Сыныбы:7
Пәні:әдебиет
Тақырыбы: C. Мұратбеков «Жусан иісі»
Мақсаты: а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту;
ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,
салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға
дағдыландыру;
Түрі: білімді жинақтау,қорыту сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,сайыстыру т.б
Көрнекілігі: кітаптар, слайд, дидактикалық материалдар т.б
Барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, топтастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Кубизм стратегиясы (2 топқа 2кубик беріледі. Сол кубиктерді лақтыру арқылы өтілген тақырыпты қайталайды)
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Жусан иісі» повесінен үзінді оқып,алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр.
Ойын ІV кезеңнен тұрады.
I . Бәйге.
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
1-топқа
1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян,Есікбай,Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.)
2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)
3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)
4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)
5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)
2-топқа
1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)
2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай шалдың үйіне)
3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)
4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп,өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)
5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).
II. Көкпар.
Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса сонша ұпай жинайды.
III. Тіл өнер.
Әңгімеден бір сөйлем алынады,ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша,ағылшынша аудармасын айтады.Толық жауап берсе 30 ұпай.
Әуелде біз-балалар оның ..... айтпайтынын білгеніміз жоқ. (ертегі,сказка, tale)
Менің көкем де,атам да жоқ,сондықтан төбелессем .... ұрсады ғой. (әже,бабушка, Gran)
Шіркін,ағама .... жазар едім. (хат,письмо, letter)
Ал, жүріңдер мен кешегіден де ... ертегі айтамын. (қызық,интересный, curious)
Ағамның .... сіңіп қапты. (иісі,запах, odor,)
Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ .... жамылып жатыр екен. (көрпе,одеяло, blanket,)
Аян арық ..... отқа тығып жіберіп,шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын. (қол,рука, hand,)
ІV . Шешендік сөз.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.
Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.
Аян тағдыры сені ойландыра ма?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау, белсене қатысқын оқушылырды бағалау.
Үйге тапсырма:
Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар .