Менің киімдерім (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Киімдер жайында білімдерін кеңейту, сын есім туралы түсінік беріп, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету. 2. Дамытушылық. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды әдемі, таза киіну әрекеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізу. Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: сурет, сызба, кесте, слайдтар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сыныптағы оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Қайталау – білім анасы» деп аталады бұл кезең. Кезең бірнеше басқыштардан тұрады.

1-басқыш «Жаңғырту» деп аталады. Онда сіздер мынадай сұрақтарға жауап бересіздер:

1. Біз қандай модульді аяқтадық?

2. Қандай тақырыптармен таныстық?

2-басқыш «Мюнстербенг» әдісі бойынша жұмыс. Бұл әдіс бойынша әріпті мәтін ішінде сөз бар. Жылдам оқи отырып, сол сөзді табу. Әр сөзге қысқаша анықтама беру.

Рпыфвукөмекшіетістіктерчхңғүжзфывфцугекзщйу

пркегнрзенооонікідікітікіжұрнақтарыапыцукеннш

Көмекші етістіктер имеют форму настоящего времени ІІІ лица и повелительную форму ІІ лица единственного числа.

Суффиксы-нікі, - дікі, - тікі показывают принадлежность. Слова с этими суффиксами отвечают на вопрос кімдікі? (чей?чья?чьё?). Например:Кітпа менікі. – Книга моя. Мектеп біздікі. – Школа наша.

3-басқыш «Таңдау» стратегиясы қолданылады. Алма ағашында өсіп тұрған алмаларда жасырынған сұрақтар бар. «Таңдау» арқылы «Ой қозғауды» жүзеге асыру мақсаты көзделеді.

  1. Отыр, жүр, жатыр, тұр көмекші етістіктеріне мысал келтір.

  2. Жылайды, естиді, күледі сөздерін І,ІІ жақта, жекеше түрде жікте.

  3. Адам не істейді?

  4. Қоян не істеді?

  5. Таңертең не істеу керек?

  6. Нікі, - тікі, - дікі жұрнақтарына мысал келтір.

  7. Мұраттың тісі не үшін ауырды?

  8. Тісіміз ауырмау үшін не істеуіміз керек?

3-басқыш «Дәрігерлік бөлме» оқушылар еңбегі бейне көрініс.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Білген сайын келеді біле бергім...».

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле».

Бүгінгі біздің мақсатымыз: 1) «Ой қозғау» стратегиясы; 2) «Сауат ашу стратегиясы.

І. Қызығушылықты ояту:

  1. Менің киімдерім туралы түсінік.

  2. Сын есім туралы түсінік.

  3. Сын есімнің сұрақтары.

Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Қандай? – какой, какая?, какое?

Қалта– карман
Киіміңді таза ұста!- Одежду содержи в чистоте!

а) «Ой қозғау». Қазір қандай мезгіл?, «Қыс» мезгілінде қандай киім киюіміз керек? деген сұрақтарды қоямын.

Суретпен жұмыс. «Киімдер» тақырыбына 1 –тапсырмада берілген суреттер бойынша жеке жұмыс ұйымдастыру. Сурет бойынша өз киімдері жайлы қазақша атауын айтамын, және оқушылар қайталап айтады.


[pic]


1.1. «Сауат ашу» стратегиясы.

Сын есім дегеніміз – заттың сынын, сапасын, дәмін, көлемін білдеретін сөз табын айтамыз. Сын есім қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: қызық кітап, тәтті нан, үлкен үй, күшті бала.

Ережені мысалдармен түсіндіру.

2-тапсырмада берілген сөйлемдер бойынша І және ІІ жақта жұптық жұмыс жасау.

  • Мынау – менің пальтом. [pic] Мынау – сенің пальтоң.


  • Мынау– менің көйлегім. [pic] Мынау – сенің көйлегің.

  • Мынау – менің тоным. [pic] Мынау – сіздің тоныңыз.

  • Мынау – менің етігім. [pic] Мынау – оның етігі.

3-тапсырмада сөз тіркестерін оқытып, сөздерді аудартып, сөйлемдер құрату.

1. Ақ пальто 2. Қызыл көйлек. 3. Қара етік. 4. Қоңыр туфли

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

ІІ. «Түртіп алу» стратегиясы»

Оқушылар киімдерге байланысты сөйлемдерді құрастырып, дәптерлеріне жазып алады.

4-тапсырмадағы сөйлемдерді оқытамын, оны аудартамын.

1. Қалта.

2. Менің қалтам.

3. Менің қалтам бар.

4. Менің екі қалтам бар.

Мен олардың әрқайсысына киімнің суреті бейнеленген үлестірме қағазды таратып беремін. Олар сол суреттегі киімнің атауын тауып, түсін ажыратып, сөйлемдер құрастыруы керек.

Сергіту сәті 2 мин.

Ж.Жанаевтың «Кел, балалар, ойнайық!» өлеңі

Кел, балалар, келіңдер!

Қолдарыңды беріңдер,

«Мысық-тышқан» ойнайық,

Мысық пенен тышқандай,

Бірақ араз болып қалмайық,

Кел, балалар, ойнайық!

ІІІ. «Мәнерлеп оқу» әдісін қолдану.

5-тапсырмадағы жұмбақ-өлеңді тыңда, оны шеш.

Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта

Және екі тыс қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте,

Кәне, ал,

Менің неше қалтам бар?

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

Бүгінгі біздің қонағымыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз сіздерге өзінің «Ойлан, ізден, тап» атты сыйлық-тапсырмасын ала келіпті. Сол тапсырманы зеректік танытып, шешсеңдер Абай атамыздың қазіргі мезгілге байланысты өлеңінің бір шумағын оқи аласыңдар.

6-басқыш «Топтастыру» стратегиясы қолданылады. Балалар, қане біз киімдерімізді қалай ұстауымыз керек? Әрине, киімдерімізді таза, ұқыпты ұстауымыз керек. Олай болса біз мына шашылған киімдерімізді шифоньердегі өз орындарына жинап, іліп қоюымыз керек. Мен оларға киімдердің атаулары ғана жазылған сөздерді ғана таратамын. Олар сол сөздерге қарап киімдерді араласқан суреттердің арасынан іздеп тауып, өз орындарына қоюлары керек. Мысалы: қара етік, ақ пальто, қызыл жейде, қызыл құлақшын, қоңыр тон, көк көйлек.


V. Үйге тапсырма беру кезеңі.

5-тапсырмадағы жұмбақ-өлеңді жаттау, жаңа сөздерді жаттау.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

Сөздер сөйлейді.

М - мейрімді

Е - есті

Н - нағыз адал

І - ізденімпаз

Ң - жаның таза

К - кең

И - инабатты

І - ізетті

М - адамгершілігі мол

Д - денсаулығы зор

Е – егеменді елдің

Р – рахымды азаматы болып өсіңдер!