Сабақ жоспары тақырыбы Географиялық координаторлар жүйесі 11 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Географиялық координаталар жүйесі.

  1. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға географиялық координаталар туралы түсінік беру және географиялық координат нүктелері анықтау.

  2. Уақыты: 45 мин.

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, географиялық карта

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Өлшеуіш-циркуль, курвиметр, сызғыш және қолда бар құралдармен қашықтықты өлшеу тәсілдері туралы айтыңдар.

  • Курвиметр жұмысының дұрыстығы қандай тәсілдермен тексеріледі?

  • Картадағы сызықты өлшеудің нақты дәлдігін (қағаз деформациясын ескере отырып айтыңдар.

  • 1.50 000 масштабты карта бойынша есепті шешіңдер: карта бойынша өлшенген қашықтық –4,7 см. ол таулы – жоталы жерде неше метрге тең?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Географиялық координаттар туралы түсінік. 1:10 000 – 1:100 000 масштабындағы топографиялық карталар бетінің жақтауын ресімдеу. Картадағы географиялық координат нүктелерін анықтау. Географиялық координат бойынша картаға нүкте салу тәртібі.

Географиялық координаталар жүйесі.

Топографияда географиялық және жазық тікбұрышты координаталар кеңінен қолданылады.

Географиялық координаталар дегеніміз – жер бетіндегі кез келген нүктенің экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты орнын анықтайтын бұрыштық шамалар (бойлық пен ендік).

[pic]



Географиялық (геодезиялық) координаталар: ВМ нүктесінің ендігі; L – оның бойлығы.



[pic]



1:100 000 масштабты географиялық карта.

Топографиялық карталарда меридиандар мен параллельдердің сызықтары карта бетінің ішкі жақтаулары қызметін атқарады. Карта бетінің ішкі жақтауының бұрыштарында оның қабырғаларын құрайтын меридиандардың бойлығы мен параллельдердің ендігі жазылады.

Сыртқы және ішкі жақтаулардың арасында минуттық жақтау беріліп, ол кесінділерге бөлінген, кесінділер сәйкестігі 1минутқа тең карталар масштабы 1:10 000 – 1:100 000 карталар үшін бір минутқа сәйкес келеді. Әрбір минуттық кесінді нүктелермен алты теңдей бөлікке бөлшектенген (1бөлігі 10сек сәйкес). Топографиялық картаның ішінде меридиандар мен параллельдер жүргізілмейді. Сондықтан да ендік нүктелерін анықтау үшін, ол арқылы параллель жүргізу қажет, яғни шығыс және батыс жақтарындағы минуттық шкаласында бір атаулы бөлшектерді біріктіретін түзу, сонан соң осы шкалалардың біреуі бойынша ендікті есептейді. Бұл кезде парақ бойына параллель жүргізу қажет емес, тек ендік есептеуі жүргізілетін минут шкаласымен қиылысу нүктесін қысқа штрихтармен белгілеп шығу қажет. Бойлық нүктесі де осыған ұқсас анықталады, бұл кезде жақтаудың солтүстік және оңтүстік жақтарындағы минут шкалаларын пайдаланады.

[pic]


Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау (А нүктесі) және географиялық координата бойынша картаға нүкте енгізу (Ә нүктесі) үлгісі.Географиялық координаталар бойынша картаға нүктелер түсіру үшін кері есепті шығарады. Жақтаудың батыс және шығыс жақтарында ендік нүктелерін сызықшалармен, солтүстік және оңтүстік жақтарынбойлықпен белгілейді, алынған қарама-қарсы таңбалар арқылы түзу сызықтар жүргізіледі. Осы сызықтардың қиылысуы ізделінетін нүктенің орнын анықтайды.



в) Қорытынды бөлім8 мин.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Географиялық координат дегеніміз не?

  • Картада параллельдер мен меридиан сызықтар қайда орналасады?

  • Карта бойынша географиялық координаталар қалай анықталады?

  • Географиялық координата бойынша картаға нүкте енгізу тәртібі қандай?



Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________