Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр-мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана» деп айтқан.
Еліміздің болашағы–білімді де,білікті ізденімпаз жастар.Олай болса оқушы оқырмандарға құнды қазына-әдеби туындылармен және жаңа ақпаратпен қаруландыра отырып,еш уақытта маңызы жойылмайтын кітапты насихаттау.
Кітапханалық- библиографиялық ілімнің негізімен барлық мектеп жасындағы балаларды күнделікті жұмыс барысында жүйелі түрде,арнайы «кітапхана сабақтарында» таныстырыу.
«Кітап-рухани қазына» оқушы оқырмандарға арналған.Оқушыларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен,кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру.Оқушыларды кітап әлемімен танысып,кітапты дұрыс оқу мәдениетіне,пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге қызығушылығын арттыру үшін маңызы зор.
Өзектілігі багдарламаны игеу барысында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту,олардың кітап оқуға деген қызығушылығын аттыру.алған білімдерін күнелікті қолдана білу. Қазіргі заман талабына сай оқушының жан-жақты болып қалыптасып,білім алуды жалғастыруға,практикалық тұрғыда пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңашылдық дәрежесі қазіргі заманғы білімді меңгеру үшін оқушыға нәтижелі бағдарламаны тиімді оқыту.Басты бағыт оқырман оқушыға кітаптан алған білімінің өмір бойы азық болатынын түсіндіру.
Мақсаты:Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісінің дамуын,рухани байлығын, қызығушылығын арттыру.Оқушы оқырман баланың жан-жақты болуына жағдай жасау.Теорияны тәжірибемен ұштастыру.
Міндеттері: - Ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру,оқырман ретінде дамуына ықпал
ету;
- Қызығушылығын аттыру;
- Ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Кітапхана қорын кітап көрмесі арқылы насихаттау;
- Электронды оқулықтарды пайдалану және меңгеру;
- Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу;
Болжамы; Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылыммен білімнің пайдасы меңгеріп шықса,ой-өрісі кемел қабілеті мол іскер білімді тұлға даярланады.