Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 9 «А»
Мерзiмі: 04.02.2016 ж.
Тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері.
Құндылық: Сүйіспеншілік, қиянат жасамау.
Қасиеттері: достық, татулық, бірлік сезімі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;
адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат
Сабақ барысын талдау:
[pic]
5мин
Үй тапсырмасын тексеру.
«Ойланайық, пікірлесейік» әдісінен кейін, оқушылардың пікірлерін толықтыру, адам рөлін түсіндіру үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Данэль Дефоның «Робинзон Крузо» романының үзіндісімен таныстыру.Оқушыларға мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беруді ұсыну.
[pic]
5мин
Дәйексөз.
Сабақта берілеген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Рудакидің қанатты сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде танып, оқушыларға естерінде сақтауды ұсыну,дәйексөздің мағынасын ашу.
Өмір –теңіз
жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
мин
Әңгімелеу
Оқушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсеге үййреніп, біліміне білім қосады.
[pic]
10 мин
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың шығармашылықтарын қандай дәрежеде екенін байқау үшін «До
қандай болу керек?» деген тақырыпта постер қорғату.
Жағдаяттарды талдау.
Балаларды күнделікті қарым-қатынаста, әр түрлі өмірлік жағдаяттардың дұрыс шешімін таба білуге баулу мақсатында жағдаяттарды шешу тапсырылады. Жағдаяттарды шеше отырып, айналаңмен жақсы қарым-қатынасқа түсудің құпиясын ашуға болатындығын оқушыларға түсіндіру.
[pic]
10мин
Топпен ән айту.
Оқушылар шаттық шеңберін құрып,
К. Салықовтың «Бір ауыз сөз» әнін айтады.
5мин
Үй тапсырмасы.
«Татулы – достық кілті» тақырыбына шығарма жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс
[pic]
2мин
Соңғы тыныштық сәтi.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.
[pic]
3 мин