Сабақтың тақырыбы: «Сипаттау мәтіні»
Жалпы мақсаттар Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту. Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту.
Оқыту нәтижесі 1. «Мәтін» деген не екенін біледі;
2. Мәтіннің түрлерін анықтай алады;
3.Мәтін неше бөліктен тұратынын біледі;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді.
Тапсырмалар 1. «Ой қозғау» Бұл не? ойыны.
2. Оқулықпен жұмыс. «Өзім үшін жазу» 12-жаттығу.
3. «Ойлан, жұптас, талқыла» Топттық жұмыс. 13-жаттығу.
4. «Терең ойлан» 16-жаттығу.
5. Рефлексия. «Ойлан, тап»
1- топ: Затты не құбылысты сипаттайтын сөздерді - қызыл қорапқа, ал сипаттамайтын сөздері – жасыл қорапқа салыңыз.
2-топ: Тест. Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, белгілеңіз.
3-топ: Семантикалық карта толтыру.
Кейінгі тапсырма-лар Өзгерістерді бағалау
Басқа әріптестермен ақылдасу
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау
Жүргізілетін жұмысым
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
Пазл құрастыру арқылы топқа бөлу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Тренинг «Мен бақыттымын»
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері.
1. Үй тапасырмасын дұрыс орындау;
2. Ережелерді жатқа білу;
3. Мәтін түрлерін білу;
4. Мәтін неше бөліктен тұратынын білу;
5. Сабаққа белсенді қатысу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
Берілген жоспар бойынша құраған әңгімелеу мәтінін оқыту, талдау.
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.
Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» Бұл не? ойыны.
Әр топ үнтаспадан түрлі дауыстарды естіп, ненің дауысы екенін тауып, сипаттайды.
1-топ: Жолбарысты сипаттайды.
2-топ: Аққуды сипаттайды.
3-топ: Маймылды сипаттайды.
Бейнесюжет көрсетіледі.
Imektep.kz сайтынан «Сипаттау мәтіні»
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.
Жаңа мағынаны таныту.
Оқулықпен жұмыс. Ұжымдық жұмыс.
«Өзім үшін жазу» 12-жаттығу.
Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
Мәтіннің алғашқы бөлігін көшіріп жаз.
Сергіту сәті
«Ойлан, жұптас, талқыла»
13-жаттығу.
1-топ: Кітап
2-топ: Қаламсап
3-топ: Өшіргіш
Әр топқа осы құралдар таратылып, сипатталады.
Ынталандыру мақсатында жүрек жылулары таратылады.
Топтық жұмыс: «Терең ойлан»
16-жаттығу.
Суреттерге қарап, оларды өзара салыстырып сипатта.
Постерлері қорғалып болған соң, әр топ бір-бірін бағалайды.
Оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар!
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.
Рефлексия «Ойлан, тап»
1- топ: Затты не құбылысты сипаттайтын сөздерді қызыл қорапқа, ал сипаттамайтын сөздері жасыл қорапқа салыңыз.
2-топ: Тест. Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, белгілеңіз.
3-топ: Семантикалық карта толтыру.
Бағалау
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
Топ жетекшілері бағалау парақшасындағы ұпайларды айтып, сабақтың критетийлеріне сай оқушыға жиынтық баға қойылады.
Үйге тапсырма. 15жаттығу. Ережелерді қайталау. Құралдарын түгендеу.
Оқушылар пазл бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.
Әр топтың жетекшісі өз тобы оқушылары туралы мәлімет береді.
Оқушылар жауап береді. Жүргізуші оқушылардың жауап беруін қадағалайды.
Топ мүшелері берілген тапсырманы бірлесе отырып, орындайды.