САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫ
Суттибаева Гульжахан Ибрагимовна
№ 24 ЖОББМ, Жезқазған қаласы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар туралы түсінік қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын
арттыра отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,
Отанын сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері, сызбалар, карта, хронологиялық кесте, интерактивті тақта /слайд-шоу/
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, интерактив әдісі, мәнерлеп оқу, суретпен жұмыс, өткен тақырыппен байланыстыру, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, маркерлер, желім, қайшы, теңгенің суреттері
Пәнаралық байланыс: музыка, информатика, тарих, география, сурет.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Бүгін нешесе?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қай сабақ?
-Қазақ тілі нешінші сабақ?
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын ата?
-Қыс мерекелерін ата?( Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл)
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Бүгін ауа-райы жақсы, себебі күн жылы.
Ә) Шаттық шеңбері: - Орнымыздан тұрамыз, шаттық шеңберін құрамыз.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!
- Түрлі-түсті қағаздармен топқа бөлу. Топтың ережесін қайталау.
1. Тыңдай білейік.
2. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік.
3. Басқалардың пікірлерін сыйлайық.
4. Бірлесе жұмыс істеуге ұмтылайық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Стратегия: «Ыстық орындық»
-Сыйлықтар қандай болады? (Сыйлықтар әртүрлі болады: гүл, кітап,ойыншық т.б)
-Досыңа туған күніне қандай сыйлық сыйлайсың?(Мен досыма ...... сыйлаймын)
-Туған күн иесіне не сыйлайды?(Туған күн иесіне сыйлық сыйлайды)
-Сенің туған күнің қашан?(Менің туған күнім .........)
-Биыл туған күніңді қайда өткіздің?(Мен туған күнімді дәмханада өткіздім)
-Сенің туған күніңе кімдер келді?( Менің туған күніме туыстарым, достарым келді)
-Қонақтар жақсы тілектер арқылы адамға не сыйлайды?(Жақсы көңіл-күй сыйлайды)
Топтар бір-бірін бағалайды: «Бағдаршам».
- Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады? /Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады/.
Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:
І топ: 1-2 оқушы мақсатын айтады;
ІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады;
ІІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады
ІІІ. Жаңа тақырып: Астана қаласы.
IV. Мәтінмен жұмыс (85-бет, 4-тапсырма), флипчарт, маркерлер таратылады.
Астана қаласы.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы,
көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
І топ: мәтінді мәнерлеп оқиды, аударады
ІІ топ: мәтінге сұрақтар құрастырады
ІІІ топ: мәтін бойынша кесте толтыру
Топтар бір-бірін бағалайды: /смайликтер/
V.Сөздікпен жұмыс:
1. Сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Сөз тіркестерін құру.
4. Сөйлем құру.
5. Кейінгі ықпалға мысал бола алатын сөздерді оқу. (орталық, болашақ)
- Балалар енді тақтаға назар аударыңыздар. Мәтіндегі жаңа сөздермен танысайық. Қазір менімен бірге қазақша қайталаңдар.
тұрғын – житель
орталық – центр
ғимарат – здание
бой көтерді – выстроились
қасиетті – священный
танымастай-неузнаваемо
ұлт өкілдері- представители наций
болашақ-будущее
Өзі-өздерін бағалау:/жапондық бағалау/
Сергіту сәті. «Поэзия минуты». «Астана» туралы өлеңдер оқыту.
VІ.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей
«Астана және мен» ойтолғау жазу
2-деңгей
«Астана» мәтіні бойынша сұхбат құрастырыңдар
3-деңгей
«Сөз құрастыр, тез құрастыр» берілген сөздерді тіркестіріңдер
Топтар бір-бірін бағалайды /бес бармақ/.
VІІ. Жеке оқушымен жұмыс: Астанаға саяхат: «Астана айшықтары»
- Енді балалар, сендермен бірге, Астанаға саяхат жасаймыз. Нияраның алдын-ала дайындап келген «Астана айшықтары» атты презентациясына назар аударып, Еліміздің бас қаласы, астанасы, жастардың, болашақтың қаласы Астанаға саяхатымызды бастайық. Назарымызды тақтаға аударайық. Ден қойып тындайық.
VІІІ. Рефлексия: «Кім шапшаң?».
1. Отанымыз қалай аталады?
2. ҚР-ның Президенті кім?
3. 1 желтоқсан қандай мереке?
4. Астана неліктен жаңа астана аталады?
5. Астана ҚР нешінші астанасы?
6. Қандай өзеннің бойында орналасқан. (Картадан көрсету)
7. Астана символы.
8. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған?
9. Астана қаласы кандай далада орналасқан?
ІХ. Үй жұмысы: шағын шығарма: «Астана қаласы».
Х. Бағалау: стикерлермен бағалау.