Қазақ тілі пәні бойынша
6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау
Мақсаты: бағдарлама бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін анықтау.
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Спорт үйірмелері» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебінде қандай спорт үйірмелері бар ?
В)Оқушылар спорт үйірмесінде не істейді?
С)Сен қандай спорт түрімен шұғылданасың?
Д)Футбол үйірмесінің жетекшісі кім?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз:
Жүгіреміз, баскетбол, ойнаймыз, үйірмесінде, секіреміз, біз.
Қазақстанда , арналған, телеарналар, көп, балаларға.
Ұлттық, Павлодар, бар, саябақ, облысында.
3. «Жер -ана» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыз.
4. «Менің сүйікті телеарнам» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5. Жер, табиғат туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.
II. Грамматикалық тапсырмалар.
1. Күрделі сөздерге мысал келтіріп жазыңыздар (10 сөз)
2.Берілген көсемшелермен сөйлем құрастырыңыздар.
шұғылданған, көрсетілген
3. Берілген сөйлем ішінен жайылма сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Оқушылар волейбол ойнады.
Мен футбол үйірмесіне барамын.
Жаттықтырушы айтты.
Марат олимпиадаға қатысты.
4. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыздар:
Айналысыппын, келген, қатысыпсыз, жүгірді, секіріп тұр, жеңген.
5. Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Спортпен шұғылдану
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1.«Теледидар көремін» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А) Жақсы көретін телеарнаң бар ма?
В) Қазақстанда қандай телеарналар бар?
С) Сенің сүйікті телебағдарламаң қандай?
Д) Қандай тележүргізушілерді білесің?
2.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар:
Танымал , Қазақстанда, Серік Сапиев, боксшы.
Шұғылданамын, волейбол, спорт, баскетбол, түрлерімен, мен.
Телеарнасында , қызықты, «Балапан» , бағдарламалар, бар.
3. «Қазақстан телеарналары» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
4. «Баянауыл» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5. Отан, туған жер туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Күрделі сөздерге мысал келтіріп жазыңыздар (10 сөз)
2.Берілген көсемшелермен сөйлем құрастырыңыздар.
қатысқан, жүгірген
3.Берілген сөйлем ішінен жалаң сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Мектепте түрлі спорт үйірмелері бар.
Балалар мультфильм көрді.
Тілші әңгімеледі.
Маған бірнеше телеарна ұнайды.
4.Күшейткіш үстеулерді тап,олармен сөз тіркестерді құрастырыңыздар:
жоғары, өте, ең, жақсы, қатты, жаңа,тез,тым.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Теледидар көру