.

1.Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi.
2. Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.  
3. Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.    
4. Ұштасаң егер сен оны,
Саларсың сен бәрін мұны:
Күнді, теңізді, тауды сен,
Айтшы жауабын сен оның.
5
. Бірде торға,
Бірде жолға.
Жаза білгін сен оған,
Айтшы маған не ол болғанын.

6. Егер оған берсең жұмыс,
Қарындаштың болды жұмыс еш.
7. Сауатты емеспін мен,
Ғасыр бойы жазамын мен. 

6-басқыш. «Мәнерлеп оқу» деп аталады.

Мұнда 3-тапсырмадағы «Тәртіпті бала» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәтін орындату.

7-басқыш. «Не жоқ?» деп аталады.

Мұнда оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін сурет ілінеді. Оқушылар сол суреттегі заттарды есте сақтап қалулары керек. Не жоқ екенін табулары керек.

8-басқыш. «Шифрлаушылар» деп аталады.
1. Яуоб, рептәд, шығсзы, рәуіс
2. тапік, малақ, лікеднүк, ырмам
3. зыраун, лыққуо, шігріөш, шаднықар

Мұнда сөздерді тауып, артық сөзді табулары керек. Және артық сөздер нені білдіретінін түсіндіреді.

9-басқыш. «Бес жол» деп аталады.

Мұнда оқушылар «Оқу құралдары, кітап» сөздеріне сөйлемдер құрастыру керек.

10-басқыш. «Футболшылар» деп аталады.

Тақтада қақпа суреті ілініп тұрады. Оқушылар доп суретінің артына жазылған орысша сөзді қазақшаға аударып, тақтаға жазады. Мұнда сөзді дұрыс жаза білуіне үйретеміз.

11-басқыш. «Дұрыс айт» деп аталады.

Мұнда оқушылар 4-тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс айтулары керек.

Мұғалім күнделікті алды. Мұғалім күнделікті берді. Мен күнделікті бердім. Мен күнделікті алдым.

12-басқыш. «Домино» ойыны деп аталады.

Дауысты дыбыстар, жіңішке, қатаң, үнді, жуан, қысаң, дауыссыз дыбыстар, ұяң, ашық, еріндік, езулік сөздерін дыбыстардың түрлеріне қарай тізбектеу керек.

13-басқыш. «Жіктей біл» ойыны деп аталады.

Алу, беру” сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеу.

14-басқыш. «Оқи біл» деп аталады.

Онда оқушылар 5-тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, аудармасын айту керек.

Мұғалім күнделікті сұрады.

Оқушы күнделікті берді.

Мұғалім күнделікке баға қойды.

15-басқыш. «Жұбын тап» деп аталады.

«Жұбын тап» ойынын ойнатамын. Онда оқу құралдарының қазақ-орысша аудармаларын дұрыс табулары керек.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі

6-тапсырмадағы мақалмен аяқтаймын. Сонымен,балалар, бүгін қандай сөздермен таныстыңдар? деген сұрағын қоямын.

IV. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

Оқушыларға үйге берілген тапсырманы түсіндіремін.
V. Сабақты бағалау кезеңі.
Оқушылардың білімдерін бағалаймын.



[pic]



[pic]

3 Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп






[pic]

Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым



( 08.04.2016жылы, 4 «Б» сынып, 45 кабинет)



Қазақ тілі мұғалімі: Аманиязова Айгуль Сарсенбаевна









ТАЛҒАР 2016Ж.