Қасым Аманжолов Вне класный

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қыран қанатты ақын


Мақсаты: Оқушыларға асқақ ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақын туындылары арқылы жас жеткіншектерге адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, әдебиет әлеміне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ақын өлеңдерінде шынайы достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырады

Бір күй бар домбырамда иесі Қасым.

Қасым солай болмаса несі Қасым.

Отты жырын аңсаған адам болса

Бізбен бірге Қасымын есіне алсын, - дей келе

  Қыран қанатты, дауылпаз ақын, қазақ поэзиясы аспанда даулы күнгі жасындай жарқылдаған Рахымжанұлы Қасым Аманжоловтың туғанына105жыл толуына орай өткізілді.

Шараға 9,10,11 класс оқушылары белсене қатысты, ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды, өлеңдері мен әндері айтылды.





























Қыран қанатты ақын


Мақсаты: Оқушыларға асқақ ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақын туындылары арқылы жас жеткіншектерге адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, әдебиет әлеміне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ақын өлеңдерінде шынайы достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырады

Бір күй бар домбырамда иесі Қасым.

Қасым солай болмаса несі Қасым.

Отты жырын аңсаған адам болса

Бізбен бірге Қасымын есіне алсын, - дей келе

  Қыран қанатты, дауылпаз ақын, қазақ поэзиясы аспанда даулы күнгі жасындай жарқылдаған Рахымжанұлы Қасым Аманжоловтың туғанына105жыл толуына орай өткізілді.

Шараға 9,10,11 класс оқушылары белсене қатысты, ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды, өлеңдері мен әндері айтылды.

Қасым Аманжолов туралы алитурлиева асем


Қазақша би

1.Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығының бүгінгі күні қыран қанатты, дауылпаз ақын Рахымжанұлы Қасым Аманжоловқа арналады.

Бір күй бар домбырамда иесі Қасым.

Қасым солай болмаса несі Қасым.

Отты жырын аңсаған адам болса

Бізбен бірге Қасымын есіне алсын.

2.Қайырлы күн құрметті қонақтар.қазақ поэзиясы аспанда даулы күнгі жасындай жарқылдаған Қасым Аманжоловтың туғанына105жыл толуына орай өткізіліп отырған қыран қанатты ақын атты әдеби кешке қош келдіңіздер.

1-жүргізуші. Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы!-деп дауылпаз жырларымен күллі қазаққа танымал болған Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Содан бери мінекей 105 жыл толып отыр.


Уа, дариға – алтын бесік туған жер,

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!-дей келе Туған жер өлеңі

Туған жер Дарібаева Альбина

Ән "Туған жер "9 Ә» класс оқушылары

2-жүргізуші

Жаннаты жер мен көктің сұлу Көкше,

Ризамын бар ғұмырым Көкшеде өтсе.

Табиғат, таңғаламын тамашаңа,

Қандай күш жаратты екен сені ерекше.

"Сұлу Көкше" Ожанов Мадижан

"Жайығым" Кужбанова Назерке

"Қазақстан" Меруерт пен Гулзат

1-жүргізуші

Жігіттер, келіпсіздер Абайды іздеп;

Маған да ишаратпен «қалайсыз?» деп,

Ризамын! Ойламаған екенсіңдер

Абайдың ескі жұрты абайсыз деп --Аманжолова Айкүміс, Әбілова Маржан

2-жүргізуші Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын Сақыпжамал өлеңімен Сатыбалдин Ислам

Сақыпжамал! Бір өзінде
Екі әйелдін аты бар.
Күн боп көзің күлгеніңде,
Қабағыңнан ай туар.

Сол кез саған қарай берем
Көрмегендей мен бұрын.
Жанның сырын жатқан терең
Оқи берем жасырын.

Сақыпжамал! Атың қаңдай!
«Сәпен» дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай,
Сенен қайсы қыз артық?!

"Жас дәурен" ән Сұлтанаева Мөлдір, Қуантаева Меруерт

1-жүргізуші. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. "Дауыл" өлеңі Куракбаев Мират

"Нұрлы дүние " өлеңі Дүйсенбаева Құндыз

"Өлең" Есқазиева Нәзия

2-жүргізуші.Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. "Балдақтағы жігіт" Тлеулин Сұлтанбек

1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі.

Өзім туралы өлең Арыстанбаев Асланбек

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

Ән «Ақ сәуле» Галиакпарова Перизат

Қасым ақынға арнау өлеңдері

Диана

Мұқағали Мақатаев

Қасым солай болмаса…

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.

Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам…»

Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан-жырды.

Жеді.
Тынды…
Керемет дерттер төгіп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген – қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда…»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..

Ерсултан

Кім келіп, бұл өмірге кім кетпеген,
Ащы өлім кімнің көңілін жүдетпеген,
Ақын аға, арадан сен де кеттің,
Алысып дерт мендеген жүрекпенен.

Өмірдің өгейі емес, өз ұлы едің,
Тым ерте өмір мәнін сезіп едің,
Жаныңды жақсылыққа салып едің,
Жиреніп жамандықтан безіп едің…

1-жүргізуші. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде.

Ән "Өзім туралы" Айтолқын Мекебайқызы

2-жүргізуші. Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Ә.Тәжібаев атамыз «Жыл болды ақын жүрек тоқтағалы, Біз оны көп айтамыз жоқтап әлі» ,–деген екен. Көреген ақынның айтқаны дәл келіп біз Қасым ақынның ерекшелігін, даралығын айтып тауыса алмасымыз анық. «Сенем, саған деген махаббатым ескіріп жер астында қалмас шіріп» дегендей артында жалынды жырлары қалған Қасым ақынның аты өлмек емес.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?-деп жасын жырларымен өзіне мәңгілік ескерткіш орнатқан ақын миссиясы ғасырлардан ғасырларға жалғасатыны сөзсіз.Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді.