Планирование по казахскому языку в русских классах. Сочинение по теме Біздің мұғалім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі 5 «Б» сыныбы 30. 04.2016

Сабақтың тақырыбы:  Шығарма «Біздің мұғалім»

Сабақтың мақсаты: 

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, септеуді дұрыс қолдануға, сауатты жауап жазуға  және  сөйлеуге  үйрету; жаңа сөздермен сөйлемдер мен сөз тіркестерін құруға үйрету.

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын   қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді   құрметтеуге, ұстазды сыйлауға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

СМАРТ мақсаттар: жалғаулық шылауларды ескере отырып, сыни тұрғысынан ойлау арқылы, оқушылар жылдам тиісті көптік, септік жалғауларды дұрыс қолдана алады, тақырып бойынша, сұрақтарға сүйене отырып, шығарма жаза алады.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өткен тақырып бойынша антонимдерді қолдана отырып, саяжай туралы өз ойларын еркін жеткізе алады, шағын сөйлемдер арқылы өз ойларын жазбаша жеткізе алады.

Модульдер: Жас ерекшелігін ескере оқыту, СТО, диалогтік оқыту

Сабақтың  түрі: бақылау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік   тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Қайталау. Шылау, жалғаулықтар дегеніміз не?

Үй жұмысы: №5-6. Мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

Мұғалім – учитель білімді – образованный

үйретеді – учит көңіл бөледі – обращает внимание

мейірімді – добрый түсіндіреді – объясняет

ұнайды – нравится мінез - характер

2. Шығармаға дайындық. Сұрақтарға жауап беру.

  • Сен қандай мектепте оқисың? Сенің мектебің қайда орналасқан?

  • Мектептің директоры кім? Сенің сынып жетекшің кім?

  • Сендер қандай пәндерді оқисыңдар?

  • Сендерге қандай мұғалімдер сабақ жүргізеді?

  • Қазақ тілін кім береді?

  • Ол қандай мұғалім?

  • Ол сабақты қалай жүргізеді?

  • Қай сабақ саған ұнайды? Неге?

Шығарма жазу.

ІV. Бекіту бөлімі.

Оқушылардың жұмыстарын жинап аламын, тексеремін және бағалаймын.

V. Үйге тапсырма.  №5-6. Мақал-мәтелдерді жаттау.

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша  бағалау.